Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси ғылым.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.8 Кб
Скачать

38. Мемлекеттің пайда болу теорияларының қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?

Мемлекет саяси жүйенің негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, ӛз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм. Мемлекет деп белгілі бір аумақтағы және ондағы тұрғындарға жүргізілетін саяси биліктің ұйымдастырылуы, оның арнаулы басқару аппараты болып, барлығына тиісті заңдарды қабылдап, ішкі, сыртқы мәселелерді шешуде дербестігі бар саяси жүйенің негізгі элементін айтады. Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыста болған жоқ. Ол рулық-тайпалық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде, құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы саясаттануда бірнеше теориялар, концепциялар бар. Теологиялық концепция (ӛкілдері: А.Августин, Ф.Аквинский) мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Барлық билік – құдайдан дегенге негізделеді. Билеушіге құдай ілімін тарату, зұлымдық жасаушы жауларды жазалау және адамдардың діни жолмен ӛмір сүруі үшін жағдайлар жасау міндеттері жүктелген. Патриархалдық концепция (Аристотель, Филмер, Михайловский) мемлекетті үлкейген отбасының негізінде қалыптасты деп қарастырады, онда билеушінің билігі отбасындағы әкенің билігі ретінде, ал билеушілер мен бағынушылар арасындағы қатынастар – отбасындағы қатынастар сияқты қаралады. Қоғамдық келісім концепциясы (Дж.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо т.б.) мемлекеттің пайда болуын – адамның ақыл-ойының жемісі деп қарайды. Адамдар ӛздерінің белгілі бір даму сатысында бірлесіп, сол қоғамдық келісім шарттарын орындауды бақылаушы арнайы орган – мемлекетті құрады. «Күш көрсету» теориясында (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) мемлекеттің пайда болуында сыртқы факторға кӛңіл аударылады. Мұнда әлсіз елді күшті елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп түсіндіріледі. Маркситік (таптық) концепция (Маркс, Энгельс, Ленин) мемлекетің шығуын жеке меншіктің, таптардың шығуымен, олардың арасындағы қайшылықтардың шиеленісуімен байланыстырады. Мемлекет – бір таптың екінші тапқа үстемдігін, қанауын жүргізетін орган. Психологиялық теория (Петражицкий) бойынша адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған. Мемлекеттің пайда болуы – адам психикасының кӛрінісі, индивидтің ұйымдасқан қоғамдастық шеңберінде ӛмір 56 сүру қажеттігінің нәтижесі деп түсіндіреді. Географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа-райы, жер бедері т.б.) ӛзгешеліктерінен деп түсіндіреді. Органикалық теория (Г.Спенсер) мемлекет құрылымы және функциясы жағынан тірі организм ретінде қарастырылады. Мемлекеттің барлық элементтері бір-бірімен ӛзара байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы бүкіл организмнің ауруына, тіпті күйреуіне (ӛліміне) әкеледі. Мемлекетің пайда болуына әсер еткен факторлар: жеке меншіктің, әлеуметтік теңсіздіктің, қарама-қарсы таптардың пайда болуы; халықтың саны мен тығыздығының ӛсуі, халықтардың кӛшпеліліктен отырықшылыққа кӛшуі; бір халықты басқа халықтардың жаулап алуы; сыртқы жаулардан қорғанудың қажеттілігі; еңбектің қоғамдық бӛлінісі және басқару еңбегін әдейі салаға бӛлу; ирригациялық жұмыстарды ұйымдастырудың қажеттігі (Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде). Сонымен, мемлекет дегеніміз – егемендігі бар, күштеуді қолданудың заңды монополиясы бар, арнайы механизм (аппарат) арқылы қоғамды басқаруды қамтамасыз ететін саяси билікті жүзеге асырудың ерекше формасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]