Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси ғылым.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.8 Кб
Скачать

36. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?

Классикалық либерализм демократиясы. Бүгінгі күні ӛмір сүріп тұрған демократиялық жүйелер ӛз бастауын ХVІІІ ғ. соңы ХХ ғ.-ғы либерализм идеологиясының тікелей ықпалымен пайда болған басқару нысанынан алады. Саяси және демократиялық ойлардың дамуында либерализмнің ролі ӛте зор. Бұл идеялық және саяси ағым жеке адамның еркіндігі, оны мемлекеттің тираниясынан қорғау туы астында пайда болды. Либерализм алғаш рет әлеуметтік ойлар тарихында индивидті қоғам мен мемлекеттен ажыратты, екі автономиялы сала - мемлекет пен азаматтық қоғамды бӛлді, мемлекеттің азаматтық қоғаммен және жеке адаммен ӛзара әрекетіндегі ӛкілеттілігін шектеді, азшылықтың автономиясы мен құқығын қорғады, барлық азаматтардың саяси теңдігін жариялады, жеке адамның фундаменттік, ажырамас құқықтарын анықтап, оны саяси жүйенің басты элементі ретінде бекітті. Либералдық идеялардың және олардың кӛпшілігінің іс жүзіне асырылуының Отаны – Англия болды. Ерте либерализмнің идеологтары - Джон Локк, Шарль Луи Монтескье т.б. болды. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы классикалық либералдық демократияның белгілері: 1) биліктің субъектісі ретінде халық меншік иелері-ер адамдармен байланыстырылды, тӛменгі топтар, ең алдымен жұмысшылар, әйелдердің сайлау құқығы болмады. ХХ ғасырдың басы-ортасына дейін кӛптеген батыстың демократиялық елдерінде мүліктік және басқа да ценздер салықталынды, онсыз адам дауыс бере алмайтын еді; 2) дарашылдық, жеке адамды биліктің алғашқы және басты көзі деп мойындау, мемлекет заңдарынан жеке адам құқықтарының конституцияларда бекітілді, оның орындалуын тежеусіз сот бақылайды; 3) демократияның тар саяси, формальды сипаты, еркіндікті жағымсыз тұрғыдан түсіну. Антикалық демократиядағыдай еркіндік саясатқа белсенді тең құқықты түрде қатысу мүмкіндігі ретінде емес, мемлекет және басқа адамдардың тарапынан болатын араласудан қорғайтын енжар (пассивті) жеке дара құқық; 4) парламентаризм, саяси ықпалдың ӛкілділік нысанының үстем болуы. Афины демократиясының сабақтары кӛрсеткендей, бүкіл халықтың басқаруы шексіз монархия сияқты қауіпті; 5) мемлекеттің қызметі қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтарын, әлеуметтік тұрақтылықты қорғаумен т.б. шектеледі, ол азаматтық қоғам істеріне, экономикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершіліктік салаларға араласпайды; 38 6) билікті ӛз бас пайдасына пайдалануды болдыртпау үшін азаматтардың мемлекетті, билікті нәтижелі бақылауының шарты ретінде биліктің бөлінуі, олардың бір-бірін тежеп отыруы. 7) көпшіліктің азшылыққа билігін шектеу, жеке және топтық автономия мен еркіндікті қамтамасыз ету. Азшылықтың ӛз пікірі болуына және оны заң шеңберінде қорғауға құқығы бар. Либералдық демократияның әлсіз жақтары: әлеуметтік таптық шектеулілігі; формальдылығы, кедейлер, тұрғындардың әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген топтары үшін демократияның декларация түрінде болуы; демократияның және жеке адамның саяси қатысуының шектеулілігі; қоғамды басқарудағы, әлеуметтік әділеттілікті нығайтудағы мемлекет ролінің тӛмендетілуі; шамадан тыс дарашылдық, адамның ұжымдық табиғатын, оны түрлі әлеуметтік топтарға жатуын мойындамау. Классикалық либерализмнің кемшіліктеріне жауап ретінде жұмысшы, социалистік, коммунистік т.б. қозғалыстар және либералдық демократиялық концепцияларға қарама-қарсы басқа, жаңа қозғалыстар да пайда болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]