- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Салық есептiлiгi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Салық ставкалары
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу және ауыл шаруашылығы техникасымен, жабдықтармен қамтамасыз ету кезінде пайыздық мөлшерлемелерді арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 5 бабына сәйкес 147-бабы 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1) - 8), 10) - 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
