- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Салық есептiлiгi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
акциз салығын төлеушілер кімдер төлейді?
қандай қызмет түрлері акцизделінеді?
қандай товарлар акцизделінеді?
акциз ставкаларын кім бекітеді?
акциз салығын қашан төлейді?
импортталатын товарлар бойынша акцизді қашан төлейді?
акциз төленетін жер қалай анықталады?
акциз салығы бойынша салық декларациясы қашан тапсырылады?
акциз салығы бойынша салық кезеңі қашан туындайды?
4-бөлім. Табысқа салынатын салықтар
9-тақырып. Корпоративтік табыс салығы
Мақсаты: Акциз салығын салудың мәнін ашып, Салық кодексімен белгіленген салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі түсініктер: Адвалорлық акциз ставкалары акцизелінетін товарлар, акцизделінетін қызмет, акциздік марка, тұрлаулы акциз.
Қарастыратын сұрақтар:
Салық төлеушілер мен салық объектісі
Салық базасы және оған қолданылатын ставкалар
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Төлеушілер
1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.
3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:
1) салық салынатын табыс;
2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
Корпоративтiк табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтiк табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.
2. Салық Кодексінiң 141-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке Салық Кодексінiң 148-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, Салық Кодексінiң 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде ағымдағы айдың 25-iнен кешiктiрмей, ай сайын енгiзуге мiндеттi.
3. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтiк табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
