Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.87 Кб
Скачать

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мүлік салығының экономикалық мәні

  2. Заңды тұлғалардың салықты төлеу ерекшелігі

  3. Жеке тұлғалардың салықты төлеу тәртібі

  1. ҚР Салық кодексіне сәйкес мүлікке салық салу мақсатында Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы мүлік және Жеке тұлғалардың мүлік салығы деп қарастырылады.

Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер, Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.

Салық салу объектiсi

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуда айқындалған материалдық және материалдық емес объектiлер негiзгi құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.

Салық базасы

Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

2.Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады.

Салық ставкалары

Заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.

Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.

Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi, егер салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға бермесе:

1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда коммерциялық емес заңды тұлғалар;

2) әлеуметтік салады қызмет ететін заңды тұлғалар;

3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;

5) мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.