- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Салық есептiлiгi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
мүлікке салық салудың мәні неде?
заңды тұлғалардың мүлік салығының объектісі не?
жеке тұлғалардың мүлік салығының объектісі не?
заңды тұлғалардың мүлік салығының объектісі болып не табылады?
жеке тұлғалардың мүлік салығының объектісі болып не табылмайды?
мүліктің орташа жылдық қалдық құны қалай анықталады?
заңды тұлға мүлік салығын қашан және қалай төлейді?
жеке тұлға мүлік салығын қашан және қалай төлейді?
жекелеген жағдайларда мүлік салығы үшін салық кезеңі қашан туындайды?
3- бөлім. Тұтынуға арналған салықтар
7-тақырып. Қосылған құнға салынатын салық
Мақсаты: Қосылған құнға салық салудың мәнін ашып, Салық салынатын айналым және салық саланатын импорт бойынша Салық кодексімен белгіленген салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі түсініктер: қосылған құн, салық салынатын айналым, салық салынатын импорт, шот-фактура, қосылған құн салығы бойынша есепке қою, нөлдік ставка.
Қарастыратын сұрақтар:
ҚҚС субъектілері мен объектілері
ҚҚС бойынша есепке қою және шығару тәртібі.
Салық ставкасы, кезеңі және есептілігі.
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.
Төлеушiлер :
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар
Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу бойынша айналымның мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң 15 000 еселенген шамасын құрайтын аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органдарына өтiнiш беруге мiндеттi.
Өткiзу бойынша айналымды анықтау кезiнде салықтан босатылатын өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткiзу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткiзу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
Жеке кәсiпкерлер, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар, қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органдарна өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тіркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тіркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Мемлекеттiк мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттiк тіркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органдарна қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органдар жүзеге асырады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органдар тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
2) салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тіркеу нөмiрi;
3) тұлға қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртiбiн Салық Кодексіне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органдарна қайтарылуға тиiс.
Қосылған құн салығын төлеушiнiң атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиіс.
Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тіркелген жерiндегi салық органдарна өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық органдар қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және Салық Кодексінде белгіленген салық есептiлiгiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органдар қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.
Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
Тауарлар экспорты
1. Экспортқа тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
Тауарлар экспортын растау Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);
2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органдарның белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органдарның белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органдарның белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;
3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi табыс етiледі;
4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Халықаралық тасымалдарға салық салу
Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жолжүктерін тасымалдауға нөлдік ставкаларғаен салық салынады.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауы басталатын жер танылады.
Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.
Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады
СК 222-224-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы импорт мөлшерiнiң 12 процентiне тең болады.
Салық кезеңi
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
3. Егер күнтiзбелiк ай iшiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi дербес айқындаған күнтiзбелiк ай не тоқсан салық кезеңi болып табылады.
4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
Салық декларациясы
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті..
Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi
Қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертуі
Салық органдары егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертедi.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
қосылған құн салығының объектісі не?
қосылған құн салығының объектісі не болыптабылмайды?
қосылған құн салығын төлеуден кімдер босатылған?
қосылған құн салығын кімдер төлейді?
қосылаған құн салығы бойынша есепке қою үшін қандай талаптар белгіленеді?
қосылған құн салығы бойынша есептен шығару үшін қандай тлаптар қойылады?
жекелеген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі қашан туындайды?
қандай ставкалармен қосылған құн салығы төленеді?
қосылған құн салығы бойынша декаларация қашан тапсырылады?
салық салынатын айналым қалай анықталады?
салық салынатын импорт қалай анықталады?
8-тақырып. Акциздер
Мақсаты: Акциз салығын салудың мәнін ашып, Салық кодексімен белгіленген салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі түсініктер: Адвалорлық акциз ставкалары акцизелінетін товарлар, акцизделінетін қызмет, акциздік марка, тұрлаулы акциз.
Қарастыратын сұрақтар:
Салық төлеушілер мен салық объектісі
Салық базасы және оған қолданылатын ставкалар
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, спирттің барлық түрлерi, алкоголь өнiмi, темекi бұйымдары, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа), шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар және лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу болып табылады.
Төлеушiлер
Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетiн түрлерiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
