Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206.7 Кб
Скачать

Билет №1

Билет №2

1-сұрақ. Филогенездік даму барысында тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар-нерв, ет және без ұлпалары пайда болған. Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде-физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді. Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.

Тежелу-тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабилъділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.

Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық реакция. Қозу үрдісі шектеулі немесе таралмайтын және таралатын болып бөлінеді. Шектелген қозу түрін Н.Е.Введенский ашқан. Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда туындайды. Мүндай кезде ұлпаның қозған учаскесінде әлсіз теріс электр заряды пайда болады да, ол жан-жағына декрементті түрде (өше) жайылады. Сондықтан, бұл потенциал ұлпа бойымен таралмай, бірнеше милиметрден соң өшіп қалады. Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болған жағдайда әрекет тогы пайда болып, қозу толқыны декрементсіз (өшпей) ұлпа бойымен жеке тітіркеніс түрінде таралады.

Қозғыштық, деп қозғыш ұлпаларының тітіркендіруге таралатын әрекет потенциалымен-тітіркеніспен (импульспен), арнаулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше белсенді күй-қозу үрдісінің туындауына себепші болады.

Функционалды жылжымалық, немесе лабильділік, деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің пайда болып және басылып (аяқталып) үлгеру шапшандығын айтады. Қозу толқынының ұзақтығы толық (абсолютгі) рефрактерліктің созылу мерзіміне тәуелді болады жөне ол ұлпадағы физиологиялық және биохимиялық үрдістердің шапшандығын, қарқындылығын бейнелейді. Сондықтан, жеке қозу толқынын тудыратын үрдістер неғүрлым шапшаң жүрсе, соғүрлым лабильділік жоғары болады, демек ұлпада белгілі мерзім ішінде туындап және өшіп үлгеретін қозу толқынының саны көп болады. Лабильділік 1 с ішінде тітіркендіруге жауап ретіне пайда болып үлгеретін қозу толқынының санымен өлшенеді.

Тітіркенгіштік деп қозғыш ұлпалардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен-зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен-беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар қозғыш ұлпалардың белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскелеріне таралмайды. Тітіркенгіштік: жануарлар жасушаларына да, өсімдіктер жасушаларына да ортақ қасиет. Оның әсерімен жасушалары мен ұлпалардың өсу және көбею үрдістері атқарылады, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына баяу морфологиялық бейімделуі жүреді.

Оптимум және пессимум құбылыстары барлық ұлпаларға тән жалпы биологиялық қасиет. Оптимальды тітіркендіру ұлпалар реакциясына жағымды ықпал жасаса, күші, жиілілігі, әсер мерзімі шекпен артып кеткен тітіркендіргіштер жеткіліксіз пессимальды реакциялар тудырады. Клетканың мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық (мембраналық) немесе әрекет потенциалы дейді. Мембраналық потенциал дегеніміз - тыныштық физиологиялық жағдайында клетканың мембранасының сыртқы және ішкі потенциалдардың арасындағы айырмашылық. Мембраналық потенциалдың пайда болуы клетканың ішінде және сыртындағы сұйықтықта орналасқан иондарының концентрациясына байланысты. Қалыпты жағдайда клетканың мембранасының сыртқы беті «оң», ішкі беті «теріс» зарядталған.

2-сұрақ. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Серпіндерді шеттен жұлын арқылы миға, керісінше, мидан жұлынның қозғалтқыш нейрондары арқылы ағзаларға жеткізетін жолдарды жүйке жүйесінің өткізгіш аппараты деп атайды. Егер серпін сезімтал нейрондар арқылы орталық жүйке жүйесіне бағыт алса, оны орталыққа тепкіш немесе афференттік жолдар деп атайды. Егер серпін, керісінше, нейрондар арқылы қарама-қарсы бағытқа жүретін болса, оны орталықтан тепкіш немесе эфференттік жолдар деп атаймыз. Орталыққа тепкіш жолдар нәзік және сына тәрізді будалары, артқы және алдыңғы жұлын-мишық, жұлын төмпек және т.б. жолдар жатады. Олар бұлшық еттерден, буындардан тері экстрорецепторларынан басталып, жұлын құрамына енеді. Жұлынның ақ затының құрамын жүріп отырып, ми сыңарлары мен мишықтың қыртысына жетеді. Нәзік және сына тәрізді будалардың рецепторлары бұлшық еттер мен буыннан басталып, жұлын жүйкелерінің құрамында жұлын түйінінде жатқан 1-ші нейронға, одан артқы түбір құрамы мен жұлынның артқы бағанына бағытталады. Осы бағанмен жоғары көтеріліп, сопақша мидың жәзік және сына тәрізді төмпешіктеріндегі ядроларға келіп аяқталады. Орталықтан тепкіш жолдар адам организмінің қимыл-әрекеттері жүйкесінің басқаруымен жүзеге асады. Кейбір қарапайым қимылдар жұлынның бір бунақ жүйке жолдарының қыртысымен бітеді. Мұны қарапайым рефлекс деп атайды. Ми қыртысынан басталатын орталықтан тепкіш жолдарға пирамидалық қыртыс-жұлын жолдары жатады. Олар ми сыңарларының алдыңғы орталық қатпарының жасушаларынан басталып, аксондары арқылы ішкі қабықшаның құрамында жүріп отырып, көпір сопақша мидың пирамидасына жалғасады. Пирамида құрамындағы талшықтар жартылай айқасып, одан жұлынның бүйір бағандарына енеді. Бұл жолды бүйір пирамида жолы деп атайды. Ал сопақша мидың пирамида бөлігінде айқаспаған талшықтар жұлынның алдыңғы бағанымен жүріп отырып, оның әрбір бунағында айқас жасап, сұр заттың алдыңғы мүйізшелеріне келіп аяқталады. Бұл жолды алдыңғы пирамида жолы деп атайды.

3-сұрақ. Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус-сұр төмпектен, гипофизден және емізікше денеден тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақзаттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті- қыртыс асты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан және лимфа айналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұр заттан құралған. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, қан қысымын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі.. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.

Гипоталамус-гипофиз жолы. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі-нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будалары. Гипоталамус-гипофиз жолының аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктерде (Херринг денешігінде) жинақталады. Аталған гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде Херринг денешіктерінен қанға өтеді.

Гипоталамуста полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді. Либерин босатушы, күшейтуші, ал статин — тоқтатушы, тежеуші факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр. Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин,. фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин жатады.Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі либе­риндер мен статиндердің сөлініссы өздеріне сәйкес қандағы гормондарға байланысты және гормондар реттейтін үрдістердің сипаты мен түріне байланысты.

Нейроциттер гипофиздің безді бөлігі-аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі. Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің гормондар бөлу қызметін күшейтетін-либериндерге (күшейткіш гормондар) және керісінше, аталған қызметті баяулататын-статиндерге (баяулатқыш гормондар) бөлінеді.