Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tirkeu_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.97 Кб
Скачать

12.Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа фермер қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу және тіркеу кезіндегі ерекшеліктері.

Өтініште шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетіледі.

Өтінішке шаруа (фермер) қожалығының басшысы және мүшелері қол қояды.

Өтінішке қосымша мыналар қоса беріледі:

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;

шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар, не тиісті білімі немесе арнайы даярлықтан өткені (шартты жер үлесіне құқығы жоқ азаматтар үшін) туралы құжат;

салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

шаруа (фермер) қожалығы басшысының мекен-жайы.

Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат шаруашылық (фермер) қожалығына рәсімделіп, ҚР жер туралы заңдарына сәйкес онда барлық меншік иелері (жер пайдаланушылар) көрсетіле отырып шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.

Ортақ бірлескен меншіктегі немесе ортақ бірлескен жер пайдаланудағы бөлінбейтін жер учаскесін кепілге беруге ортақ меншікке немесе ортақ жер пайдалануға қатысушылардың барлығының жазбаша келісімі болған кезде жол беріледі.

Жер учаскесіне ортақ үлестік меншікке немесе ортақ үлестік жер пайдалануға қатысушы өз үлесін ортақ меншікке немесе ортақ жер пайдалануға басқа қатысушылардың келісімінсіз кепілге салуға құқылы.

Ортақ меншік құқығында жер учаскелері бар тұлғалар ортақ меншікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде жер учаскелерін кепілге сала алады.

Мемлекеттен жер учаскесін жеке меншікке төлеу мерзімін ұзартып сатып алған тұлғалар оны сатып алу бағасының кемінде 50%-і төленгеннен кейін кепілге бере алады. Бұл ретте кепілдің мәні жер учаскесінің тек сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана бола алады.

Жай серіктестік түрінде ұйымдастырылған фермер шаруашылық ортақ үлестік меншік және ортақ шаруашылық қызмет келісіміне негізделеді.

Ары қарай 1998 жылғы 31-наурыздағы ҚР-ның «Шаруа (фермер) қожалық туралы» Заңымен бекітілген Шаруа (фермер) қожалықтардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерін қарастыру дұрыс деп ойлаймыз.

ҚР-ның «Шаруа (фермер) қожалық туралы» Заңына сәйкес Шаруа (фермер) қожалық құруға ниеттенген азаматтарға жергілікті атқарушы органдар жер иелену құқы негізінде жер учаскелерін береді.

Жерге орналастыру жобаларын ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитетінің құрылымды бөлімшелері жасайды. Жергілікті атқару органының шешіміне сәйкес жерге орналастыру қызметкерлері жер учаскесінің шекарасын белгілеп береді. Жергілікті атқару органының шешіміне сәйкес жер учаскесін бере алмау жағдайында өтінішті қабылдамау себебі жазылған шешім шығарылады, оның көшірмесі шешім қабылданғаннан кейін жеті күн ішінде арызданушыға тапсырылады. Жер учаскесін бермеу шешімін сотқа шағымдану арқылы қайта қарауға болады.

Заң бойынша Шаруа (фермер) қожалықтарға екі жағдайда жер учаскесі беріледі:

1. Ауылшаруашылық ұйымдар құрамынан шығушы және жер бөлігіне құқылы азаматтар шаруа (фермер) қожалық жүргізу үшін осы ұйымдар жерлерінен жер учаскелері беріледі, және жер учаскелерінің кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша орта деңгейлі болуы керек. Жергілікті атқару органы мен ауылшаруашылық ұйымына шаруа (фермер) қожалық жүргізу мақсатында жер учаскесін бөлу туралы өтініш бергеннен бастап он күн ішінде хаттамамен ресімделген жер бөлігі иелерінің жиналысы өту керек, мұнда жер учаскесінің орналасуы туралы шешім шығарылады. Жер бөлігінің иегерлерінің 50 %-дан астамы қол қойған хаттама жергілікті атқару органына тапсырылады және жер бөлігі есебінен жерді пайдалану құқын беру туралы шешім қабылдауға негіз болады.

Ауылшаруашылық ұйымдардан шыққан және жерлері бөлуге келмейтін азаматтар шаруа (фермер) қожалық жүргізу үшін арнайы жер қоры құрамынан жер учаскесін алуға бірінші кезекте құқылы.

2. Жер бөлігіне құқы жоқ азаматтарға шаруа (фермер) қожалық жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорынан беріледі.

13.Сервитут ауыртпалығын құқықтық рәсімдеу ерекшеліктері.

1.Сервитут құқығы дегеніміз-бөтеннің меншігіндегі жер учаскесін шектеулі,нысаналы мақсаттағы қолдануын айтамыз.Сервитуттарды мемлекеттік тіркеу

1. Мемлекеттік тіркеуге осы Заңның 8-бабына сәйкес басым мүдделерге жатқызылған сервитуттардан басқа сервитуттар жатады.

2. Сервитутты тіркеу туралы жазба жер учаскесіне немесе сервитутпен ауыртпалық салынған өзге де жылжымайтын мүлік объектісіне жатқызылған тіркеу парағында жүзеге асырылады.

Сервитуттар үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына белгіленген жағдайларда, тіркеу жазбасы пайдасына сервитут туындаған жылжымайтын мүлік объектісіне жататын тіркеу парағында да жүзеге асырылады.

3. Біртектес сервитуттарды белгілеу туралы бір немесе бірнеше құқық белгілейтін құжаттар негізінде кезегімен орналасқан бірнеше жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты туындаған сервитуттарды (адамдардың жаяу жүріп өтуі, көлік құралдарының өтуі, әуе, жерүсті және жерасты желілерін қоса алғанда, тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің инженерлік коммуникациялар жүйелерінің төсемдері, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бөлшектеу үшін) тіркеу кезінде өтініш беруші тіркеуге бір өтініш беруге құқылы. Бұл ретте тіркеуші орган әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сервитуттар белгілеу туралы жазба енгізеді.

4. Сервитутты қолдану аясы құқық белгілейтін құжатта сипаттау арқылы айқындалады не қажет болған жағдайларда, осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарға сервитуттың қолданылу аясы көрсетілген жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының көшірмесі қоса беріледі. Егер сервитуттың қолданылу аясы оны сипаттау немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының көшірмелерінде көрсету арқылы анықталмаса, сервитут бүкіл жылжымайтын мүлік объектісіне қолданылады.

Сервитут құқығының туындау негіздері.

1.ҚР нормативтік құқықтық актілер негізінде туындайды.

2.Азаматтардың арасындағы шарт негіздері

3.Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде

4.Сот шешімі негізінде

5.Төтенше жағдайларға байланысты негізінде

6.ҚР заңында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкін.Сервитут құқығын біз 2 үлкен топқа бөлеміз.

-Жеке сервитут,

-қауымдық немесе жария. Сервитут құқығының тоқталылу негіздері;

-Сервитут пайдаланушының өз еркімен бас тартуы;

-Тұрақты 3 жыл пайдаланбаса;

-Жергілікті атқарушы органдар шешімі негізінде;

-Соттың шешімі негізінде; -Сервитут құқығының пайдалану мерзімінің аяқталуы;

-Тараптардың келісімімен сәйкес тоқтатылуы мүмкін ;

-Қауымдық сервитут құқығы атқарушы органдардың шешімімен тоқтатылуы мүмкін;

-Өзге де заң актілерінде көзделмеген жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]