Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси ғылым.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.8 Кб
Скачать

39. Мемлекет кімге қызмет етуі керек:өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға?Ойыңызды дәлелде

40. Мемлекеттің белгілері қандай?Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?

Мемлекеттің белгілері мен мәні. Мемлекетті оны адамдардың басқа да бірлестіктерінен (ру, семья), институттары мен ұйымдарынан (партиялар, қозғалыстардан т.б.) айыратын ӛзіне тән белгілері бар. Оларға мыналар жатады (5- схема): 1. Жария биліктің қоғамнан бөлінуі, маманданған басқарушылар тобының пайда болуы. Бұл мемлекеттің ӛзін-ӛзі басқаруға негізделген рулық-тайпалық ұйымнан айырмашылығын кӛрсетеді. Жария билікті жүзеге асыру белгілі бір ұйым – арнаулы аппаратты (шенеуліктер, сот, армия т.б.) қажет етеді. Қазіргі заманғы мемлекет кәсіби басқару аппаратын және сайлау арқылы қалыптасатын ӛкілділік жүйесін қамтиды. 2. Тұрғындардың аумақтық бөлінуі. Мемлекеттің заңдары және оның органдарының ӛкілеттілігі сол мемлекет аумағында ӛмір сүретін адамдарға қатысты болып табылады. Мемлекет қандас-туыстық немесе діни принциптер негізінде емес, аумақтық негізде құрылады. Мемлекет ӛз аумағындағы, ӛз қол астындағы халықты қай ру, тайпа, діни наным-сенімдеріне т.б. қарамастан біріктіреді. Алайда тарихта шекарасы дәл анықталмаған мемлекеттер де болған. 3. Егемендік. Бұл мемлекеттік биліктің қасиеті, ол ішкі, сыртқы саясаттағы тәуелсіздікті білдіреді. Ішкі егемендік, бұл биліктің тұрғындардың барлығына міндетті заңдар шығаруға, ӛзгертуге құқығы және сыртқы егемендік, бұл халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік. 4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру монополиясының болуы. Азаматтарды жоғарғы құндылықтарынан - ӛмір сүру, бостандығы сияқтылардан айыру, шектеу мүмкіндігі бар. Еріксіз кӛндіру функциясын орындауға арналған арнайы құралдары (қару, түрме т.б.) және органдары 57 (армия, полиция, барлау қызметі, сот, прокуратура) бар. 5. Салық салуға және жинауға монополиялық құқығы. Мемлекеттік саясатты материалдық жағынан қамтамасыз ету және басқару аппаратын ұстау үшін салықтар салынады. 6. Қоғамдық өмірді құқықтық негізде ұйымдастыру. Құқықсыз, заңсыз мемлекет қоғамды нәтижелі басқара армайды, қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды. Кез келген қазіргі заманғы қоғамда биліктің бірнеше субъектілері (отбасы, шіркеу, партиялар т.б.) бар, алайда барлық азаматтар, ұйымдар, мекемелер үшін шешімі міндетті болатын жоғарғы билік – мемлекет болып табылады. Тек қана мемлекет барлығына міндетті заңдар мен нормалар шығаруға құқығы бар. 7. Жалпы игіліктер мен жалпы мүдделерді қорғау. Бірде-бір ұйым жеткілікті құрылымдары болмағандықтан, барлық азаматтарды және олардың мүдделерін қорғай алмайды.

41. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?

Құқықтық мемлекет 59 идеясының ұзақ тарихы бар және саяси ойлардың даму тарихында маңызды орын алады. Халықтың, қоғамның, мемлекеттің ӛміріндегі заңның үстемдігі туралы ой билеушінің жеке билігіне, бассыздық әрекеттеріне қарсылық түрінде пайда болған. Адамзат ежелгі заманнан бері жеке адам, мемлекеттің ара қатынасы, олардың мүдделерінің үйлесуінің тиімді формаларын іздеген. Мемлекеттің идеалды (мінсіз) нұсқасы бойынша жеке адам мүддесі бірінші орында болуы тиіс, ал халық мүддесін мемлекеттің жоғары заңы білдіруі тиіс. Алайда іс жүзінде бұл жоғары идеалдарға жету барлық уақытта мүмкін болмады, кӛбінесе мемлекетте белгілі бір топ, жария билік басындағылар мүддесі кӛзделіп кетеді. Аристотель биліктің екі түрін кӛрсеткен, біреуі билеушінің мүддесін кӛздейтін, екіншісі бағынушылар, қоғам мүддесін кӛздейтін. Мемлекетті кез келген әлеуметтік институт сияқты түрлі мақсатта пайдалануға болады. Ол кейбір саяси топ, элита, партия, тапқа қызмет етуі мүмкін, сонымен бірге ол қоғам мүддесіне қызмет етуі мүмкін. Бірінші жағдайда ол «қожайын» ретінде, ал екіншісінде «қызметші» ретінде кӛрінеді. Бұл институт ӛзі үшін (мемлекет мемлекет үшін) емес қоғам үшін, жеке адамның дамуына жағдай жасау үшін қызмет етуі тиіс. Қоғам (яғни салық тӛлеушілер) оның саяси бӛлігі болып, оны ұйымдастыруға міндетті болып табылатын мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Кез келген құбылыс сияқты мемлекеттің қызметі де жағымды нәтижелер (тәртіп, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі, қауіпсіздігі) және жағымсыз нәтижелер (бюрократизм, бассыздық, билікті шексіз пайдалану, ұйымдасқан қылмыс, террор т.б.) беруге қабілетті. Мемлекеттің пайда болуымен адамдардың кӛпшілігінде бұл әлеуметтік институттың барлық уақытта қоғамдық мүдде тұрғысынан емес, яғни оның күші, билігі жалпы мүдде үшін емес, азғана адамдар тобының таптардың мүдделері тұрғысынан қолданылуына қанағаттанбаушылық пайда болды. Бұндай жағдайда мемлекет қоғамның «қызметшісінен», кӛпшілікке еркін таңған, оны басып отырған, бассыздыққа жол берген «қожайынға» айналды. Кез келген билік, оның ішінде мемлекеттік билікте ӛз шекарасын білмей, билік кеңестігін шексіз етуге ұмтылады, ал бұл жеке адамның мүддесіне қысым жасауға әкеледі. Сондықтан мемлекеттік билікті ненің кӛмегімен шектеуге болады деген мәселе туындап, ол туралы түрлі пікірлер бар. Бір ойшылдар бұған қарсы тұру мүмкін емес десе, екіншілері мемлекеттік билікті шектеудің қажеті жоқ дейді (бұндай кӛзқарас этатистерге тән). Үшіншілері мемлекеттік билікті барынша шектеп, ал кейін оны жоюды ұсынады, олар мемлекеттік биліктен жеке адамның еркіндігіне қауіп тӛнеді деп санайды, мұндай кӛзқарасты жақтаушыларды анархистер деп атайды («анархизм» - гректің «ӛкіметсіздік» деген сӛзінен). Тӛртінші кӛзқарас – мемлекеттік билікті жоюға қарсы, себебі онсыз мүмкін емес, ал екінші жағынан мемлекеттік билікті абсолюттендіріп, оған әлеуметтік бақылаудың жойылуын жақтаушыларға да қарсы. Бұлардың айтуынша мемлекеттік билікті ұйымдастыратын, шектейтін құрал ретінде – құқықты ұсынады. Осы құқық (оның формасы - заң) арқылы қоғамдық мүдделерді білдіріп, жүзеге асыруға болады. Кезінде Платон жазғандай: «Заңның күші жоқ, заң – біреудің билігінде болған мемлекет күйрейді. Заң – билеушілерден жоғары болса, билеушілер – заңның құлы болса, онда бұл мемлекет ӛмір сүреді». Аристотель де осындай 60 кӛзқараста болған: «Заңның билігі жоқ жерде мемлекеттік құрылыстың қай түріне де жол жоқ. Заң – бәрін биледі, бәрінен жоғары тұруы тиіс». Құқықтық мемлекет концепциясының пайда болуы XVIII ғасырдың аяғы – ХІХ ғасырдың басына, буржуазиялық қоғамның қалыптасу кезеңіне жатады. Құқықтық мемлекет идеясының алғашқы элементтері – Г.Гроций, Б.Спиноза еңбектерінде, кейін Дж.Локк, Ш.Монтескье. Т.Джефферсон, И.Кант т.б. еңбектерінде дамытылды. Термин алғаш рет ХІХ ғасырдың бірінші жартысында неміс ғалымдары Р.Моль, В.Велькер, Р.Гнейст ӛз еңбектерінде қолданылып, кеңінен тарала бастады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқығы мен бостандықтары қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Жалпы алғанда құқықтық мемлекет деп құқық, заң заң үстемдік ететін мемлекетті айтуға болады. Құқықтық мемлекеттің мәні мен негізгі принциптері туралы мәселе маңызды болып табылады. Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері: заңның жоғарлылығы, қоғамдық ӛмірдің барлық саласында заңның үстемдігі; заңдардың құқықтық сипаты, яғни олардың халықаралық құқықтық стандартқа (нормаларға) сәйкес келуі; азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шын мәнінде жүзеге асырылуы және адамның еркін дамуы; мемлекет және жеке адамның ӛзара жауаптылығы; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бӛлінуі, бұл қайсы бір органның билікке монополиясына жол бермейді; заңның орындалуын қадағалайтын бақылау мен қадағалаудың нәтиежелі формаларының болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]