Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.87 Кб
Скачать

Принциптер:

  1. Салық жүйесінің қарапайымдылығы – салық салу нысанын анықтайтын қарпайым нысанды таңдау керек, себебі салық төлеушілер салық төлеуден бас тартып, табыстарын азайтып көрсетуге тырысады.

  2. Салық жүйесінің бейтараптылығы, яғни салық жүйесі мемлекетті қолдап, салық төлушілерді жазаламау керек.

  3. Салық жүйесінің тиімділігі, салықтарды белгілеу және оның төленуін қамтамасыз ету экономиканың қызмет етуі мен капитал салымының өсуіне кедергі болмау керек.

  4. Сызықтық пропорционалдық қолдану, сызықтық салықты қосылған құн салығына, табыс салығына қолдану қажет, бірақ мұндай салық ставкалары, кәсіпорын салық төлеушінің меншік нысанына тәуелсіз түрде біріңғай болу қажет.

  5. Салық жүйесі ашықтығы немесе салыстырмалылығы, экономикалық қатынастар бойынша елдің әріптес елдердің негізгі салық түрлері мен салық салудың әдіс-тәсілдерімен белгілі бір салыстыруды, қамтамасыз ету керек.

ҚР салық кодексіне сәйкес салық салу принциптерінде салық жүйесінің біртұтастық принципі қарастырылады. Яғни салық жүйесі республикалық бүкіл аумағындағы барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Салық жүйесі дегеніміз не?

  2. Салық жүйесі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

  3. Салықтық заңнамалық базасын не құрайды?

  4. Салық қандай белгілері бойынша сыныпталады?

  5. Салық сыныптамасы дегеніміз не?

  6. Салықтың басқада міндетті төлемдерден қалай ерекшеленеді?

  7. Салық жүйесін құрудың Салық кодексімен анықталған принципінің мәнін неде?

  8. Салық жүйесінің ашықтылығы приципінің мәнін неде?

  9. Салық жүйесінің бейтараптылығы приницпінің мәні неде?

  10. ҚР Салық кодексімен анықталған салықтарды атап көрсетіңіз?

3-тақырып. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі.

Мақсаты: Салық саясатының қаржы және фискалдық саясаттың құрамдас бөлігіретіндегі мәнін ашып, салық саясатының түсінігін, типтерін және елдің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы алатын орнын көрсету.

Негізгі түсініктер: фискалдық саясат, қаржылық саясат, салық саясаты, дискрециялық емес фискалдық саясат, орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық жоспар, ортам мерзімді фискалдық саясат

Қарастыратын сұрақтар:

1.Салық саясатының экономикалық мазмұны

2. Салық механизмі ұғымының экономикалық мәні

3. Салық саясатының түрлері

Салықтар - мемлекеттік егемендіктің ықылас білдіруінің бірі. Осынысымен олар мемлекеттік мүліктер мен қарыздардан алынатын табыстардан ерекшеленеді. Мемлекеттің егемен құқығы болып әрқашанда салықты өндіріп алудың құқығы тиынды шығару және әділ сотты жөнелту сияқты, соған орай, салықтар біржақты тәртіпте белгіленген. Салықтар және олардың қызметтері нақты базисті көрсетеді, яғни салықтық саясатты мемлекетпен қолданылатын салықтық қатынастардың жылжуының обьективті заңдылықтары

Салықтық заң шығарудың мақсатты бағытталуы қолданылуды анықтайтын үкімет органдарының және басқарудың құқықтық қызметтердің кешенінің үсынушысы болып есептеледі. Бұл көзқарастан, халық аймағындағы саясат - бұл сонымен қоса мемелекеттік табысты реттеу, жоспарлау және бақылау кезінде салықтық техниканы жүзеге асырудағы құқықтық нормалар.

Қазіргі экономистердің анықтауы бойынша, салықтық саясат қаржылық саясаттың бөлігі болып табылады. Салықтық саясаттың мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылым мен үкімет басындағы тұрған әлеуметтік топтармен шарттасылған. Экономикалық негізделген салықтық саясат салықтық жүйе арқылы орталықтанған құралдарды оптимизациялаудың мақсатының ізіне түсуде. Батыс экономистерінің салықтық саясатты бөлек бөлмейді және мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін орындауын салықтар арқылы жүзеге асырудың қаржыландыруын түсіндіруімен, мемлекеттік шығындардың жағдайларын зерттеуінсіз салықтың әсерін қарастырмайды.

Жұмыспен қамтылу, өндіру көлемдерінің және инфляция қарқынының өзгеру деңгейіне бағытталған үкіметтің арнайы шешімдерінің нәтижесінде мемлекеттік шығындардың, мемлекеттік бюджеттің, салықтарының және сальдо мөлшерінің «мақсатты бағытталған өзгертулері» ретінде анықталатын бұндай саясатты дискрециялы фискалды деп атайды.

Дискрециялық емес фискалдық саясат - бұл сондай-ақ жалпы табыстың циклдік ауытқудың нәтижесінде айтылған мөлшерінің автоматикалық өзгеруі. Мұндай саясат тұрақтандырылған ықпал көрсететін ЖҰӨ өсу (кему) мерзіміндегі мемлекеттік бюджетке таза салықтық түсімдердің автоматикалық көбеюін (азаюды) болжайды.

Нақты жағдайда таза салықтық түсімдер бюджетке салықтық түсімдердің мөлшерінің және үкіметтің төленген трансферттер сомасының арасындағы айырымын айтады.

Мысалы, Юткина Т.Ф. салық саясаты «салықтық заңдардың мақсатты бағытталуын айқындайтын үкімет органдарының және басқарманың құқықтық қызметінің кешені» деп анықтайды.

Салықтық саясатты жүргізудегі бастапқы нұсқама болып тек қана құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, салық төлеушілерден салықтық төлемдерді төлету емес, сонымен қоса салық салудың ықпалының астында жиналған шаруашылық-экономикалық қатынастарды бүкілжақты бағалауды жүргізу. Сондықтан, салық саясатs - бұл салықтық заңдардың ұйғарымның автоматикалық орындалуы тиіс, оларды жетілдіру.

Салықтық саясат келешекке есептеумен жүргізілген салықтық стратегия, ал нақты мерзімді - салықтық тактика. Тактика және стратегия айырылмас, егер мемлекет қоғамдық, корпоративтік және жеке экономикалық ынталарды келістіруге ұмтылады. Жиі, мемлекеттің басқарушысымен әрекет қылған нақты кезеңде салық салудың координациясы бойынша тактикалық қадамдар экономикалық дәлелденбеген. Бұл тек қана салықтық стратегияның өткізуіне кері әсер келтірмей ғана қоймай, сонымен қоса мемлекеттің экономикалық бағытын деформациялайды. Салық саласындағы Ресейдің әйгілі экономисі Черник Д.Г. «салықтық саясатты экономикалық мемлекеттік реттеудің негізгі құрамы болып табылады және жеке кәсіпкерліктің дамуына қаржылық ықпалын көрсетеді» деп ойлайды.

«Салықтық саясаттың қаржы құралдарының алымының формалары мен әдістерінің жиынтығы - қиын жағдай». Онда терең қарама-қайшылық шалғындық салынаған: бір жағынан, экономика субъектілерінен жеткілікті қаржы ресурстарын айыруды қамтамасыз ету, екінші жағынан - бүл жағдайда олардың іскерлік активтілігінің төмендеуін ұйғармау. Бұл парадоксты шешу орынды компромисс есебінен қамтамасыз етіледі - деп, өз жүмыстарында Соколинский В.М. белгіледі.

Экономикалық сөздіктерде берілген анықтама келесі түрде жинақталған: «салықтық саясат - салық салуда тікелей немесе жанама қатынасқа ие, қандай да бір мемлкеттің конституциясымен салықтық заңдардың жиынтығы жэне басқа заңды актілерді анықталған салықтық қатынастардың қатысушылардың өздерңінің қүқықтары мен міндеттерінің орындалуындағы стратегиялық бағыт және тактикалық іс-әрекет».

2. Мемлекет өзінің салық қарекетін жүзеге асыру барысында белгілі бір ұсыныстар мен идеяларды жетекшілікке алады. Демек, әрбір мемлекеттің салық салуға қатысты қалыптасқан көз қарастар жүйесі болады. Оны жетекшілікке ала отырып салық саясатын жүзеге асырады. Ғалым А. В. Брызгалин салық саясатына мынадай анықтама берген:

Салық саясаты дегеніміз бұл қоғам алдынғы қандай да болмасын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің салық саласында жүргізетін шаралар мен актілер жүйесі. В. Г. Пансковтың айтуы бойынша, салық саясаты -бұл мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қаржы ресурстарын қайта бөлу есебінен экономиканың дамуын қамтамасыз ету үшін, салық жүйесін қалыптастыруға байланысты экономикалық-қаржылық және хұқықтық шаралардың жиынтығы.

Демек, салық саясаты дегеніміз мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған салық саласында жүргізетін шаралар жиынтығы. Салық саясаты өзіндік мазмұнды иеленіп белгілі хұқықтық нысандарда жүзеге асырылады. Салық саясатының мазмұны мемлекет өзіне жүктейтін міндеттер мен функциялар арқылы анықталады. Салық саясатының мақсаты мен міндеттемелер нақты экономикалық және саяси коньюктура байланысты анықталады. Мемлекеттің салық саясатын оның сипатына байланысты салық мәселелерімен айналусышы Л.Окунев келесідей типтерге бөледі:

  1. Алуға болатынның барлығынан салық алу принципіне негізделген максималды салықтар саясаты.

  2. Кәсіпкерліктің дамуын жағымды салықтық ахуал қамтамасыз ететін саналы салықтар саясаты.

  3. Елеулі әлеуметтік қорғауды қарастыратын салық салу деңгейі біршама жоғары салықтар саясаты

Салықтық саясат екі өзара байланысты әдістермен өткізіледі:

  • салықтық жоспарлау және болжау;

  • салықтық есептеме.

Салықтық жоспарлау мен болжаудың негізгі міндеттері - бюджеттік тапсырмалардың сапалы және санды параметрлерін экономикалық негізделумен қамтамасыз ету және салықтық концепциясының заңды тәртіппен өңделген және қабылданған шығатын елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың болашақты бағдарламасы. Берілген міндет бір қаржылық жылға (ағымдық салықтық жоспарлау), сондай-ақ тым алыс болашаққа (салықтық болжау) есеп айырысу болып орындалады. Соған орай салықтық жоспарлаудың тактикасын және оның стратегиясын бөледі.

Салықтық жоспар мен болжауды қаржы мемлекеттерінің базистік элементтерінің бірі ретінде қарастыру толығымен заңдылықты. Берілген жағдайда қаржы менеджменті елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық басқару позициясынан жалпы мағынада қарастырылады

Жоғарыда айтылғандай, салықтық саясат болашаққа есеп айырысумен өткізілетін, бұл салықтық стратегия, ал ағымды мемлкетте салықтық тактика. Бұдан, экономикалық дамудың тенденциясына жанаса ғылымдардың болжамын есепке ала отырудан объективті шындылығынан, қоғамдағы әлеуметтік жағдайының жайы, мемлкетпен жетілдірілетін салықтық стратегия келесі міндеттерді құрайды:

  • экономикалық - экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өндірістің циклдігін әлсіретуін, дамудағы сәйкестенбеулерді жою, инфляциялық процестерді жою;

  • әлеуметтік - пайданың өсімін ынталандыруды және халықтың табысының түсуін жаратпау жолдарымен белгілі әлеуметтік топтардың ықыласында ұлттық табиғатты қайта бөлу;

  • қазыналық - мемлекеттің табыстарын көбейту;

  • халықаралық - басқа жағдайларды жеңу үшін. Басқармалық құрылымдардың тактикалық іс-әрекетері мен мемлекеттің конституциялы құқық актілерімен бекітілген салық салудың жалпы стратегиясының арасындағы қарама-қайшылықтары бюджеттің қайта теңгеруге, шаруашылық механизмдегі қауызға, қайта өндіру процессінің тежелуіне және жалпы экономикалық кризиске әкеледі.

Салықтық тактика бюджеттік сыныпталу тілігінде табыстылық бюджеттік статьяда жалпы кұрылымдардың жасалуында, салықтық реттеу және бақылауды өткізудің тұсында үкімет және басқару органдарының тәжірибелік іс-әрекеттерінің кешенін көрсетеді. Тактикалық қадамдардың сапалы мазмұны барлық бюджеттердің деңгейлерінің орындалуының толықтығын және уақыттылығын алдын-ала анықтайды.

Салықтық саясаттың өткізілу тұсында тактикалық іс-әрекеттердің негізделуі бюджет табыстарының құрылуында үлкен рөлін ойнайды. Нақты нүктелі тапсырмалардың орындалуы бойынша салықтардың сәйкес жоспар кезеңі тұтас қатар өзара аралас іс-әрекеттерден құрылады:

  • өткен кезеңде экономикадағы пайда болған тенденцияны есепке ала отырып салықтық шаралар жүйесінің нұсқауларын іздеу;

  • оңтайлы салық салудың нұсқауларын бағалау, олардың салықтық сынып қаржы-шаруашылық қызмет тұрпаттарын, салық төлеушілер сыныбын, бөлек территориялар және басқа факторлар тілігінде олардың ранжированиесі;

  • болашақ салықтық тәртіптердің артық көрінетін варианттарды негіздеу;

  • өткен жылдық бюджеттің орындалуының сараптаманың жүргізілуінің нәтижесін есепке ала отырып салықтық табыстардың жобаларын есептеу;

  • бюджеттік сыныпталудың сәйкес баптары бойынша үкіметпен және парламентпен қабылдаңған салықтық міндеттемелерді талқылау, сәйкес заңдардың бюджеттік табыстарының ақырғы ұйғару негізінде нақтылау және қабылдау.

. Салық механизмі дегеніміз бұл көзделген шараларды жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Салық механизмінің құрамдас элементтері:

  1. Салықты болжау мене жоспарлау

  2. Салықтық реттеу

  3. Салықтық бақылау

Салық тексеруi - салық қызметi органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, Салық кодексіне сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеушi салық тексерулерiне қатысушылар болып табылады.

Салық тексеруi мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтiк тексеру;

3) хронометраждық зерттеу.

1. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) кешендi тексеру - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;

2) тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;

міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;

банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Салық кодексмен белгіленген міндеттерді орындауын;

трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;

салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тексеру;

3) қарсы тексеру - егер салықты тексерудi жүргiзу кезiнде салық органдарнда аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.

2. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:

1) салық төлеушiлердiң салық органдарында тiркеу есебiне қойылуы;

2) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;

3) лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;

4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.

3. Хронометраждық зерттеудi салық органдары салық төлеушiнiң нақты кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi.

Салық тексеруiн жүргiзу, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс.

Салық органдар заңды тұлғаның өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi кешендi - жылына бiр реттен жиi емес;

тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Салық Кодексінде белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.

Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi

Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органдар алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.

Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органдар құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органдарның салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.

Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органдарның талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органдарның мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.

Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.

Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртiбiне сәйкес белгiленедi.

2-бөлім. Меншікке салынатын салықтар

4-тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық

Мақсаты: Көлік құралдарына салық салудың мәнін ашып, Салық кодексімен белгіленген салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.

Негізгі түсініктер: двигатель көлемі, жүк көтергіштік, отыратын орын саны, двигатель қуаттылығы, двигательдiң қуаттылығы ат күшi.