Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроэл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Mб
Скачать
  1. Микроэлектрониканың даму болашағы.

  2. Наноэлектроника

Наноэлектроника қазіргі кезеңгі ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыты болып табылады. Елдің әрі қарай дамуы Қазақстанның жаңа технологияларды экономикаға қаншалықты сәтті ендіретініне байланысты. Бұл ретте электроника өндіріс өсімінің негізгі локомотиві болып қалады.

Ғылыми-техникалық прогресстің басым бағыттарына қазіргі уақытта наноматериалдар мен нанотехнологиялар жатады. Материалдар мен жүйелерге қағидатты жаңа сапа бере отырып, нанотехникалар адамдардың өмір тіршілігінің барлығына дерлік саласындағы прогресті қамтамасыз етеді (автомобиль мен компьютерлік техника жасаудан бастап емдеудің жаңа қағидатты әдістеріне дейін), сондай-ақ жаңа салалардың пайда болуына күмәнсіз алып келеді.

Соңғы жылдардың зерттеулері ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында наноқұрылымның маңызды рөлін көрсетті.

Мәселен, материал тануда нанотехнологиялар материалдар мен құрылғыларда әзірлеудің әдістерін қағидатты өзгерту қажет. Ұсынылған тәсілдер наноинженерияда, катализде, оптоэлектоникада, медицинада, биотехнологияда, қоршаған ортаны қорғауда және т.б. пайдалану үшін наноқұрылымы бар жаңа композициялық материалдарды әзірлеуге алып келеді.

Дәлме-дәл реттелетін мөлшерлері мен құрамдары бар құрылымның наноауқымды элементтерін синтездеу мүмкіндігі, одан соң мұндай элементтерді бірегей қасиеттер мен функцияларға ие неғұрлым ірі құрылымдарға жинау өнеркәсіптің көптеген салаларының түбегейлі өзгеруіне алып келеді.

Наноқұрылымды пайдалану берілген ерекшеліктері бар неғұрлым жеңіл және мықты материалдарды алу мен олардың сапасын арттыру арқасында құрылғыларды пайдаланудың құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Наноматериалдар арасында нанобөлшектермен арқауланған жай полимерлерден тұратын арзан нанокопозиттер және мықты материалдар ерекше орын алады, қазірдің өзінде оларды алудың өнеркәсіптік технологиялары әзірленуде. Нанокомпозиттер құрылыста, жабдық пен жиһаз, тұрмыстық электр аспаптарын және т.б. шығаруда да қолданыс табады. Электроника мен компьютер техникасында нанотехнологияларды пайдалану құрылғыларды кішірейтуге, тез қолданылуын ұлғайтуға және электр тұтынуды азайтуға алып келеді. Болжамға сәйкес, 2015 жылға қарай ең кіші компоненттердің линейлік мөлшерлері 50 нм дейінгі шекке жетуі тиіс. Көмір сутекті нанотүтіктер (бірнеше нанометрлердегі диаметрмен ұзартылған цилиндр құрылымдар) молекулярлық электрониканың негізгі материалдарының бірі болып табылады, олардың эмиссиялық ерекшеліктері мен кең шектердегі өткізгіштігі аса шағын көлденең мөлшерлермен және қоректендірудің төменгі кернеуімен ерекшеленетін жаңа кластағы электрондық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Нанотехнология электроникадан гөрі өнеркәсіп салаларының біраз көп санын қозғайтын болғандықтан, микроэлектроника мен интегралдық схемаларды пайдалануға қарағанда нанотехнологияларды дамыту қоғам өміріне неғұрлым күшті әсер етеді.

2003 жылдан бастап нанотехнологиялар бойынша зерттеулер Қазақстандағы іргелі зерттеулер бағдарламасының басымдықтары болып табылады. Елде зерттеулерді орындайтын және нанотехнологиялар мен жанама пәндерде әзірлемелердегі ғылыми ұжымдар бар.

Қазіргі уақытта, республикада шығарылатын металдар негізінде көп функциялы қоспалар мен материалдарды алудың бәсекеге қабілетті технологиялары жоқ. Отандық металл өнімін өткізудің рыногын кешенді талдау оның тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсібі арасындағы теңсіздігімен, машина жасау кешенінің дамымағандығымен сипатталатындығын, ал металлургия өнеркәсібін мамандануы шетелдік тұтынушыларға бағытталғандығын көрсетеді.

  1. Деңгей