- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді.Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормоны адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуінтахикардия дейді.
Билет №11
1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
2Қалқанша маңы безі ........................
3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
1 )Тежелу - қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.1) бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;2) салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.
Бастапқы тежелу Бастапқы тежелудің бірнеше түрі бар:1– постсинапстық мембранада өршіген гиперүйектену нәтижесінде тежелу постсинапстық потенциалдың әсерінен пайда болады. Мұны 1951 жылы австралиялық нейрофизиолог Дж. Экклс аяқтың бүккіш және жазғыш еттерінің қызметін реттейтін жұлынның қозғағыш нейрондарының биопотенциалдарын зерттеу нәтижесінде ашқан. Аяқтың бүккіш еттері қызметін реттейтін орталығы қозса, оның жазғыш еттері қызметін реттейтін орталықтартың тежелетіні белгілі. Тежелудің бұл түрі орталығы жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріндегі кереғар орталықтартарды өзара байланыстаратын аралық нейрондарда кездесіп, жүйке орталықтартарының арасында қозу және тежелу процестерінің таралуын бағыттап, келістіріп отыратындықтан, оны үдемелі постсинапстық тежелу деп те атайды; постсинапстық тежелудің арнаулы тежелу нейронның (Реншоу жасушаларының) қатысуымен туындайтын түрі – қайтарымды (анитромды) тежелу болады. Қозғағыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса, соғұрлым Реншоу клеткалары күшті қозып, ол қозғағыш нейрондар белсенділігін төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен тоқтайды. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталығы жүйке жүйесіндегі қозу процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады;2) пресинапстық тежелу қоздырушы медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудіңбұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуын шектеуінде, яғни афференттік сигналдарды екшеп отыратын механизм болып табылады. Соның нәтижесінде жүйке орталықтартарына күшті афферентік импульстер ғана өткізіледі де, олар мәні аз, әлсіз импульстерден қорғалып, олар өңдеуден босатылады.
2 ) Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар — қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі.
Қызметі:1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді;2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді.
