- •Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
- •Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады?
- •Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
- •29. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастары қандай?
- •30. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты?
- •31. Периклдің басшылық еткен дәуірінің сол кездегі коғамға әсері болды ма?
- •32. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
- •34. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
- •35. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
- •36. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?
- •37. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
- •38. Мемлекеттің пайда болу теорияларының қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
- •39. Мемлекет кімге қызмет етуі керек:өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға?Ойыңызды дәлелде
- •40. Мемлекеттің белгілері қандай?Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?
- •41. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?
- •42. Басқа қоғамдық саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?
- •43. Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?
- •44. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары қандай?
- •49. Қазіргі кезде Марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?
- •50. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
42. Басқа қоғамдық саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?
Партия және партия жүйелері – қазіргі заманғы дамыған қоғамдардың кӛпшілігінің саяси жүйесінің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партия – адамзат ӛркениетінің негізгі жетістіктерінің бірі болып есептелетін институт. Кез келген қоғамның ӛмірінің негізгі жақтарының бірі – саясат. Ал саясат мемлекеттік билік мәселесі бойынша түрлі қоғамдық күштердің ӛзара қарым-қатынас жасайтын орталығы. Ол қоғамдық күштер міндетті түрде белгілі бір топтың, таптың мүддесін қорғап отырады. Сол әлеуметтік мүдденің ортақ болуынан пайда болған қоғамдық күштер, ең алдымен ӛздерінің ұйымдарын құрады, ол ұйымдар кӛбінесе саяси партияға айналады. Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар – қоғам мен мемлекет арасын байланыстырушы буын болып табылады. Азаматтық қоғамның элементі бола отырып, олар азаматтық қоғамның мемлекеттің саясатына нәтижелі ықпал етуіне мүмкіндік береді. Саяси партия – белгілі бір әлеуметік топтардың мүддесін кӛздейтін ӛз мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресетін және оны қолдауға ұмтылатын адамдардың ұйымдасқан тобы. Саясаттануда партияларды зерттейтін саланы партология деп атайды. Партияны басқа да қоғамдық-саяси ұйымдар мен қысымшы топтардан айыратын мынандай белгілерін кӛрсетуге болады: 1. Ұйымдық жағынан құрылуы: партия ішіндегі тұрақты қатынастар және жалпы ұлттық, аймақтық, жергілікті дәрежедегі тармақталған құрылымның болуы (сайланбалы орталық органдарының және аймақтық бӛлімдер жүйелері). 2. Билікке ашық түрде бағытталуы, ұмтылуы. Бұл партияны қоғамдық қозғалыстардан ғана емес, қысымшы топтардан да айыратын белгісі болып табылады. Қысымшы топтардың нақты билігі болса да, оны ашық түрде емес, ӛз мүдделерін партия жетекшілері арқылы білдіруге тырысады. 3. Бұқаралық тірек табуға тырысуы – партияның белсенді мүшелері мен сайлаушыларын (қолдаушыларын) кӛбейтуге тырысады. Бұл партиядан ӛз доктриналарын үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. 4. Партиялық доктриналардың идеологиялануы. Партия ӛз қолдаушыларына қоғамды дамыту стратегиясына байланысты белгілі бір бағыттар жүйесін ұсынады. 5. Бағдарламалық мақсаттың, яғни қоғам дамуының белгілі бір жобасының болуы. Бағдарламада белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесі кӛзделеді немесе қалың бұқараның мүддесін кӛздеуге тырысады.
43. Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?
44. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары қандай?
Бір партиялық жүйе ӛзінен басқа билік үшін күресетін бәсекелес партияларды болдырмайды, мұндай жүйеде партиялық және мемлекеттік басшылықтың ұласуы жүзеге асады. Бір партиялық жүйе тоталитарлық, кейде авторитарлық режимдерге тән. «Жалған» көппартиялық (квазинаппартиялық) жүйе, мұнда нақты билік бір партияда болады сонымен бірге басқа партиялардың қызметіне формальды түрде болса да рұқсат етіледі. Мысалы, Қытайда коммунистік партиядан басқа сегіз партия бар, алайда олардың барлығы ҚКП-ның басшы ролін мойындайды. Бұл жүйені басқаша «гегемон – партия жүйесі» деп те атайды. Бипартизм немесе екіпартиялық жүйе (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл жүйеде кішігірім партиялар болады, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді. Сайлауда (АҚШ-та президенттік сайлауда, Ұлыбританияда парламенттік сайлауда) жеңген партия министрлер кабинетін құруға құқық алады. «Екі жарым партиялар» жүйесі, екі партиялық жүйеден айырмашылығы, сайлауда жеңген партия үкіметті үшінші партиямен бірігіп құрады. Мұндай жағдай Германияда бар. Сайлаудағы негізгі бәсекелестерХристиан-демократиялық одағы (ХДС) және социалистік партия (СДПГ). Ұзақ жылдар бойы үшінші партия ретінде еркін демократтар партиясы (СвДП) болып, олар бірде СДПГ-мен (1969- 1982 жж.), бірде ХДС-пен (1982-1998 жж.) блок құрды. Ал 1998 жылдан билікке келген социалистер «жасылдармен» коалиция құрды. Көппартиялық жүйе деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Билікке тӛрт және одан да кӛп партиялар қатысады. Демократиялық елдерде екі және кӛппартиялық жүйелер үстем болып табылады. Саясаттанушылар бұл жүйелердің басым және осал жақтарына кӛңіл аударады.
45. Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба?
46. Саясатты тек ғылым ғана емес, өнер де дейді. Неге?
47. Саясаттанудың сіздің мамандығыңызға қажеті бар ма?Қандай?
48. Қоғамдағы саяси ғылымның орны қандай?
Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде: 1) саяси теория; 2) саяси институттар; 3) саяси партиялар, топ¬тар, қоғамдық пікір; 4) халықаралық қатынастарды анықтады. Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.
Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал.
Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал. Жаңа кезеңде Ш.Монтеське, Ж.Руссо, Б.Констан, И.Бентам, О.Конт сияқты ойшылдармен саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды
Ал саяси ғылым жеке білім саласы ретінде XIX ғ. 50 ж. қалыптаса бастады. XIX ғ. мен XX ғ. шегінде алғашқы саяси зерттеулер пайда болады. 1903 ж. АҚШ-та бірінші ұлттық саяси бірлестік құрылды. Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.
Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі - [[[international Political Science Association]], IPSA]- әлемнің көптеген елдерінің саясаттанушыларын біріктіруші ұйым. ЮНЕСКО шешімі бойынша 1949 ж. құрылған. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі мен ЮНЕСКО жанында кеңесші мәртебесін алған. Саяси ғы¬лымның халықаралық бірлестігі 40-тан аса саяси ғылымның үлттық бірлестіктерін, 100-ден аса жетекші университеттердің кафедраларын, бір мыңнан аса жеке мүшелерді, танымал саясаттанушыларды біріктіреді. Саясаттанушылардың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде, саяси зерттеулерді дамыту мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бірлестік штабы Париж қаласы Саяси ғылымдардың ¥лттық қорының жанында орналасқан.
