- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №4
1.Әрекет потенциалы.
Әрекет потенциалы – жүйке не бұлшық еттің клеткалары белсенді болған кездегі мембраналық потенциалдың оң бағыттағы жедел ауытқуы. Әрекет потенциалы – мембрананың иондық өткзгіштігінің өзгеруімен шартталған және жүйке не бұлшық талшығының бойымен қозу толқынның таралуымен байланысты электір импульсы. Әрекет потенциалы 0,5-0,8 мс созылатын потенциал шыңы және іздік потенциалдан түрады. Әрекет потенцишіының шыңы қозу үрдісі кезінде туындайды да, ол өрлеу және төмендеу сатыларынан қүралады. Шыңның өрлеу сатысында алдымен мембрананың бастапқы үйегі (орісі) жойылады, сондықтан оны үйексіздену деп атайды. Осыдан кейін потенциал белгісі өзгереді - реверсия байқалады. Шыңның төмендеу сатысында мембрана заряды тыныштық кездегі деңгейге оралады, оны кері үйектену деп атайды. Кері үйектену жағдайында іздік үйексіздену жөне іздік гиперүйектену қүбылыстары байкалады
Әрекет потенциалы туындау механизімі
Мембраналық теорияға сойкес әрекет потенциалы ұлпаның қозған және қозбаған учаскелері арасыңда потенциалдар айырмасының пайда болуына байланыспы туындайды. Ұлпаның қозған жерінде теріс заряд қалыптасып, қозбаған жерінде оң заряд сақталады. Әрекет потенциалы мембрана арқылы иондар легінің өту жылдамдығының өзгеруімен байланысты туындайды. Алдымен тітіркендіргіш әсерімен жасуша мембранасында үйексіздену үрдісі жүреді. Үйексіздену белгілі шекке жеткенде натрий арналары ашылып, мембрананың натрий иондарына өтімділігі тыныштык, күймен салыстырғанда 500 есе артады. Осының нәтижесінде оң зарядты натрий иондарының басым бөлігі жасуша ішіне өтеді де, жасуша аралық сұйықта қалған аниондар (негізінен хлор иондары) мембрана беткейін теріс зарядтайды. Аз ғана уақытган кейін (0,5-1,5 мс) бұл арналар жабылып, натрий иондарының жасушаға өту қарқыны төмендейді. Осыдан кейін мембрананың калий иондарына деген өтімділігі 10-15 есе артады. Бұл иондар жасушадан жылдам шығады да, жасуша мембранасының бастапқы өрісі қалпына келтіріледі, басқаша айтқанда мембрана сырт жағынан оң, іш жағынан теріс зарядқа ие болады. Натрий арнасы тез ашылатын және баяу жабылатын болып екіге бөлінеді. Натрий иондарының өтімділігінің өсуі тез ашылатын (жандандырушы) арналар қақпаларының ашылуымен байланысты, ал оның төмендеуі - баяу жабылатын қақпалардың жабылуымен байланысты. Калий арналарында тек жандандырушы қақпақшалар ғана болады. Тыныштық жағдайында бұл қақпақшалардың тек бір бөлігі ғана ашық болады. Әрекет потенциалының өрлеу сатысында ашық қақпақшалар саны өседі де, мембрананың калий иондары үшін өтімділігі артады. Тыныштық потенциалы қалпына келгеннен соң калий арналары қақпаларының бір бөлігі жабылып, мембрананың калий иондарына деген өтімділігі бастапқы деңгейіне оралады. Сонымен, әрекет потенциалы жасуша мембранасы арқылы иондар легінің өтуімен байланысты қалыптасады. Натрий иондарының жасуша ішіне өтуі мембрананы кері зарядтап, жасушадан калийдің шығуы бастапқы тыныштык, потенциалын қалпына келтіреді. Біріңғай салалы ет талшықтарында әрекет потенциалын тудыруда натрий және калий иондарымен бірге кальций иондары да қатысады.
Деполяризация және реполяризация.
Деполяризация потенциалының табалдырық мәнінің болуы. Егер деполяризация потенциалы табалдырық мәнінен үлкен болса, онда әрекет потенциал п.б. Егер деполяризация потенциалының амплитудасы қозу табалдырығынан кіші болса, онда әрекет потенциалы болмайды. ӘП бірнеше фазадан тұрады: потенциал оң бағытқа қарай тез артады. Арту барысында жасушалық мембрана өзінің қалыпты зарядтын (поляризациясын) жоғалтады - деполяризация фазасы. Деполяризация қисығы нолдік сызықтан өтіп, мембраналық потенциал оң болады. Осы оң фазаны ӘП –ң инверсиясы д.а. Әрекет потенциалының максимал мәні 30-40 мВ – ге жетеді. Әрекет потенциалдың төмендеп, бастапқы қалпына келуін реполяризация кезеңі деп атайды
Нейрондағы әрекет потенциалының уақыттық жүрісі әрекет потенциалының тізбектік фазалары. (Физиология человека. Ред. Р. Шмидта и Г. Тевса, 1996)
Бұл фазада мембрана өз қалыпты зарядың (поляризациясын) жоғалтады, сондықтан оны деполяризация стадиясы деп атайды. Деполяризация нөльдік сызықтан өтеді де оң белгілі болады. Потенциалдың оң фазасы овершут деп аталады. Шыңнан кейінгі келетін фаза реполяризация деп аталады. Бұл фазада мембрананың потенциалы қалпына келеді.
Реполяризацияның соңғы учаскесі кейбір потенциалдар үшін баяу жүреді. Әрекет потенциалы басталғаннан кейін 1 мс. кейін реполяризация қисық сызығының бүктелуі байқалады, сонынан келетін өзгерістер деполяризациялық іздік потенциалы деп аталады. Басқа ұлпаларда, мысалы, нейрондарда деполяризацияның қисық сызығы тыным потенциалдың деңгейінен әр қарай жедел өтіп кетеді де потенциалдың теріс шамасы бастапқы тыным потенциалмен салыстырғанда жоғарылау болып қалады
2. Артқы ми - Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы нервтердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.
Артқы мидың қызметтеріне (өткізгіштік, рефлекторлық) сипаттама. Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан жєне екі түрлі қызмет өткізгіштік жєне рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.
3. Тамақтың ауыз қуысында өзгерісі-Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату — ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады. Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады. Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін
Сілекейдің құрамы, қасиеті, маңызы- сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі реакция болғаңдықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы м у ц и н н і ң маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді. Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ олардың өндіретін сілекейінің мөлшері алғашқы айларда өте аз болады. Жаңа туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің құрамында Бұл ферменттер бар. Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар ауыз қуысының, тілдің құрғап қалмауын қамтамасыз етеді. 4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар үлкен өзгеріске үшырайды. Соңғы кезде сілекейдің құрамында қанды үйытатын және қанның үюына кедергі жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті жиі болып тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның ағуын тоқтату, жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды.
Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.
Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.
Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.
