- •Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
- •Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады?
- •Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
- •29. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастары қандай?
- •30. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты?
- •31. Периклдің басшылық еткен дәуірінің сол кездегі коғамға әсері болды ма?
- •32. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
- •34. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
- •35. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
- •36. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?
- •37. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
- •38. Мемлекеттің пайда болу теорияларының қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
- •39. Мемлекет кімге қызмет етуі керек:өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға?Ойыңызды дәлелде
- •40. Мемлекеттің белгілері қандай?Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?
- •41. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?
- •42. Басқа қоғамдық саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?
- •43. Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?
- •44. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары қандай?
- •49. Қазіргі кезде Марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?
- •50. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
37. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
Саясаттануда демократия – ең жиі қолданылатын ұғымдардың бірі. Саяси ойлар тарихында демократия сӛзі ежелгі сӛздердің қатарына жатады, екі мың жылдан астам уақыт бойы демократияға түрлі мазмұн берілді. Демократияның тарихи генезисі ұзақ жолдардан ӛтті, ол құбылыс ретінде дағдарысты, құлдырауды, жаңаруды басынан кешірді, бұл процесс кӛп қырлы және қарама-қайшылықты болды. Бұл генезис бүгінде аяқталған жоқ. Қазіргі кезеңде дүние жүзіндегі бірде-бір саяси жүйе демократия мұраттарын (идеалын) толық бейнелей алмайды. Қазіргі кезеңде демократия мәселелері – саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның кӛпқырлылығы, күрделілігі, тікелей саяси тәжірибеге негізделуі, әлемнің түрлі елдерінде түрлі концепцияларының болуы – оны зерттеудің жан жақтылығын, әртүрлілігін, қарама-қайшылықтығын кӛрсетеді. Ғылыми әдебиетте демократияның бірыңғай анықтамасы жоқ.. Бүгінгі күні бұл сӛз бірнеше мағынада қолданылады. Алғашқы негізгі мағынасы сӛздің шығу тегімен (этимологиясымен) байланысты. «Демократия» термині ежелгі гректің «демос» -халық және «кратос»-билік деген сӛздерінен құралып, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократияның кеңірек анықтамасын АҚШ-тың тӛртінші президенті Авраам Линкольн былай деп анықтаған: «Халық үшін, халық сайлаған, халық билігі». Мемлекеттік басқару нысаны ретінде демократияға мынадай ерекше белгілер тән: 1) халық билігінің жоғарлылығын, егеменділігін заңды түрде мойындау және оны институционалдандыру. Халық – биліктің кӛзі. Халықтың егеменділігі мемлекеттегі құрылтай, конституциялық биліктің халыққа тиеселі екендігінен кӛрінеді, яғни халық ӛз ӛкілдерін сайлай және әрдайым ауыстыра алады, ал кӛптеген елдерде халықтық бастамалар мен референдумдар арқылы заң шығару мен қабылдауға тікелей қатыса алады; 2) мемлекеттердің негізгі органдарының әрдайым сайланбалылығы. Жоғарғы билікті жүргізушілерді белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет ӛзін демократиялық деп санай алады; 3) мемлекетті басқаруға қатысуға азаматтардың құқықтарының теңдігі. Бұл прицип қазіргі заманғы саяси жүйеде азаматтардың еркін білдіру үшін саяси партиялар мен басқа да бірлестіктер құру еркіндігін, пікір бостандығын, ақпараттық мәліметтерге құқығын және мемлекеттегі басқарушы қызметтер үшін бәсекелі күреске қатысу құқығын кӛздейді; 4) шешім қабылдағанда көпшілік дауыспен қабылдау және шешімді жүзеге асырғанда азшылық көпшілікке бағынады. Демократияның аталған бұл жалпы принциптері оның негізгі ӛлшемдерін анықтауға, демократия туралы теорияларды айырып, топтауға, ал тәжірибедегі демократия үлгілерін ӛлшеуге мүмкіндік береді. Демократияның маңызды приципі – халық егеменділігі принципіне сәйкес бағаланғанда, халық деп кім түсініледі және оның егемендігі қалай жүзеге асырылады, міне осыларға назар аударылады. «Халық» ұғымы саяси ойлар тарихында түрліше түсіндірілді. Қазіргі кезеңдегі демократияда халық деп елдің ересек тұрғындары түсініледі. Шамамен ХІХ ғасырдың ортасына дейін демос, халық деп ерікті ересек ер адамдар (антикалық демократияда), не жылжымайтын мүлігі т.б. бар меншік иелері немесе ер адамдар ғана түсініліп келді.
