Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.7 Кб
Скачать

Билет №19

1. Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар ондағы нейрондарда туатын токтар меи син

пстық потенциалдар жиынтыгы. Бұл құбы-лыстарды адамның бас терісінен жазып алуға болады (электроэн-цефалография). Ми қыртысындағы электрлік потенциалдар электр-лік тербетіліс ретінде тыныштық жағдайда, яғни сырттан ешбір әсерсіз де тіркеледі. Бүлардың жиілігі мен амплитудасы әртүрлі.

Қазіргі кезде электроэнцефалограммадағы электрлік тербеліс-тер жиілігі мен амплитудасына және функциялық маңызына бай-ланысты 4 типке бөлінеді.

1. Альфа — ырғақ — синусоидтар тәрізді ырғақты тербетіліс, жиілігі секундіне 8 рет, амплитудасы 50 мкв. Бүл ырғақ көзін жұ-мып қимылсыз психикалық тыныштық жағдайда отырган адамда, әсіресе мидың шүйде немесе төбе бөлімінде тіркеледі.

2. Бета — ырғақтың жиілігі секундіне 13 реттен асады, ампли-тудасы 20 — 25 мкв, сәуле әсер еткенде мидыц шүйде бөлімінде аль-фа — ырғақты алмастырады және ой жұмысында, эмоция кезінде, тітіркендіруді бергенде пайда болады.

3. Тета — ырғақтың жиілігі секундіне 4 — 8 рет, амплитудасы 100 — 150 мкв, көбінесе ұйықтаганда, гипокспя немесе жеңіл наркоз кезінде кездеседі.

4. Дельта — ырғақ — ең сирек, секундіне жиілігі 0,5 — 3,5 рет, амплитудасы жоғары 200-300 мкв. Терең ұйқыда, наркозда, гипок-сия және мидың патологиясы кезінде тіркеледі.

Қөптеген зерттеушілердің ойынша ЭЭГ — мидагы ырғақты қоз-дыратын не тежейтін постсинапстық потенциалдардың алгебралық жиынтығы. Электроэнцефалографияның ми қыртысының әр белім-дерінің функциялық жағдайын, ми патологиясыныц орнын анықтау-да мацызы зор. СОҢРЫ кезде жануарлардың ми қыртысы құрылым-дарыныц қызметін анықтауда жеке нейрондардыц потенциалдарын тіркеу әдісі қолданылады.

2. Жүректің өз қызметін әр түрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өзгерііп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қазіргі кезде жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.

Гидродинамикалық аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм "гидродинамикалық кері байланыс" арқылы жүректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, өр түрлі ырғақта жұмыс істеп түрған "оқшауланған" екі жүректі тізбектеп, бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің ара-сында "гидродинамикалық кері байланыстың" қалыптасуы себепші болады. Демек, жүрек жұмысының ырғағы мен жүрек етінің жиырылу күші жүрек қуыстарындағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.

Гетерометриялық аутореттеу механизмі. Бұл механизм жүрек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Жүрек еті неғүрлым көбірек созылса, соғүрлым ол күштірек жиырылады. Осы механизм "Стар-линг Заңын" түсіндіруге негіз болады.

Гомеометриялық аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы үзын-дығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өзгермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясьша байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүрек еті талшықтарындағы кальций иондарынын концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары кері шығып үлгермейді де, оның жасушалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дәл осы феномен "Боудич баспалдағының" негізінде жатады. Осыдан жүрек жұмысы жүрекке оралған қанның құрамына байланысты да өзгеріп отырады.

3. Ес дегеніміз мидың тіршілік әрекеті үстінде жинақталған тәжірибені сақтап, жаңғыртуды, пайдалануды қамтамасыз ететін қасиеті. Ес арқылы организмнің өмір тәжірибесі байыйды және ол пайдаға асырылады. Ес сыртқы дүние құбылыстары мен заттары бейнесінің мида сақталып, қайтадан жаңғыртылып, ұмытылып, ошіп отыруымен сипатгалатын психикалық процесс.

Естің үш түрі болады: қысқа мерзімдік, аралық және ұзақ мерзімдік. Жүйке жүйесі қабылдаған ақпарат аддымен қысқа мерзімдік ес түрінде бекітіледі. Одан әрі ол тез жойылады (ұмытылады) немесе аралық ес турінде калдырылады. Аралық ес ақпаратты бірнеше минут немесе сағат сақтауға мүмкіндік береді. Егер оқиға маңызды болса және белгілі эмоция тудырса, онда ол көп уақытқа қалу үшін ұзақ мерзімдік еске айналып, кейде өмір бойы сақталады.

Әсерді қысқа мерзімге сақтап қалу үшін тиісті нейрондарға импульстердің бір легінің келуі жеткілікті. Мәліметті аралық есте сақтап қалу үшін қозудың біраз уақыт нейроңдар тізбегінде айналуы, жаңғырығуы (реверберация) қажет. Ал ұзак мерзімдік ес орталық нейрондарда туындайтын құрылымдық және функционалдық өзгерістермен - нейронаралық синапстық байланыстың күшеюімен, синапстық беткейдің көбеюімен, ПСП деңгейінің өсуімен, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының жоғарлауымен, байланысты.

Естің физиологиялық механизмі туралы көптеген болжамдар мен теориялар бар. Мида пайда болатын уақытша баайланыс естің негізінде жататын физиологиялық процестің бірі болып табылады. Морфологиялық мағлұматтарға қарағанда мида нейрондардың тұйықталған тізбегі - тұзақ , болады. Онда импульстер ұзақ уақыт айналып, жаңғырығып жүре алады. Осыдан қысқа мерзімдік естің жаңғырыгу (ревербация) теориясы ұсынылған. Бұл теорияға сәйкес бір нейрон қозса, ол келесі нейронды қоздырып, тізбектелген процесс басталады да, импульс бүйір тармақтар, немесе аралық нейрондар, арқылы алғашкы торшаға қайта оралады. Осы процесс жалғаса береді де, қозу процесі тұзақты бойлай ұзақ уақыт айналып жүреді. Қозу ревербациясын тудыратын мұнда й әсерлер көп қайталанса, әр айналым сайын есте қалған із нығая түседі.

Электрондық теорияга сәйкес импульстер синапстар арқылы өткен кезде электрондық потенциал пайда болып, белгілі бір синапстар арқылы импульстердің өтуі ұзақ мерзімге жеңілдетіледі.

Ұзақ мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін де бірнеше теория ұсынылған. Анатомиялық теорияға сәйкес ақпаратты кабылдап, сақтау процесі нейрондар өсінділерінде жаңа терминалдар пайда болу арқылы, олардың пішіндері мен көлемінің өзгеруі, дендриттер тікенектерінің өсуі, көбеюі нәтижесінде жаңа байланыстардың қалыптасуы негізінде атқарылады. Глиялық теория ұзақ мерзімдік есті нейрондарды қоршай орналасқан глиялық торшалардағы өзгерістермен байланыстырады. Глия торшаларында тузілетін ерекше заттар синапстардан қозудың өтуін жеңілдетеді, нейрондардың қозғыштығын жоғарылатады, олардың дендриттерінің тарамдануын және дендриттер бойындағы тікенектердің ұзаруын қамтамасыз етеді. Аталған болжамдармен қатар ақпарат ізін сақтау және жаңарту үшін арнаулы белоктар қажет деген де болжам бар.