Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tirkeu_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.97 Кб
Скачать

7.Жермен жасалатын мәмілелер:түсінігі мазмұны

Жер мәмілелері дегеніміз - жер құқық қатынастарын туындатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың заңды және ерікті әрекеті. Жермен жасалатын мәмілелерге жер учаскісін сату-сатып алу, жерді жалдау, жерді сыйға тарту, жерді кепілге беру және де тағы басқа мәмілелер жатады. Қазіргі қалаптасқан нарық жағыдайында, жер учаскісінің азаматтық айналым объектісі ретінде танылған уақытта, жер нарық қатынастарына мемлекеттің араласуы орынды болып отыр. Жермен жасалатын мәмілелердің кең таралған келесі түрі - жерді жалдау.

Жалдаудың түсінігі ең алғашқы мәмілелер жасалуы басталған кезден әлі өзгермеген ол - бір тарап белгілі бір мүлікті жалға бергені үшін төлемақы алады, ал екінші тарап жалға алушы мүлікті пайдаланғанынан кіріс алады және ол мүлікті сатып алу үшін шығындалмайды. Әрине, нарық жағыдайында жалдау тек қана жайлы емес, сонымен бірге қоғам үшін объективтік қажеттілік болып табылады. Жалдаудың пайда болуы әрбір азаматтық дербес кәсіпкерлік құқығын жүзеге асырудың табиғи салдары болып табылады.

Жер учаскісін жылжымайтын мүлік ретінде және негізгі өндіріс құралы ретінде жалдау нысанына келесідей негізгі қағидалар тән;

1) Жер учаскісінде шаруашылық етуші субъектінің алмасуы, яғни, жер учаскісін жалға алушының иелігіне беруі. Бұл жағдайда жер учаскісінде еңбек етушіге жер учаскісін иелену, пайдалану және еңбек нәтижесіне билік ету құқығы беріледі;

2) Жалға алынған жер учаскісін меншік иесіне заттай түрде қайтаруы; Осыған сәйкес, жалға беруші мен жалға алушы тұлғаларының арасында жер айналымы туындайды;

3) Жер учаскісін жалға алудың ақылығы. Бұл жағыдайда салық салудың жүйесін белгілеу үшін объективтік негіз пайда болады;

4) Жер учаскісін жалға беруші мен жалға алушының жер учаскісін ұтымды және нысаналы пайдалануға байланысты өзара заңды жауапкершілігі;

5) Жер учаскісін жалға беруші мен жалға алушының арасында шарттық қатынастардың қалыптасуы және тараптардың теңдігі. Сонымен бірге, жалға алушының жер учаскісін ұтымды пайдаланумен қатар, толық шаруашылық дербестік беріледі.

Қазіргі таңда, жаңа жер заңдарына сәйкес, жалдау қатынастары екі деңгейде дамып отыр.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым -қатынастың негізі болып отыр.

Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.

Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді. Мынадай мәілелер:

- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;

- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;

- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.

мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]