Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.87 Кб
Скачать

Салық кезеңі

1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.

2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.

Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.

3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.

  Салық декларациясы

1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Қорытынды:

Салық мемлекетпен бірге қалыптасып, оның қызмет етуінің материалдық негізін құрайды. Мемлекеттің өзіне жүтелген міндеттері мен функциялары, қаржы ресурстарына деген қажеттілігінің көрінісі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі салық есебіне қалыптасатындықтан, салықтар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына әлеулі ықпал етеді. Қоғам өміріндегі салықтардың алатын орыны мен рөлі оның материалдық, экономикалық және құқықтық мағынадағы түсініктері мен оларға сәйкес анықталған сипатты белгілері және атқаратын функциялары арқылы мазмұндалады. Мемлекет иелігіне алынатын салықтық түсімдер қаншалықты оңтайлы және толық болса, оның көздеген мақсаты мен саясатының соншалықты шынайы жүзеге асырылады. Мемлекет өзін қажетті қаржымен қамтамсыз ету кезінде салықтың түрлерін барынша кеңінен қолданып, салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуде салық салудың принциптері мен әдістерін және тәсілдерін қолданады.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Салық және салық салу дегеніміз не?

  2. Салық және салық салу қатынастарының қаржылық қатынастардан ерекшелігі неде?

  3. Салық және салық салу қатынастарының қатысушы тараптары кімдер?

  4. Салық және салық салудың қажеттілігі неде?

  5. Салықтың экономикалық мағынасын ашып көрсетіңіз?

  6. Салықтың құқықтық мағынадағы анықтамасы?

  7. Салықтың материалдық мәнін сипаттаңыз?

  8. Салықтың сипатты белгілерінің мәнін көрсетеңіз?

  9. Салықтың материалыдық белгісі не болып табылады?

  10. Салықтың экономикалық белгілеріне не жатқызылады?

  11. Салықтың құқықтық белгілеріне не жатқызылады?

  12. Салық салудың классикалық принциптерінің мәні ашып көрсетіңіз?

  13. Салық салудың экономикалық принциптерінің мәні неде?

  14. Салық салудың құқықтық принциптерінің мәні неде?

  15. Салық салудың ұйымдастырушылық принциптерінің мәні неде?

  16. Салық салудың А. Вагнер ұсынған принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз?

  17. Салық салудың Салық кодексімен анықталған принциптердің мәнін көрсетіңіз?

  18. Салық салудың әдістері қандай және оларға сипаттама беріңіз?

  19. Салық салу тәсілдерінің мәні неде?

  20. Салықтың есеп әдістері және олардың қолданылу жағдайын көрсетіңіз?

10-тақырып. Жеке табыс салығы

Мақсаты: Жеке табыс салығының мәнін, салық объектісі мен субъектілерін салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.

Негізгі түсініктер: төлем көзінен салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынбайтын табыс, мүліктік салық.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Салық төлеушілер мен салық объектісі және салық ставкасы

  2. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

Төлем көзiнен салық салынатын табыстар мен төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.     

Жеке табыс салығы салынатын объектiлері:төлем көзiнен салық салынатын табыстар және төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.     

Салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға тиiс.

Дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

Салық салу объектілері

1. Жеке тұлғаның:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бірге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

тұрғын үй жалдау бойынша;

осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді

19) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуге жататын және меншiк құқығында бір жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20) тармақша өзгертілді

20) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

24) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жалдау шарты бойынша төлем есебіне есептелмейтін, жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

26) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;

27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.

28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда;

29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:

қарыз алушы - жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

қарыз алушы - жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;

асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда;

қарыз алушы - жеке тұлғада және қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ және субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.

Осы баптың ережелері:

банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген;

талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.

Салық ставкалары

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

 Салық кезеңі

1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:қызметкердің табысы,бiржолғы төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс,стипендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi. Салық агенттерi, төленген кiрiстер бойынша салықты аударуды төлем төленетiн айдан кейiнгi айдың 20-ына дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түріндегі кiрiстердi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мәлiметтер көрсетiледi. 

Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, салық кодекстiң 152-бабында көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.  Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.

Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:

  • заттай нысандағы еңбекақы; 

  • қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер; 

  • қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi. Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.

Қызметкердің материалдық пайда түрiнде алған табысы мыналарды да қамтиды: 

1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма; 

2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару; 

3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.

Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi. 

Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:мүлiктiк табыс; адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар өзге де табыстар жатады.

Салық төлеушi аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктерiндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актiлерiне сәйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме жүктелген адамдар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар;  Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 27 еселенген шегiнен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.

Әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерi-жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұсынады. 

Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

12-тақырып. Әлеуметтік салық

Мақсаты: Әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау мақсатындағы әлеуметтік салықтың мәнін ашып, Салық кодексімен белгіленген салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.

Негізгі түсініктер: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, еңбекке ақы төлеу қоры, қызметкерлер саны.