Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси ғылым.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.8 Кб
Скачать

30. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты?

31. Периклдің басшылық еткен дәуірінің сол кездегі коғамға әсері болды ма?

32. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?

Саяси ілімдердің даму тарихы адамзат дамуының үш жарым мың жылдық уақытын қамтиды. Мұндай үлкен уақыт мерзімінде адамдардың ӛмір сүру жағдайлары, саяси ұйымдастырылуының жағдайлары үлкен ӛзгерістерге ұшырады, бұл әрине, олардың саяси кӛзқарастарына әсер етпей қоймады. Соған қарамастан қай заманның, қай халықтың болса ойшылдарын ойландырған, әлі де ойландыратын жалпы, бәріне бірдей ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына негізінен мыналарды жатқызамыз: Мемлекет дегеніміз не? Ол адамдар еркімен құрыла ма, әлде жоғарғы күштердің еркімен құрыла ма? Мемлекет кӛпшіліктің мүддесіне қызмет етеді ме, әлде билік басындағы топтың мүддесіне қызмет етеді ме? Мемлекеттің ең жақсы түрі, таңдаулы (дұрыс) формасы бар ма? Мемлекетті басқаруда: кӛпшіліктің еркіне ме, мұрагерлік монархтардың құқығына ма, байлыққа ма, билеушілердің қабілеттілігіне ме, қайсысына сүйену керек, қайсысын қолдау қажет? 14 Мемлекеттің қызметінің, азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шегі қандай? Әділдік (әділеттілік) деген не? Адамдардың тең болуы немесе тең емес болуы (теңсіздігі) әділетті ме? Әділетсіздікке жол беру керек пе немесе онымен күресу керек пе? Құқық дегеніміз не? Ол құдайдың орнатуы ма, әлде ақыл-ойдың бұйрығы ма, әлде билеушілердің жарлығы ма? Саясат және моральдың ара қатынасы мәселесі. Мемлекет билеушісі адамгершіліктің, моральдың негізгі қағидаларын ұстануы керек пе, әлде оған оның бәріне жол ашық па, яғни жеке адам үшін –күнә деп есептелінген нәрсе, саясатшы үшін күнә емес пе? Бұл мәселелер ортақ, әрдайым ойландыратын мәселелер, түрлі нұсқалары болуы мүмкін. Әр кезеңнің, әр ойшылдың ӛзіндік пайымдаулары болады. Бұл мәселелер әрдайым қайталанатын сияқты, бірақ іс жүзінде олай емес. Тарих - шеңбер бойынша сол күйінде қайталану емес, ол даму. Аристотель кезінде айтқандай, әрбір ойшылдың кӛзқарасын дұрыс түсіну үшін оған бүгінгі күн тұрғысынан қарамай, сол ойшыл ӛмір сүрген кезеңге, жағдайға кӛңіл аудару тұрғысынан қарау керек. Саяси ойдың дамуына әсер еткен факторлар ретінде - экономикалық және қоғамдық құрылысты, байлықтың, меншіктің бӛлінуін, сонымен бірге бұрыннан бар, қалыптасқан саяси мекемелер мен дәстүрлерді атауға болады. Саяси ілімдердің қалыптасуы мен дамуы - түрлі әлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың арасындағы саяси билік үшін күресті бейнелейді. Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихын қарастырудың маңыздылығы – ең алдымен, саяси ойлар тарихы шеңберінде қазіргі заман саяси концепциялардың маңызды алғы шарттары қалыптасты. Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихы – адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бӛлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың ӛткен заманнан бүгінге дейінгі саяси ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған. Ежелгі дүниенің саяси ойларына келетін болсақ, ӛркениеттің бастамасы ежелгі Шығыс елдерінде және ежелгі Батыс елдері, антикалық дүниеде – ежелгі Греция мен ежелгі Римде пайда болды. Ежелгі дүние – ең алғашқы ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдегі саяси ойлардың бірінші бағыты діни-мифологиялық сипатта болды (шамамен б.з.д. VII-II м.ж.). Мифологиялық дүниетаным бойынша космос, бүкіл аспан әлемі - құдайлардың болуымен және олардың күштері арқылы реттеледі. Жердегі тәртіп - сол жалпы әлемдік, космостық тәртіптің бір бӛлігі. Жер бетіндегі әлеуметтік-саяси тіршілік - Кӛк тәңірінің бұйрығымен жүргізіледі. Сондықтан жердегі тәртіпті адам бұзатын болса, онда ол бүкіл әлемдік үйлесімділіктің бұзылуымен тең болып, бүкіл әлемнің күйреуіне әкеледі деген таным болды. Саяси - құқықтық кӛзқарас ӛзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бӛлініп шықпай, діни-мифологиялық дүниетанымның құрамдас бӛлігі болды. Кейін саяси ойлар мифологиядан қол үзіп, рационалды сипат ала бастады. Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы екінші бағыт: діни- философиялық көзқарастар, оның екі ағымы болды: 1) діни ағым; 2) 15 философиялық - этикалық ағым. Б.з.д. І м.ж. ортасында Ежелгі Қытайда саяси жағдайлар ойшыл- ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Ойшылдар мифологиялық идеологиялардан бас тарта бастады. Қытай философы, педагогы – Конфуций (551- 479 жж.) – ежелгі Шығыстың кӛрнекті саяси ойшылдарының бірі. Ол мемлекеттің, биліктің пайда болуын құдайдың ісі деген идеядан бас тартып, әлеуметтік- этикалық, саяси ілімнің және патриархалдық-патерналистік мемлекет теориясының негізін салушы болып есептелінеді. Конфуцийдің саяси кӛзқарастарын «Пікірлер мен әңгімелер» деген еңбегінен табуға болады. Б.з.д. І м.ж. басталған бұл идеялар – ХХ ғ. ортасына дейін қытайлардың кӛзқарасы мен ӛмір сүру әдісіне үлкен ықпал еткен, ресми идеология болды.

33. Қоғам биліксіз өмір сүре ала ма?

Жоқ себебі Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты. Саясаттың негізгі мәселесі-билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Адамның жан-жануардан ерекшілігі- билік үшін күресуі. (Ибн-Халдун (1332-1406жж).

Билік жөнінде түрлі тұжырымдар:

1.Телеологиялық-белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.

2.Бихевиористік –адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстау ерекшеліктерімен түсіндіреді.

3.Инструиенталистік –белгілі құрал жабдықтар арқылы т.б.

4.Конфликтік-дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін ерекшеленді.

Бұдан билік туралы ғалымдардың біркелкі тұжырымы жоқ екенін түсіндік.

Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ал саяси билік құлдық қоғамда пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.

Саяси биліктің биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Оны мынадан байқаймыз:

1.Экономикалық қор: (қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т,б.)

2.Әлеуметтік әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған билік өзіне қолдау іздейді.

3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді.

4.Ақпарат құралдары-қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны 4-ші билік деп атайды.

5.Информациялық қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б.

Биліктің қызметтері: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірін ұйымдастыру, мемлекеттің істерін басқару, саяси және саяси емес процестерге басшылық жасау.

Биліктің субьектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдастыру т.б. жатады. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Олардың өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар.

Билік екіге бөлінеді. Саяси билік жіне мемлекеттік билік. Саяси билік-таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін береді. Ал мемлекеттік билік- адамдарға міндетті заңдарды шығару мен ұйымдарды сақтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]