- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Салық есептiлiгi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Салық және салық салу дегеніміз не?
Салық және салық салу қатынастарының қаржылық қатынастардан ерекшелігі неде?
Салық және салық салу қатынастарының қатысушы тараптары кімдер?
Салық және салық салудың қажеттілігі неде?
Салықтың экономикалық мағынасын ашып көрсетіңіз?
Салықтың құқықтық мағынадағы анықтамасы?
Салықтың материалдық мәнін сипаттаңыз?
Салықтың сипатты белгілерінің мәнін көрсетеңіз?
Салықтың материалыдық белгісі не болып табылады?
Салықтың экономикалық белгілеріне не жатқызылады?
Салықтың құқықтық белгілеріне не жатқызылады?
Салық салудың классикалық принциптерінің мәні ашып көрсетіңіз?
Салық салудың экономикалық принциптерінің мәні неде?
Салық салудың құқықтық принциптерінің мәні неде?
Салық салудың ұйымдастырушылық принциптерінің мәні неде?
Салық салудың А. Вагнер ұсынған принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз?
Салық салудың Салық кодексімен анықталған принциптердің мәнін көрсетіңіз?
Салық салудың әдістері қандай және оларға сипатама беріңіз?
Салық салу тәсілдерінің мәні неде?
Салықтың есеп әдістері және олардың қолданылу жағдайын көрсетіңіз?
2-тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама
Мақсаты: салық жүйесі түсінігінің мәнін ашып, оны құраушы жекелеген элементтерге және жүйені қалыптастыру принциптеріне сипаттама беру
Негізгі түсініктер: салық жүйесі, салық тық қатынастар, салық органдары, салық жүйесін құру принциптері, төлемақы, алым, баж.
Қарастырылатын сұрақтар:
Салық жүйесі түсінігі, құрамы мен құрылымы
Салық жүйесін құру принциптері
Салық сыныптамасы
Система гректің бөлшектерден құралған бүтін деген мағынаны білдіреді. Салық жүйесі дегеніміз салық төлеушілермен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бір-бірімен өзара байланысты болатын салықтардың жиынтығынан құралған кешен. Бұл жиынның құрамдас бөліктерін төмендегідей:
Заңдық және нормативтік:салықтық қатынастарды реттейтін ҚР салық кодексі, кодекске қосымша нұсқаулар, бұйрықтар, қаулылар.
Салықтарды құру мен салу әдістері.
Салықтық бақылау түрлері мен нысандары
Ұйымдар
Салық қаржылық субкатегория болғандықтан, интеграциялық сипатта салық жүйесіне мынандай анықтама беруге болады. Салық жүйесі дегеніміз ел аумағында әрекет ететін салықтар, оны төлеу барысында туынд айтын міндеттемелерді жүзеге асырумен байланысты туындайтын салықтық қатынастар және осы қатынастарды реттейтін салық органдардың жиынтығы. Осы анықтамаға сәйкес салық жүйесі 3 элементтен тұрады:
Салықтар.
Салықтық қатынастар.
Салық органдары.
Салықтың басқада міндетті төлемдерден ерекшелігі
Мемлекеттік алым- бұл, төлеушіге қатысты құқықтық мәні бар актіні жасаған үшін мемлекеттік органға жасалатын төлем.
Мемлекеттік алым мемлекеттік шығыстардың орнын толтыруға арналса, салық тұтастай мемлекеттік қызметті қаржыландыруға арналады;
салықтың белгісі –қайтарымсыздық болып табылса, алым салыстырмалы эквивалентті;
алым бір ретті, ал салық тұрақты және ұзақ қатынастар;
салық мәжбүрлік сипатты иеленесе, алымдар ерікті сипатты иеленеді.
Төлемақы- мемлекет иелегіндегі немесе мемлекеттң фискалдық меншігіне жатқызылған обьектілерді пайдаланған үшін мемлекетке төлем.
салық кайтарымсыз және өтемсіз болса, төлемақы- өтемді және эквивалентті;
салық қаржылық қатынасты туғызса, төлемақы-азаматтық-құқықтық қатынас;
Мемлекеттік баж- заңдық мәні мен құжатты беруге уәкілеттендірілген орган немесе уәкілетті тұлғаның осы әрекеттерді жасағаны үшін алынатын міндетті төлем.
Өткен ғасырда Э. Селигман салықтың баждан келесідей айырмашылықтарын көрсеткен:
Баж мемлекеттік қандайда бір қызмет көрсетулеріне төлем;
баж белгілі бір қызметтерге төлем ретінде алынады, салық өлшемі- төлемқабілеттілік, баж- жеке тұлға алатын арнайы олжа;
баж көрсетілетін қызметтердің құны шамасынан аспауы керек, ал салық төлеушінің мемлекеттен алатын қызметтерінің көлеміне тәуелді болмайды.
Салық классификациясы дегеніміз – салықты белгілі бір ұқсас параметрлері және сипаттары бойынша топтарға жіктеу:
салық салынатын субъектіге байланысты :
жеке тұлғаларға
заңды тұлғаларға
салық салу объектісі бойынша:
тікелей-нақты( мүлікке, көлікке және жер) және жеке( салық төлеушінің табыстарына)
жанама – әмбебап(ҚҚС), жеке(акциз), фискалдық монополия, кедендік баж,
аймақтық деңгейіне байланысты :
жалпы мемлекттік
жергілікті
қолдану сипатына байланысты:
жалпы қолданыстағы
мақсатты
есептеуші субъектісі мен төлеу тәсіліне байланысты:
окладты
окладсыз
салық базасының туындау негізі мен төлеу көзіне байланысты:
активті
пассивті
салықты төлем формасы бойынша:
ақшалай
натуралдық
төлеу мерзімі бойынша:
төтенше
кезеңді
салық ставкасы бойынша:
тұрақты немесе пропорционалды
регресивті
прогресивті
салық өлшемі бойынша:
абсолютті
салыстырмалы
ҚР аумағында әрекет ететін міндетті төлемдер түрлері:
Салықтар:
Корпоративті табыс салығы.
Жеке табыс салығы.
Қосымша құн салығы.
Акциз.
4-1 экспортталатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық.
Әлеуметтік салық.
Жер салығы.
Транспорттық салық.
Мүлік салығы.
Ойын бизнесіне салық
Алымдар:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіргеуге және фнемесеалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге алған үшін алымдар.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеуге алған үшін алымдар.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге алағаны үшін алым.
3-1жылжымайтын мүлік және кеме ипотекасын немесе салынап жатқан кеме кепілдігін мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін алым
Радиоэлектронодық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркелгені үшін алым.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркелгені үшін алым.
Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркелгені үшін алым.
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркелгені үшін алым.
Автокөлік құрамдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы.
Дәрі-дәрмек құралдаын мемлекеттік тіркелгені үшін алым.
Аукциондардан алынатын алым.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналасу үшін лицензиялық алым
Телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Төлем ақылар:
Жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлем ақы.
Жер бетіндегі көздерін су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ақы.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ақы.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ақы.
Орманды пайдаланғаны үшін төлем ақы.
Ерекше қорғалардың, табиғи аумақтарды пайдаланатыны үшін төлем ақы.
Радиожиілік спектрін пайдалну үшін төлем ақы.
Кеме жүретін су жолдарын пайдалынғаны үшін төлем ақы.
Сыртқы (корнекі-визуальный) жарнаманы ілгені үшін төлем ақы.
Мемлекеттік баж
Кедендік төлемдер:
Кедендік баж.
Кедендік алымдар.
Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем ақы.
Алымдар.
Салық – бұл мемлекеттің органдарының қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында заңды және жеке тұлғалардан алынатын мемлекетпен бекітілген міндетті төлем.
Алым – белгілі бір хұқықты беруге төленуі міндетті шарт болып табылатын міндетті жарна.
Баж – мемлекеттік қызмет көрсетуге айырбас ретінде заңдық мәні бар ярекеті жасағаны немесе құжатты берген үшін мемлекеттік органдарымен өкілетті тұлғалардың алатын міндетті төлемі.
Төлемақы – бұл мемлекеттік меншігінде және мемлекттік фискалдық монополияға жатқызатын объектілері қолданғаны үшін төлем.
Салық категориясы субъектіүшін мәжбүрлі төлем алым, өтініш білдірушіге қызмет көрсеткен мемлекеттік органның шығындарын өтейтін мөлшерге болатындықтан компенсациялық сипатты иеленеді. Салық өткенсіз эквивалентсіз болса, төлем ақы өтемді эквивалентті болады.
Баж мемлекетінің қызметіне төлем емес қызмет пен байланысты төлем болып табылады.
Салық жүйесінің принциптері
Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын салық жүйесін құрудың принциптерін ғалым Я.Корнай ұсынған.
