- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Салық есептiлiгi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Салық салу объектiсi
1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалануы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
5) лотереяларды ұйымдастыруы және өткiзуi;
6) акцизделетiн тауарлардың, акциз маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
Жергiлiктi өкiлдi органдар ойын бизнесi объектiлерiне белгiленген базалық ставкалар шегiнде қызметiн бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
Салық базасы
Тұрлаулы акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде белгiленедi.
Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде белгiленедi.
Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.
Акциз сомасын есептеу
Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
Салық кезеңiнде салық салынатын объектiлердiң саны өзгерсе, енгiзiлген (шығып қалған) объектiге акциз сомасы толық көлемде төленедi.
Акциз төлеу мерзiмдерi
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.
Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.
Шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
Импортталатын тауарларға акциздер, уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерiн төлеу үшiн белгiленген күнi төленедi.
Таңбалануға тиiстi импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздiк маркаларын алған күнге дейiн немесе алған күнi акциз төленедi.
Акциз төленетiн жер
1. Акциз төлеу ол төленетiн объектiнiң орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша төлейді.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.
Салық кезеңi
Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
Салық декларациясы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
2. Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етеді.
3. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.
