- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Салық есептiлiгi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
Салық кезеңi
Мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi қаржылық жыл болып табылады.
Салық есептілігi
Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi.
Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.
3. Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанына кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тіркеу кезiне дейiн немесе тіркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тіркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тіркеу кезiнде (бастапқы тіркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
Жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1 |
2 |
3 |
1. |
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
2. |
2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы |
3. |
4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда |
2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы |
4. |
6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы |
5. |
8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы |
6. |
10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы |
7. |
12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы |
8. |
14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы |
9. |
16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы |
10. |
18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы |
11. |
20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы |
12. |
75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы |
13. |
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы |
14. |
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы |
15. |
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы |
16. |
450 000 000 теңгеден жоғары |
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы |
Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi қаржылық жылмен сәйкес келеді.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.
