Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.87 Кб
Скачать

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Әлеуметтік салықтың мәні

  2. Салықты сомасын есептеу мен төлеу тәртібі

Әлеуметтік салық әлеуметтік: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру халықтың жұмысбастылығына ықпал ету қорларына сақтандыру жарналары аударымдарының орнына 1999 жылы қолданысқа енгізіді.

Әлеуметтiк салықты төлеушiлер болып бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, және де резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi табылады.  

Әлеуметтiк салық салу объектiсi болып бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны табылады. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер қолданылады.

Салық ставкалары

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салықты есептейді.

Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.

3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салықты есептейді.

4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.

5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.

Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. 

Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.

Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерiнiң орналасқан жерi бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.

Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.

Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны беру мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерiндегi салық органдарына құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабының тиiстi қосымшалары есеп-қисапты беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органдарына берiледi.

Әлеуметтік салықты төлеу

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық кезеңі

Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әлеуметік салықтық объектісі не?

  2. Әлеуметтік салықты кімдер төлейді?

  3. Әлеуметтік салықтың мәні неде?

  4. Әлеуметтік салықты қандай ставкалар бойынша төленеді?

  5. Әлеуметтік салық қашан төленеді?

  6. Әлеуметтік салық бойынша декларация қашан тапсырылады?

13-тақырып. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Мақсаты: Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен міндетті төлемдердің мәнін ашып, салық кодесімен анықталған ерекшеліктерін қарастыру.

Негізгі түсініктер: үстеме пайда салығы, бонустар: қол қойылатын және коммерциялық табу бонус,роялти.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың мәні

  2. Үстеме пайда салығы

  3. Бонустар

  4. Роялти

  5. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызметке салық салу  ерекшелiктерi

  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн: үстеме пайда салығын; жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);роялтидi; өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн;қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:

1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;

2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы; роялти; шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайда салығы; жер салығы; мүлiк салығы қосылмайды.  

14-тақырып Ойын бизнестеріне салық салу.

1.Ойын бизнесіне салығын төлеушілер, салық салу объектісі

2. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері

ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ 

Төлеушілер мынадай:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

 

Салық салу объектілері

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

 

Салық ставкалары

1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне - айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

 

Салық кезеңі

Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Салық салу объектілері  айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың  1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 416-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi

1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.

2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:

1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;

4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.

 

Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың  25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.

3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің  өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін  жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 418-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі  екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.

 

ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

Пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);

4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.

Төлеушілер

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз  ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

Тіркелген  салық салу объектілері

Мыналар:

1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5)  карт;

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 422-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)Тіркелген салықтың ставкалары

1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

 

Рет №

 

Салық салу объектісінің атауы

 

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

 

1-1. Салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

2.  Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.