- •Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
- •Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады?
- •Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
- •29. Утопиялық социалистердің саяси көзқарастары қандай?
- •30. Марксизм саяси өмірді танып білуге қандай үлес қосты?
- •31. Периклдің басшылық еткен дәуірінің сол кездегі коғамға әсері болды ма?
- •32. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?
- •34. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
- •35. Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
- •36. Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмасы неде?
- •37. Басқа тәртіптермен салыстырғанда демократия не себепті ең жақсысы болып есептеледі?
- •38. Мемлекеттің пайда болу теорияларының қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
- •39. Мемлекет кімге қызмет етуі керек:өзіне-өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға?Ойыңызды дәлелде
- •40. Мемлекеттің белгілері қандай?Бұл белгілерсіз мемлекет бола ала ма?
- •41. Құқықтық мемлекеттің айырмашылығы неде?
- •42. Басқа қоғамдық саяси ұйымдардан партияның айырмасы неде?
- •43. Қазіргі қоғам саяси партияларсыз, қоғамдық-саяси қозғалыстарсыз өмір сүре ала ма?
- •44. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық жүйелердің басым және осал жақтары қандай?
- •49. Қазіргі кезде Марксизмнің дағдарысқа ұшырау себебі неде?
- •50. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тотаритарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саяси білім саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық иниституттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, немесе оларды бейбіт түрде шешу сияқты қасиеттерді қалыптастарады. Саяси білім азаматтарға қоғамдағы құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға тәрбиелейді. Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет дара әкімшілікке негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Қорыта келе саяси білім әр азаматқа үкімет көлемінде өз қызығушылығын қалай қанағаттандыру керек екендігін үйретеді.
Барлық уақытта, әсіресе бүгінгі күні саясаттың маңызы артып отыр, себебі саясат барлық уақытта жеке адамдардың, тіпті бүкіл халықтардың ӛміріне, тағдырына шешуші ықпал етеді. Антикалық заманның ұлы ойшылы – Аристотель б.з.д. V ғасырда-ақ айтқандай, саясат – адамның табиғатынан туындайды, себебі адам - 10 әлеуметтік жәндік, ол тек қана ұжымда, қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана толыққанды ӛмір сүре алады. Саяси білім мен мәдениет бүгінгі күні кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір адамға керек, себебі ол қоғамда ӛмір сүріп, тіршілік етіп басқа адамдармен және мемлекетпен міндетті түрде бірлесіп әрекет етеді. Ал саяси білімі мен мәдениеті жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың арбауына түсіп, оны саяси белсенді күштер ӛз мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін. Адамдардың кӛпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан мемлекетте адамдардың ӛркениетті ӛмір сүруіне тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі, ӛркениетті ӛмір сүру ӛнері ретіндегі саяси мәдениетті саналы түрде қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның міндеті, оның дұрыс дамуының маңызды шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы – қоғамдық ӛмірдің барлық салаларында сапалық түбегейлі ӛзгерістерді басынан кешіп отырған мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстандағы саяси және қоғамдық қайта құрулардың табыстарға жету шарттарының бірі – азаматтардың саяси ғылым мен демократиялық мәдениет негіздерін меңгеруі болып табылады. Кез келген әлеуметік ӛзгерістердің, ең алдымен, адамдардың сана-сезімінде басталатыны белгілі. Демократиялық құрылыс тұрғындардың саяси мәдениетінсіз қалыптаса алмайды. Демократия – халық билігі, ал халық жеке адамнан басталады, демократия адамды биліктің кӛзі етіп, оны ӛз елінің тағдырын жасаушы, халықаралық саясатты жасаушы етеді. Демократиялық мемлекет жағдайында әрбір адам саяси шешім қабылдауға нақты әсер етпегенімен, мемлекеттік саясатта тұрғындардың түрлі топтарының мақсат-мүдделелінің ескерілуі, басқарушы элитаның құзіреттілгі мен жауапкершілігі адамдардың кӛпшілігінің саналы түрдегі таңдауы мен белсенділігіне байланысты болады.
