Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси ғылым.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.8 Кб
Скачать
  1. Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады?

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы шықты. Ӛйткені қоғамдағы кикілжіңдерді, дау-жанжал, қайшылықтарды, шиеленістерді туғызатын – жеке меншік деп санады. Жеке меншік қоғамды бай, кедейге бӛледі, нәтижеде әр адам ӛз мүддесін ойлап кетеді. Платон батыл жоспар ұсынды: алғашқы екі сословиенің жеке меншік, семьясы болмауы тиіс, олар ортақ игілік үшін еңбек етуі тиіс. Сондықтан оларды адамдарды қызықтыратын жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың семьялары ортақ болып, оларды мемлекет ӛз қамқорлығына алуы тиіс. Әкімдер мен қорғаушылардың ӛмірін мүлік ортақтығы, ұжымдық (коллективизм) жағдайында ұйымдастыруды ұсынды. Бұл шектеулер ӛндірушілерге (үш сословиеге) қатысты болмады, бірақ онда да реттеушіліктер болады, оны реттеу әкімдерге тапсырылады. Жеке ӛмірде, экономикалық ӛмірде еркіндік берілгені үшін үшінші сословие ел билеу ісіне араласпайды. Платонның ойы бойынша әр сословие ӛз ісімен ғана айналысса, сонда әділеттік орнап, мемлекет ізгілікті болып қала береді. Алайда билеушілер мен бағынушылардың мінездерінің бұзылуы, басқаруға қабілетсіз сословиелердің билікке дәмелері, ұмтылыстары ізгілікті мемлекеттің ыдырауына және кейін оның мемлекеттің нашар формасымен ауыстырылуына әкеледі. Монархия (патша билігі) немесе аристократия (философтар басқаруы) формасындағы ізгілікті мемлекет тимократияға (жауынгерлер билігі), одан кейін олигархияға (азшылық билігі, Платон оны плутократия – ауқаттылар үстемдігі деп түсіндіреді) мүліктік теңсіздік халықтың наразылығын туғызып, демократияның орнауына әкеледі, ал ол мемлекеттің ең нашар түрі – тиранияға әкеледі. «Мемлекет» диалогын – коммунистік трактат деп атайды, ал Платонды алғашқы коммунист деп атайды. Бұған негіз бірінші-екінші сословие үшін жеке меншіктің жойылып, ұжымдық (коллективизм) принципінің болуы. Платон адамдарды теңестірген жоқ, керісінше оның коммунизмі сословиелік-касталық 17 коммунизм болды. Ол теңсіздіке негізделген қоғамның рационалды ұйымдауын мақсат етті.

Аристотельдің кӛптеген идеялары оның атақты ұстазы Платонның позицияларына қарама-қарсы болды. Ол Платонның “Комммунистік жобасын”, ондағы жеке меншік пен семьяны жою туралы идеяны сынады. Аристотельдің ойы бойынша мүлік теңдігі адам табиғатына тән емес, ал жеке меншік табиғи, адам табиғатына тән. Бұл адамдарды еңбекке, кәсіпке, баюға ынталандырады. Азаматқа пайдалы нәрсе полиске де пайдалы. Адамдар бай болса, ортақ мүдде – мемлекет те бай. Ал егер қоғамдық меншік болса, керісінше, ол табиғи емес, адам табиғатына тән емес. Жалпы мүдде ешкімді қызықтырмайды, жалқаулықты туғызуы мүмкін, біреудің еңбегін пайдалануға бейімдеуі мүмкін. Аристотельдің коммунистік идеяны сынауы, жеке меншік туралы ойы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Сонымен бірге Аристотель қоғамдағы шамадан тыс мүліктік жіктелістің қауіптілігін ескертті, ол кедейлердің байларға қарсы бүліктеріне және қоғамдағы тұрақсыздыққа әкеледі. Бұдан жеке меншікті жою арқылы емес, жеке меншікті салыстырмалы түрде теңестіріп, орта топты қалыптастыру арқылы шығуды ұсынды. Оның ойынша политияда не тым кедей, не тым бай емес орта жағдайдағы адамдар үстем болады, бұл қоғамдық теңдік пен саяси тұрақтылыққа әкелдеі. «Орта элемент» туралы данышпандық болжамы тұрақты демократиялық 19 режимдердің әлеуметтік негізі болып табылатын қазіргі заманғы «орта тап» теориясында ӛз жалғасын тапты. Аристотельді орта таптың идеологы деп те атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]