- •18. Түсіріс көлбеулігіне байланысты түсіріс нүктелерінің ығысуы
- •19. Аумақтың бедеріне байланысты түсіріс нүктелерінің ығысуы
- •20. Жалқы түсірістің бағдарлау элементтері
- •1. Фототопографиялық түсірулер (съемка) түрлері мен әдістері
- •2. Орталық проекцияның оптикалық негіздері
- •Түсіріс(cнимок) және нысанның үлгісін бақылау және өлшеу
- •14. Аэрофотограмметрияда қолданылатын координаталар жүйелері
- •10. Аумақтың сәйкес нүктелерінің координаталары мен олардың фототүсірістегі бейнелеріндегі координаталары арасындағы тәуелділік
- •Түсірістерді транформалау бойынша жалпы мағлұмат
- •. Стереожұп нүктелерінің координаталары мен параллакстары
- •Фотопландардың міндеттері, құрастыруы және дәлдігі
- •Фотосұлбалардың міндеттері, құрастыруы және дәлдігі
- •5 Сұрақпен бірдей
- •Универсал стереоаспаптар міндеттері және классификациясы
- •Кеңістіктік фототриангуляция міндеттері және классификациясы
- •30 Сурет-маршруттық фототриангуляциядағы тірек нүктелерінің орналасу схемасы.
- •Геодезиялық және фотограмметриялық координаталар арасындағы байланыс
- •4 Сұрақпен бірдей
- •Трансформаторда түсірістерді трансформалау
- •Сыртқы бағдарлау элементтері
- •Түсірістерді трансформациялау элементтері
- •18, 19, 20 Сұрақтардың жауабын таба алдамым!!!
Фотосұлбалардың міндеттері, құрастыруы және дәлдігі
Фотосұлба деп жоспарлы түсірістерден құрылған жергілікті жердің фотограмметриялық бейнесін атаймыз.
Фотосұлба - өзгертілмеген пландық аэрофотосуреттердің пайдалы ауданының жалпы нүктелері немесе бастапқы бағыттар бойынша монтаждау нәтижесінде алынған жергілікті жердің фотографиялық бейнесі. Фотослұлбаны жасап шығару аэросуреттерді далалық дайындауды және өзгертуді қажет етпейді, сондықтан аэрофототүсірістен кейін қысқа мерзімде жасалуы мүмкін. Фотосұлба дәл өлшеулерді қажет етпейтін әр түрлі іздестіру кезінде жергілікті жерді зерттеу үшін пайдаланылады. Фотосұлба масштабы аэрофототүсірістің масштабына тең болады. Бастапкы бағыттар бойынша құрастырылған фотосұлба дәлдігі бойынша контурлар арқылы құрастырылғаннан жоғары болады да, дәлденген фотосұлба деп аталады, бірақ оны жасап шығаруға әдеттегіге қарағанда көп уақыт кетеді.
Фотосхема деп пландық түсірістерден құралған жергілікті жердің фотограметриялық түсірісі аталады. Жазық жердің фотосхемасын жақындатылған фотографиялық план ретінде қарастыруға болады. Фотосхемлар далалық дешифрлеудің шолу мәліметтері, рельефті түсіру, геологиялық және географиялық зерттеу және инжинерлік жобалық жұмыстар кезінде қолданылады.
Егер арақашықтықты және ауданды өлшеу кезінде үлкен дәлдік қажет болмаса фотосхемалар пайдаланады. Олар маршрутты және көпмаршрутты болады.
Түсірісті монтаждаудың екі тәсілі ажыратылады:
1. Алғашқы бағыт бойынша, бұл тәсіл өлшеу жұмыстыры кезінде қолданылыды.
2. Контуры бойынша, бұл тәсілді фотосхема рекогносцировка, дешифрлеу жұмыстарында қолданылады.
Фотосхемаларды құруда келесі процесстерді жүзеге асырады:
1. Түсірістің монтажы.
2. Түсірістің қимасы.
3. Түсірісті негізге жабыстыру.
4. Фотосхеманың дәлдігін бағалау
5. Фотосхеманы безендіру.
Фотосхеманың маршрутын алғашқы бағыт бойынша құру технологиясын қарастырымыз. Түсірістің барлық маршруты бойынша орталық нүктелерін таңдап, кейін оны көрші түсіріске тасымалдайды. Тақ түсірістерде бастапқы бағытты қаламмен жүргізеді. Көрші түсірістердің орталық нүктелерін көлденең жабындының ортасында бастапқы бағытқа бір бақылау нүктесін к1, к2…..kn бекітеді. Нақты түсірістерде - пуансонмен барлық бекітілген нүктелерді теседі.
Түсірістерді монтаждау кезінде, алғашқы екі түсірісті негізге орнатқанда жоғарға түсіріс қағылған тесікпен болу керек. k1тесігінің центрі, төменгі түсірістің қазығына сәйкес келеді.
Түсірістеерді біріктіріп, оларды жүктермен басқаннан кейін оларды көлденең жабындының ортысымен кеседі. Кесінділерді алып тастағанан кейін, түсірістерді негізге резинкалық желіммен жабыстырады. Осылайша осы маршруттың түсірістерін монтаждаймыз. Көп маршрутты түсірістерді мондаждау кезінде, алдымен ортаңғы маршруттың түсірістерін монтаждайды. Содан кейін біріккен контурлардың толық бірігуне дейін маршрутты монтаждайды. Барлық түсірістерді көлденең жабынды бойымен кеседі, сонымен қатар бойлық жабынды бойымен кеседі. Содан кейін кесінділерді алып тастап,түсірістерді негізге жабыстырады. Жабыстыруды ортаңғы маршруттың ортаңғы түсірісінен бастайды.
Түсірісті монтаждау кезінде 2 түсірісті контурлары бойынша жабынды бойымен біріктіреді. Сызықтың кесіндісін көлденең және бойлық жабынды сызығының ортасынан таңдайды. Сонымен қатар, сызықтың кесіндісі сызықтық контурларға перпендикуляр және характерлік контурлар болуына қол жеткізеді. Кесіндінің сызығын қаламмен болжап сызады.Кесіндінің жан-жағында дәл жабыстыру үшін қажетті белгілерді орнатады.
Фотосхеманы кесінділер бойынша бақылауды фотопланды дұрыстау кезіндегідей жүргізеді. Бақылау нәтижелерін бақылау парағына еңгізеді. Бір маршрутты фотосхема масштабын фотосхемада максималды алыстағы нүктелер арасындағы өлшенген қашықтық бойынша анықтайды. Фотосхема маршрутының масштабы тірек пунктері мен карталар көмегімен анықталады. Бастапқы бағыт бойынша монтаждалған фотосхема маршруты ортанғы нүктелер мен фотосхеманың шеткі түсірістері арасындағы қашықтық Ln, маршруттағы стереокарта саны n.
Фотосхема масштабы шетте орналасқан тірек нүктелерімен анықталады, сол себепті максималды қате нүетенің фотосхемада орналасуы маршруттың ортасында болады.
