- •Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
- •Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады?
- •Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
- •29. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастары қандай?
- •30. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты?
- •31. Периклдің басшылық еткен дәуірінің сол кездегі коғамға әсері болды ма?
- •32. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
- •34. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
- •35. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
- •36. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?
- •37. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
- •38. Мемлекеттің пайда болу теорияларының қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
- •39. Мемлекет кімге қызмет етуі керек:өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға?Ойыңызды дәлелде
- •40. Мемлекеттің белгілері қандай?Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?
- •41. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?
- •42. Басқа қоғамдық саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?
- •43. Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?
- •44. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары қандай?
- •49. Қазіргі кезде Марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?
- •50. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
49. Қазіргі кезде Марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?
Марксимзге берілген қазіргі саяси баға Маркстің, Энегльстің, Лениннің және де басқа да марксистердің еңбектерінде теріс қорытындылар аз болған жоқ. Ол заңды да. Біріншіден, Еуропа елдерін, оның ішінде Англия, Франция сияқты дамыған елдерді зерттеу нәтижесінде марксизм дүниеге келді. Бірақ марксистер Еуропа заңдылықтарын барлық елдерге, оның ішінде Шығыс елдеріне де тән дейді. Көпшілік зерттеушілерге Маркстің «Азия жолы» деген принципті ұсынғаны белгілі. Мұнда азиялық өндіріс әдісі тұжырымдамасын қолдады. Дегенмен Маркс бұл тұжырымдаманы әрі қарай дамыта алмады да, ал оның шәкірттері бұл мәселеге көңіл бөлмеді. Кейіннен Ленин т.б. марксистер Азия елдерінің дамуында ерекшеліктің бар екендігін біле тұра, бұл принцпиті зерттемеді. Осының салдарынан Ресейде Қазан революциясынан кейін Орта Азия, Қазақстан, т.б. Шығыс елдері Ресейдің бағытымен социализмге қарай дами береді деген қорытынды жасалды. Марксизмді тек еуропалық ілім, оның жалпы адамзаттың дамуына әсері жоқ деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұл ілімнің еуропалық дамудың негізінде пайда болып, ал Азия елдерінің ерекшеліктерін түсіндіре алмағаны сөзсіз. Екіншіден, Маркс, Энгельс, т.б. марксистер ХIХ ғасырда өздерінің шығармаларында капиталистік қағиданы жан-жақты зерттеді. Әсіресе, Маркс өзінің «Капиталында» капитализмді терең зерттеді. «Капиталды» ешкім теріске шығара алмайды. Бірақ Маркс монополизмге дейінгі сатысын зерттеді. Әр қоғамның, әсіресе, оның бастапқы даму кезеңіндегі қайшылықтарының көп болатыны мәлім. Кейбір қайшылықтар шиеленісе келе революцияға, азамат соғысына апарып соғады. Міне, осы жағдайлардың бәрі Маркс зерттеген капитализмде орын алды. Осы қайшылықтар шиеленісе түссе, пролетариат диктатурасына әкеледі, деп қорытады Маркс. Бірақ одан кейін капитализм қалай дамыды? Міне, мәселе осында. Ал қазіргі капитализмнің дамуы марксизмнің қорытындыларын дәлелдемей отыр. Маркстің ХIХ ғасырдағы капитализм туралы тұжырымдамасын марксистер ХХ ғасырдың екінші жартысында сол күйіне пайдалануды талап етіп, барлық дүние жүзіндегі құбылыстарды осы тұжырымдама арқылы түсіндіруге тырысты. Үшіншіден, марксизмнің догмалық көзқарасқа айналуына себепкер – коммунистік партиялардың басшылары мен олардың идеологтары, шығармашылықпен дамыта алмады. Тек Ленин марксизмнің кейбір принциптеріне өзгерістер енгізді. Ал, ол өзгерістердің өзі де сол кездегі саяси жағдайларға байланысты болды. Қорытып айтқанда, нақтылы бір тарихи жағдайда дүниеге келген марксизм, 150 жыл бойы шығармашылық тұрғыда дами алмады. Марксизм нақтылы өмірден қалып қойды. Мұндай жағдайға, қандай да болсын көзқарас, принциптер, тұжырымдамалар күйзеліске, дағдарысқа ұшырап, догматизмге бас ұрады
Төртіншіден, марксизмді қолайсыз жағдайға ұшыратқан күштеу теориясы. Маркстің бұл теориясы бойынша күшті тек күш қана жеңеді. Капитализмді тек пролетарлық революция арқылы ғана құртуға болады. Бірақ күшті, революцияны қоғам дамуының заңдылығы деп қарау – ХХ ғасырда адамзатты бұрын-соңды болып көрмеген апатқа ұшыратты: көптеген адам осы теорияның құрбаны болды. Большевиктер осы теорияны басшылыққа ала отырып Ресейде, т.б. бұрынғы Ресейдің қол астынағы елдерде пролетариат диктатурасын орнатып, ешқандай келісімге келмейтін тап күресін бастады. Оның ақыры немен тынғаны баршаға аян. Бесіншіден, марксизмнің ең маңызды, басты бөлімі - социализм мен коммунизм туралы ілімнің марксизмнен бұрын тарихта орын алып келуі. Ондай көзқарастарды марксизм қиялды социализм деп атап, қатты сынға алды. Маркс, Энгельс, кейіннен Ленин өздерінің дүниеге көзқарастарын ғылыми коммунизм деп атады. Марксизм бойынша коммунизм дегеніміз - адам қоғамының дамуындағы ең әділетті қоғам. Адам ежелден бері осындай қоғамды қиялдап келді. Сондықтан, коммунистік идея адам санасын билеп алды да, ал коммунистер осы идеяны шындыққа айналдырып, іске асыруға, осындай қоғам құруға кірісті. Нәтижесінде социализм деген құрылым пайда болды. Ал қазір ол құлаған соң «бізде шын мәнінде социализм болған жоқ, тек казармалық социализм орнады» деп жүр. Шындығында, солай да шығар, мүмкін ешқандай социализм болмаған да шығар. Қайткен күнде де өркениеттің болмай қоймайтын заңдылықтарын социализм жемісі деу ешқандай логикаға сыймайтын іс. Электр шамын «Ильич шамы» деген сандырақтан арылудың соншама ауырлығына таңқалмасқа болмайды. Айталық, жерді трактормен жыртып, тұқым сеуіп, оны комбайнмен жинап алу, суы ішінде, газы ішінде үйде тұру, пәуеске орнына жеңіл машина міну, мектепке, университетке барып оқу сияқты істерге социализмнің қандай қатысы бар. Мұндай жетістік Африка, Азия елдерінің қайсысына болсын тән емес пе? Ал, 70 жыл бойы біздің Кеңес елі деп аталып келген елде орын алған қоғам диктаторлық, әділетсіз, бюрократиялық күшке негізделген, тоталитарлық қоғам екені дәлелденіп отыр. Міне, осы жағдай марксизмнің коммунистік теориясына өте қатты соққы болып тиді.
Алтыншыдан, марксизм өзін-өзі белгілі бір таптың, белгілі бір партияның идеологиясы деп жарияланды. Өзін басқа көзқарастармен, оның ішінде буржуазиялық көзқараспен ешқандай келісіме бара алмайтынын айқын айтты. Таптық идеология болғандықтан марксизм көптеген адамгершілік идеяларға, құнды көзқарастарға өзін-өзі қарсы қойды. Сондықтан да марксизм бірте-бірте адамзатың, халықтардың ғасырлар бойы жинаған рухани қазынасына, байлығына күмән келтіре бастады. Тек қана пролетариат пен коммунистер халыққа рухани байлық бере алады, ал буржуазияның, басқа да таптардың мәдениеті, рухани дүниесі халыққа жат деп большевиктер күрес жүргізді. Осылайша, марксизм өзін-өзі дүние жүзілік рухани өркениеттен алыстатты. Еуропа, Америка, Шығыс елдерінің көпшілігі ХХ ғасырдағы марксизмді қабылдаудан бас тартты. Бізге идея керек, идеологияның қажеті жоқ, себебі, көппартиялық кезінде мемлекеттік идеология болуы керек деу ақылға сыйымсыз жағдай. Мәселе идеяда, ал оны кім қалай түсінеді, ол оның өз шаруасы. Сен мен сияқты ойла деудің күні өтіп барады. Міне, осы тұста әрім өзіне-өзі неге деп сауал қойса, ойланса, толғанса, өзіне-өзінің сенімін нығайтса, Абай айтқандай: «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Ақылың мен қайратың екі жақтап ...» Жетіншіден, марксизм дүниеге келісімен дінге қарсы шығып, атеистік көзқарасын ашықтан-ашық жариялады. Діннің адамзаттың рухани өмірінде ғасырлар бойы аса үлкен орын алғаны белгілі. Сондықтан да марксизмді дінге сенушілердің басым көпшілігі тек өкіметтен қорыққанынан ғана мойындады. Дегенмен дін дегеніміз – сенім. Ал, сенімді жоққа шығаруға болмайды. Сенім – адамға рух береді, ал адам ешнәрсеге сенбесе, ол – рухани жағынан өте жарлы адам болады. Сондықтан да, марксизмнің адамдардың діни сеніміне қарсы шығып, қатал күрес жүргізгені гуманизмге жатпайды. Сонымен, марксизмнің дінге қарсы мейірімсіз күресі көп адамдарды өзінен алыстатты. Сегізіншіден, марксизмнің ең құнды жағы – материализм мен диалектика. Шындығында, марксизмнің саяси-қоғамдық, экономикалық теориясымен салыстырғанда, оның философиясы анағұрлым жоғары тұрады. Бірақ Маркс материалистік дилектиканы диалектиканың дамуының ең ақырғы формасы деп түсіндіреді. Бұл тұжырым – диалектикаға қайшы тұжырым. Әрине, ХIХ ғасырдың ортасында пайда болған марксистік философия бұрынғы философиялық жүйелердің, оның ішінде немістің классикалық философиясын пайдалана білді және философияны ғылым жаңалықтарына негіздеді. Сондықтан оның құнды жақтары аз емес. Қателіктерден де құралақан болмады. Бірақ ол басқа әңгіме. Тоғызыншыдан, Компартияның негізгі әрекеті – идеологияны өмірмен байланыстыру болатын. Ал ресми идеология марксизм болды. Марксизмді нақты істерге пайдалану оңай нәрсе болмай шықты.
