- •Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
- •Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады?
- •Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
- •29. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастары қандай?
- •30. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты?
- •31. Периклдің басшылық еткен дәуірінің сол кездегі коғамға әсері болды ма?
- •32. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
- •34. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
- •35. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
- •36. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?
- •37. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
- •38. Мемлекеттің пайда болу теорияларының қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
- •39. Мемлекет кімге қызмет етуі керек:өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға?Ойыңызды дәлелде
- •40. Мемлекеттің белгілері қандай?Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?
- •41. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?
- •42. Басқа қоғамдық саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?
- •43. Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?
- •44. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары қандай?
- •49. Қазіргі кезде Марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?
- •50. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
50. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалык дәрежеде дамуын камтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі. Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әртүрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халык мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп түр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі. Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар. 1. Дау-жанжалга бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді. 2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді. 3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқыльі бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге ты- рысады. 4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халыкаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/398-sayasi-zhanzhaldar-men.. |
|
|
|
|
Жанжал — қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қордаланған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмей, әр түрлі қақтығыстарға алып келуі. Көбінесе, қоғамдағы жанжал саяси, экономикалық дағдарыс кезінде, не жедел дамыған әлеуметтік өзгерістер барысында орын алады. Елдегі реформалар кезінде халықтың әр түрлі топтарының мүддесі есепке алынып отырмаса, ол да әлеуметтік қарама-қарсылықтарға алып келуі мүмкін. Қоғамда саяси мәдениет қалыптастыру, ортақ әлеуеттік құндылықтар мен нормаларды орнықтыру — жанжалды болдырмаудың негізгі жолы болып есептеледі. Әлеуметтік өзгерістердің қарқыны белгілі бір саяси, этнография, әлеуметтік топтардың мүддесіне сәйкес келмеген жағдайда оны саяси жолмен реттеп отыру қоғамның орнықты дамуының кепілі болып табылады. Әлемдік ауқымда, әр түрлі мемлекеттер мен геосаяси мүдделер арасындағы халықар. Жанжалдар дипломатиялық жолмен жоғары дәрежедегі келісімдер арқылы реттеліп отырады. |
