Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси ғылым.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.8 Кб
Скачать
  1. Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?

 Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі. Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі. Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ. Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан. Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең. Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару. Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар. Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді. Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген: Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады. Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді. Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты  "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған. Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.

29. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастары қандай?

Социализм – негізінде теңдік (материалдық игілік, құқық және міндеттемелер көлемі) және меншік бірлігі теория. Бұл социалистік ағым қоғамда бақытты және әділ өмірге қол жеткізуді мақсат қойды.

Социалистік доктрина – бақытты өмір туралы адам арманының ажырамас элементі. Бірден бір алғашқы ұғымдар негізделген социалистік идеялар Платон философияында да айтылған. Содан бері көптеген идеялар пайда болды және жоғалды.

Утопиялық социализм – ХІХ ғасырдың бірінші жартысында туған және қоғамдағы қанауға қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық социализм еркін еңбекке негізделген және ғылым мен техниканың жетістігін жоспарлы түрде пайдаланатын, ірі қоғамдық өндірістер құрудағы қоғамдық өзгерістердің алғашқы міндетін байқады. Ол қоғамның болашағын адам қажеттілігін қанағатандыруды қамтамас ететін молшылық қоғамы ретінде бейнеледі.

Бұл ағым үшін гипотетикалық әдісті қолдану тән, яғни гипотез ұсыну – “не болар еді, егер”,”осылай ұйғарамыз” т.б.

Утопиялық социализмнің даму эволюциясы Платоннан бастап Т.Мордың, Т. Кампанельдің және басқалардың шығармаларында адамгершілік тұрғыда жеке меншікті сынау туралы болды. Олардың утопиялық тұжырымдамалары шындығынан тұтыну теңдігі мен қабілеттік теңдігі принциптерінде қоғамдық құрылымның қарапайым идеялары тартылу көрінді.

Алайда ХІХ ғасырдың бірінші жартысында классикалық саяси экономия өкілдерінің еңбегінің әсерімен социалист-утопистер доктриналары елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырады. Утопиялық социализм үшін өнеркәсіп өзгерістерінің бітуімен байланысты, бұл кезен осы экономикалық идеялар мектептерінің Англиядағы Р.Оуэн, Франциядағы К. Сен-Симон мен Ш. Фурье сынды жаңа экономикалық шындықты ұғыну талдау мен әйгілі.

Осы авторлар мен олардың ізбасарлары өз идеяларын ХІХ ғасыр басындағы экономикалық шарттармен және сондағы саяси экономияның үстемдік еткен принциптерімен орайласты. Жекелей алғанда олар техникалық ойлап табу мен ғылыми жаңалықтарды және қоғамдық өндірістің барынша өсуін одан әрі экономикалық саясаттың басты мақсаты деп санап, соны жақтады. Олар табиғи тәртіптегі тұжырымдаманы ұстады, яғни қоғам мен әрбір адамның мінсіз әлеуметтік құрылымының үлгісін ұсынды.

Осы тұрғыда социалист – утопистердің классиктерден айырмашылығы-олардың өнеркәсіп өзгерісі кезеңін қабылдамайтынын (Р.Оуэн), немесе жеке меншік институтын сынайтынын (К.Сен-Симон және Ш.Фурье), сол сияқты адамды адам қанау себебін ғана емес, шаруашылық өмірдің және экономикалық дағдарыстың шарасыз монополиялығын көре отырып, экономиканың идеясы мен тәжиребесінде бәсекелестіктің шексіз бостандық алуын айыптайтыны жайында болды.

Осыдан кейін негіз ретінде, олар әркім өзі үшін өз еңбегінің толық өнімін сақтайтын, еңбектерін ұсынып ассоцианистивтік білім аясында, өндірістің бостандығы мен сұрауын сақтауда, антогонистік таптар мен бәсекені жоюдағы мақсатқа жетуге бағытталған, жаппай үгіт-насихат жүргізу міндетін ұсынды.

Жаңа буынның социалист - утопистер бір жағынан оның негізін салушылардай эволюциялық саяси-экономикалық өзгерудің жақсылыққа әкелуі сияқты “қанаушы” қоғамның өзгерістерін күштеуді, төңкерісті «қажет» ететуін де теріске шығарады. Бірақ екінші жағынан, олардың социализмге қатысты әлеуметтік - әділеттік идеяларын үгіттеу мен насихаттауды тірек ететін доктриналарына орай, табиғи жағдайда барлық әлем қазіргі әділетсіздіктен бірден бас тартады деп сенім білдірсек – бұл доктриналар тіршілікті тек утопияға ғана қарсы емес, нарыққа да қарсы деп табады.

Ақырында, ХІХ ғ. бірінші жартысындағы утопиялық социализмнің нарыққа қарсы доктриналарының мазмұнындағы жинақталған айырмашылықтарды көрсету маңызды. Осыдан, бұл мектептің авторларының өздері көрсеткеніндей, біріншіден-индивидуализмді коллективизммен алмастыру механизмі, екіншіден-ұжымдық ұйымдарға еңбешілерді біріктіру қағидасы ескеріледі. Осы жағдайларға көңіл қоя отырып Ш.Жид және Ш.Рист мысалға төмендегідей тұжырымдар жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]