- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №17
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиардтай нерв клеткалары бар, яғни жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сы-ңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайларды орталық немесе Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артында төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігің маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бүл атал-ған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қап-талған нерв клеткаларының аксондарынан түрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрон-дардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:
1. Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан үсақ нейрондардан қүрылған;
2. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты нейрондардан түрады;
3. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар;
4. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар;
5. Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы;
6. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардай тұрады;
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларының кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді
Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Лимбиялық жүйе деп үлкен ми сыңарларының медиобазальдық бөлігінде орналасқан жүйкелік құрылымдар мен олардың байланыстарын айтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Лимбиялық жүйенің орталық звеноларына миндаль тәрізді кешен, гиппокамп, белдеуше ирек жатады.
Лимбиалық жүйе құрамына кіретін құрылымдар ағза әрекетінің аса күрделі формаларын (қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр сақтау үрдістерін, ұйқыны және ояу күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді тағы да басқа) реттеуге қатысады да, тұтас соматовегатативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. К.Прибрам мен Л. Крюгер (1954) үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады 1. Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр, миндалинаның қыртыс — медиальды ядролары); 2. Метаболизм үрдістері мен эмоциялық реакцияларды қамтамасыз ететіндер (қалқа, миндалинаның базолатеральдық ядролары, маңдай — самай қыртысы, базальдық қыртыс); 3. Эмоциялық реакцияларға қатысатындар (гиппокамп, энторинальдық қыртыс, белдеуше ирек).
2. Жүректің жұмысы- Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босаңсуынан тұрады. Жүре біз жұмыс істейміз бе, демаламызба, ұйықтаймызба оған қарамастан өмір бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бұл біздің санамыздан тыс автоматты түрде жүреді. Жүрек автоматизмі дегеніміз- жүректің өзінде пайда болатын импульс (серпін) әсерінен жиырылу қабілеті. Импульс екі жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі де олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады. Ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша жиырылады.
Сонымен қатар жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие. Осы сигнальды жазып алу арқылы жүрек жұмысының ырғағын тіркейді. Жүрек бұлшық етінің жұмысы мен жағдайын, жүректің бүкіл әрекетін көрсететін алынған қисық сызық электрокардиограмма деп аталады.
Жүрек циклі. Жүрек жұмысының үш кезеңін ажыратады: бірінші-жүрекшелердің жиырылуы, екінші- қарыншалардың жиырылуы және үшінші үзіліс, жүрекшелер мен қарыншалардың босаңсуы.
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық жәнеминуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз — әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды. Жүректіц негізгі қызмсті кан тамырлар жүйесіне қан айдау. Систола кезінде әр қарыншадан шыққан кан мөлшері жүректің систолалық қан көлемі (СҚК) деп аталады. Ол ересек адамда 70—80 мл. СҚК-ін жүрек соғуының минуттік санына көбейту арқылы жүректің минуттік кан көлемін (МҚК) ессптеп шығару қиын емес. Жүрек минутіне 75 рет соқты делік, ал систолалық кан көлемі 70 мл болса, жүректің минуттік көле-мі: МҚҚ 75x70 = 5250 мл, яғни 5,25 л болғаны.
Сонымен бір минут арасында оң жүректен шықкан қанның көлемі жүреқтің минуттік қан көлемі (МҚК) деп аталады* Клиникада жүректіц МҚК газ әдісімен анықталады. Бүл әдіс 1870 жылы үсынылған. Қейде ғалымның атымен Фик әдісі деп те аталады. Жүректің МКК-ін анықтау үшін артериялық және веналық қандағы оттегінің проценттік мөлшерін анықтайды да, олардағы оттегі айырмасын есептеп шырарады. Мәселен, артерия қанында 18%, ал вена қанында 12% оттегі бар делік. Бұлардың айырмасы 18—12 = 6%. Бүдан кейін адамды таза оттегімен дем алдырады да, бір минут ішінде жүтылған оттегінің мөлшерін біледі. Адам минутіна 300 мл оттегін жүтты, ал оттегінің артерия мен вена қанындагы айырмашылыгы 6 мл. Енді 300 мл-ді 100-ге көбейтіп, 6-га бөлу керек. Себебі өкпе арқылы минутіне 100 мл қан өтсе, бұл 6 мл оттегі өкпеден қанра сіңді деген сөз. Ал, 300 мл СЬ қан-га сіңсе, онда өкпе арқылы минутіне қанша қан өтпек?
МІ\К= (ЗООХІОО):6 = 5000 мл
Жүректің оң қарыншасынан минутіне қанша кан шықса, өкпеден де сонша кан өтеді, ягни МҚҚ — 5 л тең.
Фик әдісін қолдану үшіп вена қаны жүректің оң жүрекшесінен зонд арқылы алуға тура келеді. Сопдықтан бұл әдіс қиын, әрдайым қолданыла бермейді.
Жүректің мипуттық қан көлемін табу үшін интегральдық реография, канга таңбаланган атом мен бояу енгізу әдістері қолда-нылады.
Интегральдық реография эдісі бойынша адамиың көкірек тканьдерініц электр тогына деген кедергісі жазып алынады. Қан — сұйық зат, онын, электр тогьна деген кедергісі басқа ты-ғыз тканьдер кедергісі әлдеқайда төмен. Сопдықтан көкірек ткаиьдерінде кап неғұрлым көп болса, олардын кедергі жасау кабілеті де төмендей түседі. Көкіректің электр тогына кедергі жасауы систола кезінде айдалған кан мөлшеріне байланысты. Ол реограмма арқылы анықталады. Содан кейін белгілі формула бойынша систолалык қан көлемі есептеп шығарылады. СҚК жү-рек соруының минуттік санына көбейтіледі де МКК табылады.
МҚҚ-ің венаға қүйылған бояудың (Стюарт пен Гампльтон әдісі) не радиоактивті заттың қанда жылжу жылдамдығы мен оның қанда еру (жайылу) дәрежесі арқылы есептеп шығаруға да болады. Ол үшін қанра күйылран заттың деңгсйін әрбір 2 секунд сайын өлшеп тұру қажет. Қандары еріген заттың мөлшері алдымен біртіндеи жоғарылайды да кейін төмендей бастайды, қан екінші рет сол жақ жүрек арқылы өткен кезде ол қайтадан жоғарылайды (рециркуляция — кері ағу). Қандары зат деңгейінің кайтадан өрлеу уақыты Т әрпімен белгіленеді. Қандағы зат мөл-шерлері табылған соң, оның зерттеу уақытына қарай өзгеруіп көрсететін қисық сызық сызылады, сөйтіп зат концентрациясының бірінші толқынына кететін уақыты табылады (Т). Қанга құйылған заттың мөлшері (.1) және оның бір литр қандары орташа концентрациясы (С) есептеп шырарылады.
Жүрек пен өкпе препараты. МҚК өлшеу үшін 1884 жылы Павлов Старлинг тәжірибе жасап жүрек пен өкпе препараты деп аталатын әдіс үсынды. Препарат дайындау үшін иттің үлкен кан анналу шеңбері толық резеңке түтіктермеи алмастырылады. Ол үшін қолқа мен қуысты венаның біреуіне бір-бірден шыны түтік қойылып бекітеді. Содан соң резеңке түтік арқылы осы екі шыны түтік бір-бірімен жалгастырылады. Қолқадан шыққан қан термостатта жылытылып арнайы жасалған кедергіден өтеді де, вена қоймасына келіп құйылады. Қоймадағы қан венаға бекітілген шыны түтік арқылы оң жүрекшеге құйылады.
Қан айналысының кіші шеңбері сол қалпында сақталады. Вена қоймасындағы қан деңгейінің өзгеруіне байланысты СҚК анықталады, мүны жүректің соғу жиілігіне көбейту арқылы минуттік кан көлемі есептеледі. Осы әдісті қолдана отырып Старлинг «жүрек заңы» ережесін пайымдады. Осы ереже бойынша «Жүректіц жиырылу күші ет талшықтарыныц диастола кезіндегі үзындырына байланысты» немесе «жүректің жиырылу күші — ст талшықтары ұзындығының. қызметі, яғни жүрек диастола кезінде қанга толып қатты керілсе, солғұрлым жиырылу күшін күшейтіп жүректен шығатын қан мөлшері көбейеді».
3.Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дәрежелі нервтік қызмет (ЖДНҚ) деп аттайды. ЖДНҚ организмнің күрделі мінез-қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми жарты шаралары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның морфологиялық негізі болып саналады. ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым - қатынасын қамтамасыз етеді. Функционал тұрғыдан ЖДЖҚ организмнің сырткы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін камтамасыз ететін туа қалыптасқан және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында туа пайда болған жүйке әрекеттері жүре келе пайда болған жүйке әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде жүре келе пайда болған жүйке әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі жүйке қызметінің басым түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке айналып, организмнің өзгерген жағдайға дер кезінде, нақты бейімделе алу қабілетін қамтамасыз етуде үлкен биологиялық маңызы бар.
Мінез-қылық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез-қылық тек қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді. Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез-қылықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-қылықты қоректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте қайнасып, бірінен-бірі туындап жатады.
Павловтың пікірінше, жоғары сатыдағы жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің негізі – орталық жүйке жүйесінде түзілетін шартты рефлекстер (жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда үлкен ми қыртысында), сондай-ақ күрделі шартсыз рефлекстер (соқыр сезім, эмоция және т.б.). Павлов жоғары дәрежелі жүйке қызметінің мынадай негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген:
Шартты рефлекстердің түзілуі;
Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы;
Шартты тітіркендіргіштер әсері;
Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;
Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;
Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.
Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.
И.П.Павловтың түсіндіруінше, шартты рефлекстердің түзілуі үшін ми қыртысындағы белгілі бір қозу ошақтары арасындағы бұрын болмаған шартты байланыс деп саналатын (немесе уақытша байланыс деп те аталады) байланыс болуы қажет. Бұның сыртқы көрінісі жануар бұрын өзі үшін бөтен болып келген тітіркендіргіш әсеріне (шамның жағылуы, қоңырау соғылу және т.б.) шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ беру, электр әсері) бекітпей-ақ тиісті рефлекторлық реакциямен (сілекей бөлу, аяғын қозғалту және т.б.) жауап береді. Шартты рефлекстердің түзілуі барысындағы тәжірибелер ми қыртысындағы түрлі пункттердің үнемі бір-бірімен өзара әрекеттесуде пайда болатындығын көрсетті. Мұның нәтижесінде ми қыртысы бөлшектеп қарауға болмайтын тұтас функционалдық жүйе екендігі туралы ұғым қалыптасты; жоғары дәрежелі жүйке қызметінің түрін талдай келе, бұларды қалыптастыруда орта әсерінің, тәрбиенің үлкен маңызы бар екені дәлелденді.
