Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tirkeu_okonchatelnye_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.97 Кб
Скачать

Есептер.

41-есеп. Қытайдан өз атамекеніне оралған Сағиев Талдықорған қаласының маңындағы Заря ...........Сағиев Талдықорған қалалық сотына өзінің жердің меншік иесі ретіндегі құқығын қорғауды сұрап, ауыл әкімінің бұл әрекетіне шағымданады.Жауабы:Оралмандарға жер беру тәртібі: Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Берiлген жер учаскелерi ҚР\ың азаматтығын алғаннан кейiн жер кодексінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi. Жеке меншік құқығынан бас тартылған жердің тағдыры қандай?Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықтарын сақтау ниетiнсiз олардан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарта алады.  Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы меншiк немесе жер пайдалану құқықтарынан бас тартқанын айқын бiлдiретiн iс-әрекет жасаған жағдайда (басқа жаққа кету, учаскенi ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және басқалар), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлай отырып, бұл учаскенi иесiз мүлiк ретiнде есепке алады. Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекеттiк меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiне алады. Сот шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiкке түстi деп танылмаған иесiз жер учаскесiн қалдырып кеткен оның меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы иеленуге, пайдалануға және билiк етуге қайтадан алуы не ол алу мерзiмiнiң өтуi себептi меншiкке немесе жер пайдалануға алынуы мүмкiн. Иесiз мүлiк ретiнде есепте болған кезiнде мұндай учаске басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.  Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының аталған жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтадан меншiкке немесе жер пайдалануға алуға құқығы бар. Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет меншiгiне түстi деп тану туралы шешiм қабылдай алады.

42-есеп. Шайбеков өз қажеттіліктері үшін шаруашылық құрылыс тұрғызуды шешті. Қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, ешкімнен рұқсат алмастан көненің жиегінде өсіп тұрған орман қоры жеріне кірмейтін бірқатар ағаштарды кесіп алады. Ауыл әкімі Бұл жерде қандай құқық бұзушылық орын алып отыр?Жауабы; Қылмыстық құқық бұзушылық. Қылмыстық жауаптылық жауаптылықтың мейлінше ауыр нысаны болып табылады және ол әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа қарағанда соттың кінәлі тұлғаға қоғамдық қауіптің жоғары деңгейін білдіретін әрекеті үшін қолданылатынымен ерекшеленеді. Дәл осы әрекет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабы бойынша /ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу/ да саралана алады: ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ заңсыз кесу және зақымдау – ескерту жасауға немесе заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, құқық бұзушының құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркілене отырып емесе онсыз, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің 10-15 дейінгі мөлшерінде айыппұл алуға әкеп соғады. Бірақ келтірілген зиян елеулі деп танылғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық деп сараланады.

Шайбековке қандай жаза қолдануы тиіс?ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабына /ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу/ сәйкес: Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. Дәл сол әрекет:

 а) бiрнеше рет; б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып; в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

43-есеп. Шымкент қаласындағы Төле би аудандық сотында Ахметовтың Абеновке түскен шағым қарастырылды. Мәселе мынада.............. Ахметов ауыл шаруашылық жүргізу мақсаты үшін 25 га жер алды. ......Ал жақын жолдар бар екенін білмеген, өйткені жаңадан ғана бұл жерге көшкенін түсіндіреді.Ақыры іс сотқа жіберіледі. істі шешіңіз; сервитуттың пайда болу негіздерін атаңыз.Жауабы: ҚР-ң Жер Кодексіне с\с, бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут): 1)тікелей нормативтік құқытық актіден;2)мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;3)жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;4)сот шешімі негізінде;5)ҚР-ң заңдарында көзделген өзге де жағдайларды туындауы мүмкін. Көрші немес өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы: 1) егер жеке меншік иесінің н\се жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші н\се өзге учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді; 2) көрші н\се өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің н\се жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін. Осыған б\ты істі шешу кезінде, Ахметов айтқан жолдардың бар жоғын және оларды пайдалану мүмкіндіген анықтау қажет. Егер жақын жолдар бар болса Ахметовтың шағымы қабылданып, оған Абеновтен келтірілген шығындар өндіріліп берілсін.

44-есеп. Асанов өзінің жұмыс істейтін жерінен...........сотқа шағымы қалай шешіледі? Қызметтiк жер телiмiнің құқықтық жағдай; Істі шешіңіз

Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн ҚР\ның Үкiметi белгiлейдi. Қызметтiк жер телiмi осы телiмге құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi.   Қызметтiк жер телiмi қызметтiк тұрғын үйдi күтiп-ұстау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, шөп шабу және мал жаю үшiн берiледi.ҚР\ның тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтiк тұрғын үй-жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтiк тұрғын үйді күтiп-ұстауға арналған учаске түрiндегi қызметтiк жер телiмiне құқық та сақталады.      Қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен жер учаскесiн беру қызметкер мен заңды тұлға әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын қызметтiк жер телiмiн беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәмiле жасасуға жол берiлмейдi.Істі шешу.Қызметтiк жер телiмi кейiнгi уақытша өтеусiз жер пайдалануға жатады және жұмысқа байланысты бөлiнген кезеңге берiледi. Қызметтiк жер телiмiне ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жағдайда, жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады. Сот шешімі Асановтың құықтарын қорғайды.

45-есеп. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуші ТОО «Жасыл» .....қай орган бұл істі қарайды?Жер учаскесін тауарлы ауыл шаруашылық жүргізу үшін берудің тәртібі; Істі шешіңіз.тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың:1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына; 2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады. Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның мөлшерiн ҚР\ның Үкiметi белгiлейдi..Жер учаскелерiн сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жылға дейiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.   Жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы алған тұлғаларға  жер учаскесінің бағасын толық төленгенге дейiн мәмiле (сату, жалға немесе өтеусiз пайдалануға беру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жарғылық капиталына салым немесе жарна ретiнде бepу) жасасуға тыйым салынады. Жеңiлдiктi бағамен төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiле жасасуға, жер учаскесінің сатып алу бағасы толық төленген кезден бастап есептелетін жер учаскесімен мәміле жасасуды шектеу мерзімі өткен соң құқық берiледi.    Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскесiне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;  2) мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау); 3) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешiм қабылдауы; 5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;     6) жер учаскесiне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру;   7) жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.   Жер учаскесiн беру туралы шешiмдер немесе жер учаскесiн беруден бас тарту жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), сәулет және қала құрылысының уәкілетті органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының (олар құрылған болса) өкiлдерi арасынан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданады. Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады. Аталған мерімге әзірленетін жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді. Істі шешу.Бұл істі облыстың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органы қарайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118-бабы бойынша /Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу/ сараланады. Оған сәйкес: Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақытылы қайтармау, - жеке тұлғаларға- айлық есептік көрсеткіштің 10-15 дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері б.т. заңды тұлғаларға – 20-25 дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік

46-есеп. 1994 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының “Керемет” ЖШС-ң жалпы жиналысында ЖШС жұмысшыларына шартты жер үлестерін бөлу туралы еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешімі шығарылған болатын. Шарты жер үлесін алған жұмысшылардың бірі - Алимов болды. ............. 2003 жылы келіп, Алимов аудандық сотқа барады, алайда сот 3 жылдық талаптың ескеру мерзімін өткізіп алуына байланысты талапты қанағаттандырудан бас тартады. - тиісті санаттағы даулардың соттылығы. - Істі шешіңіз. ЖАУАБЫ : . Бұл санаттағы істер аудандық сотта қаралуға жатады.Шартты жер үлестерiн иеленушiлер шартты жер үлесiне құқық туралы куәлiктi алған кезден бастап бiр жыл iшiнде шартты жер үлестерi есебiне Жер Кодексінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жер учаскесiн меншiкке немесе жердi пайдалануға алуға мiндеттi. Ал Алимов 5 жылдан кейін ғана өз құқықтарын қалпына келтіругекіріскен.Сондықтан іс Алимовтың пайдасына шешілмейді.

47-есеп. Сарсенов қаладағы жер үйінің жартысын Амановқа жалға береді.Аманов жерді пайдаланып,оған дақыл егейін десе,үй иесі оған тек үйді жалға бергендігін,жерді пайдалануға рұқсат бермейтіндігін айтады. Аманов сотқа шағымдана алады ма?- істі шешіңіз.Жауабы: Жер пайдаланушының өзiне тиесiлi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) уақытша пайдалануға беруi аталған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан және оларды күтiп-ұстауға арналған жер учаскесiнiң нақ сондай мерзiмге уақытша жер пайдалануға берiлуiне ұласады.

48-есеп. Ауыл шаруашылығы ұйымының қызметкері Карипбаев?Жауабы;:

Ж.К. 57 Бап. Ортақ үлестік меншіктегі жеп учаскесін бөлісу және одан үлесті бөліп шығару. 1.ОРтақ үлестік меншікке қатысушылар ортақ жер учаскесін бөлудің әдісі мен талаптары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда әр қатысушы ортақ жер учаскесінен өзінің жер үлесін нақтылы бөліп шығаруды талап етуге құқылы.

2.Егер жер үлесін нақтылы бөліп шығаруға Қ.Р заң актілерінде жол берілмесе немесе жер учаскесіне және онымен тығыз байланысты нәрсенің бәріне залал келтірмей жасауы мүмкін болмаса бөлініп шығатын меншік иесінің баска қатысушыларға өзінің жер үлесінің құнын төлетуге не оны осы кодекстің 55 бабының 2 тармағында белгіленген ережелерге сәйкес басқа тұлғаға сатуға құқығы бар. Сондықтан сот арыз берушілердің арызын қанағаттандырмайды.

49-есеп. Ақтөбе облысының мұнай газ басқарамасы «Еңлік» ........жауапкер төлеуге қарсы болады -Жерге материалдық зиянды өтеудің тәртібі және жағдайлары -Аталған жер құқық бұзушылығымен кооперативке келтірілегн материалдық зардап қандай мөлшерде өтелуі тиіс -Істі шешіңіз Шешімі.1. 166-бап. Шығынды өтеу тәртiбi 1. Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығын оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi. 2. Өтемақы мөлшерiн айқындау кезiнде оған:

1) жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының нарықтық құны; 2) жемiс ағаштары мен көпжылдық екпелердi қоса алғанда, учаскедегi жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны; 3) жер учаскесiн игеруге, оны пайдалануға, қорғау iс-шараларын жүргiзуге, топырақ құнарлылығын арттыруға байланысты шығындардың инфляциясы есепке алынған құны;

4) меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға үшiншi тұлғалар алдындағы өз мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуына байланысты келтiрiлген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесiн алып қоюмен байланысты келтiрiлген барлық шығын; 5) алынбай қалған пайда енгiзiледi. 2.ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 250бабы 2 тармағына сәйкес,Сақтау , пайдалану немесе тасымалдау кезінде улы химикаттарменн,тыңайтқыштармен ,өсімдіктердің өсуін күшейтетін дәрілермен және өзге де қауіпті химиялық, биологиялық және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен жерді уландыру, ластау немесе өзге де бүлдіру , сол сияқты бактериялық-паразиттік немесе ерекше зиянды организмдермен, бірақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигізуге әкеп соқпаған ластау,- Жеке тұлғаларға-айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде , лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

50-есеп. Сакенованың жерінен оның көршісі жүріп өту үшін сервитут белгілеуі туралы шарт жасады.Сакенова көтерген ауыртпалыққы сәйкес оған ақы төлеуге келіседі.Сакенова жерін сатып кеткен соң,көршісі сол ақыны төлеуден бас тартады,себебі ол ақыны төлеу туралы жаңа иегермен емес, Сакеновамен келісті.-Сервитуттың пайда болу шарттары қандай?Сервитутты қамтамасыз ету міндеті дегеніміз не?-іс қалай шешіледі?Жауабы: . ҚР Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесiн мүдделi жеке және заңды тұлғаларға шектеулi нысаналы пайдалану құқығымен беруге мiндеттi.Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитут):1) тiкелей нормативтiк құқықтық актiден; 2) мүдделi тұлғаның меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен шартының негiзiнде; 3) жергiлiктi атқарушы органның актiсi негiзiнде; 4) сот шешiмi негiзiнде; 5) ҚР\ның заңдарында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкiн. Егер нормативтiк құқықтық актiде мүдделi тұлғаның меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен шарты негiзiнде сервитут белгiлеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншiк иесi немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделi тұлға меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруi арқылы сот тәртiбiмен дауласа алады. Егер нормативтiк құқықтық актiде жергiлiктi атқарушы органның актiсi негiзiнде сервитут белгiлеу көзделсе, сервитут белгiлеуге мүдделi тұлға, меншiк иесi немесе жер пайдаланушы бұл актiге сот тәртiбiмен шағымдана алады.Жер учаскесiне меншiк құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесiне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады. Сервитут мәмiленiң, оның iшiнде сатып алу-сатудың және кепiлге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етiлуi үшiн сервитут белгiленген құқықпен бiрге ғана ауыса алады.

51-есеп Сартаев өзінің жерін мемлекеттен сатып алды. Кейін мемлекеттің қазетіне деп, ол жерді мемлекет сатып алғысы келеді. Оғанг берілетін ақша Сартаевтың мемлекетке берген сомасымен тең деп шешіледі. Бірақ Сартаев ол жерді уақытша жалдауға бергендіктен шығын көтереді. Бірақ жергілікті орган ол шығындар өтелмейді деп шешеді. Шешім заңды ма?Жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қоюдың тәртібі қандай? Қандай шығындар өтелуі тиіс? Істі шешіңіз.Жауабы: Егер меншiк иелерi және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн олардан алып қою осы Кодекске, ал онымен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм қабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының осындай хабарлама алған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi. Сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасын айқындау кезiнде оған жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың, онда орналасқан жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны, сондай-ақ үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты өздерi шеккен шығындарды қоса алғанда, жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген барлық шығын қосылады. Меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен келiсiм бойынша мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алынатын жер учаскесiнiң орнына осы жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың құнын бағаға шығарып есептей отырып, оған басқа жер учаскесi берiлуi мүмкiн. Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алынатын жер учаскесi немесе оған құқық мемлекеттен сатып алынуға тиiстi болып, бiрақ сатып алу жүргiзiлмеген жағдайларда, жер учаскесiнiң нарықтық құны бағаға қосылмайды, жер пайдаланушымен келiсiм бойынша оның орнына оған басқа жер учаскесi берiлуi мүмкiн

52-есеп ЖШС «Әсемнің» қаладағы жер учаскесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынатынын жазбаша мәлімдей отырып мемлекеттік орган 2 ай ішінде жерді босату керектігін ескертті. ЖШС «Әсемнің» құқығы бұзылды ма?Жер учаскесін мемлдекеттік қадеттіліктер үшін алып қоюдың жалпы шарттары қандай?Істі шешіңіз. Жауабы: Жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алу немесе жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен құны тең басқа жер учаскесiн беру арқылы алып қойылуы мүмкiн. Егер меншiк иелерi және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн олардан алып қою осы Кодекске, ал онымен реттелмеген бөлiгiнде ҚР\ның өзге де заң актiлерiне сәйкес сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм қабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Егер ҚР заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының осындай хабарлама алған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өздерiнен жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесi үшiн төленетiн баға немесе сатып алудың басқа да жағдайлары туралы онымен келiсiмге қол жеткiзiлмесе, сатып алу туралар шешiм қабылдаған атқарушы орган сотқа жер учаскесiн сатып алу туралы талап-арыз бере алады.

53-есеп. 1994 жылы Қарағанды облысының Ағадыр ауданының «Қызыл ту» совхозында ұйым мүшелеріне шартты жер үлестерін бөлу турулы, еңбек ұйымының жалпы жиналысының шешімі шығарылды. Шартты үлесті алған жұмысшылардың бірі-Асанов болды. Алайда Асановқа осындай үлеске құқығы жөніндегі куәлік бланктердің болмауына байланысты берілмеген.1996 ж. Шартты үлестеріне құқық жөнінде куәліктердің негізінде, жер учаскелерін қайта тіркеуді жүргізгенде Асановты тиісті тізімге енгізбеген.2003 жылы Асанов өзінің шартты жер үлесіне жеке меншік құқығын ресімдеу мақсатымен Ағадыр ауданының әкіміне жер қорынан заттай жер учаскесін бөлу туралы өтінішпен жолданады. Әкім 1996 ж. Жасалған тізімде Асановтың жоқ болуына сүйеніп, өтінішті қабылда алмайды. Асанов аудандық сотқа жолданады. –Шартты жер үлесі дегеніміз не, оның пайда болуы, рәсімдеу және тіркеу тәртібі; - тиісті санаттағы даулардың соттылығы;-істі шешіңіз ЖАУАБЫ: Шартты жер үлесi - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерiнiң, мемлекеттiк емес болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерiнiң сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелерiне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе жер Кодексінде көзделген өзге де құқықтар iске асырылады.Қайта ұйымдастыры-латын немесе таратылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының өздерi пайдаланатын жерiнiң шекарасы шегiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары шартты жер үлесiне бөлiске жатады, бұған: 1) елдi мекендер шегiне кiрген; 2) ауданның арнайы жер қоры құрамына енгiзiлген; 3) нормадан тыс радиациялық ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмiрi мен денсаулығына өзгедей қауiп төндiретiн; 4) пайдалы қазбаларды қазу кезiнде бүлiнген және мақсаты бойынша пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiлiп жаңғыртылмаған; 5) шалғайдағы мал шаруашылығының уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерi қосылмайды. Шартты жер үлесi мөлшерiн анықтау нәтижелерi және шартты жер үлесiне құқығы бар азаматтардың тiзiмi жекешелендiрi-летiн шаруашылықтың еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешiмiмен бекiтiлiп, хаттамамен ресiмделiп, аудандық (қалалық) атқарушы органда бекiтiлуге тиiс. Азаматтардың шартты жер үлесiне құқығы шартты жер үлестерiн иеленушiлердiң тiзiмi мен шартты жер үлестерiнiң мөлшерiн аудандық (қалалық) атқарушы орган бекiткеннен кейiн үш ай iшiнде жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы беретiн шартты жер үлесiне құқық туралы куәлiкпен куәландырылады. Бұл іс Ағадыр аудандық сотында қаралуға жатады және де сот істі Асановтың пайдасына шешуі тиіс.Ал тиісті құжатты бермеген әкімшілік қызметкерлері жауапкершілікке тартылуы тиіс.

54-есеп. Шаруа қожалығының мүлкін бөлу барысында әкесі және өзінің отбасымен (жұбайы және екі кішкентай балаларымен) әке-шешесінен бөлініп, өзінің қожалығын құрғысы келетін баласы арасында дау туады. ..........................шаруа қожалығының жер пайдалану құқығы; -шаруа қожалығының жер учаскесін және мүлікті бөлу тәртібі; -істі шешіңіз

ЖАУАБЫ :Жер учаскелерi шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе өтеулi уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес берiледi Жер учаскесiн шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

55-есеп. ТОО «Алаң» мемлекеттік меншіктегі қалалық жер учаскесін төлеу мерзімін Жауабы:Жер учаскелерiн сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жылға дейiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.

49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу

1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алушының жазбаша өтініші бойынша он жыл мерзімге төлеу мерзімі ұзартылып сатылады.

2. Сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер учаскесі құнының кемінде бес пайызын құрайтын мөлшерде аванс төлеуге тиіс. Бұдан кейін сатып алушы жер учаскесі үшін төлемді сатып алу-сату шартына қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне сәйкес ай сайын төлеп отырады. Жер учаскесі үшін төлем қолма-қол есеп айырысу арқылы да, сатушының сатып алу-сату шартында көрсетілген шотына аудару арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Сатып алушы өзінің міндеттемелерін толық көлемінде де, ішінара да мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Міндеттемелерді ішінара өтеген жағдайда төлем кестесі қайтадан бекітілуге тиіс.

3. Жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда сатып алушы сатушыға кешіктірген әрбір күн үшін жер учаскесінің төленбеген сатып алу бағасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

Егер сатып алушы жер учаскесі үшін қатарынан үш ай бойы, ал ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскесі үшін қатарынан екі жыл бойы төлем жасамаса, сатушы сатып алу-сату шартын бұзуға және сатылған жер учаскесiн қайтарып беруді талап етуге құқылы, бұған сатып алушыдан алынған төлем сомасы жер учаскесiнiң сатып алу бағасының жартысынан асып түскен жағдайлар қосылмайды.

4. Жерді кепілге беруді қоспағанда, төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесіне қатысты оның сатып алу бағасы толық төленгенше мәміле жасасуға тыйым салынады.

Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасасу құқығына осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген жер учаскесімен мәміле жасасуға шектеу қойылған және оның сатып алу бағасы толық төленген кезден бастап есептелетін мерзім аяқталған соң жол беріледі.

5. Сатып алушының төлеу мерзімін ұзартып сатқан жер учаскесін кепілге беруге оның сатып алу бағасының кемінде елу пайызын төлеген жағдайда жол беріледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана кепіл нысанасы бола алады.

6. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiлелер жасасу бойынша шектеулер жер учаскесiн сатып алу-сату шартында және жер учаскесiне арналған сәйкестендіру құжатында көрсетiледi. Жер учаскесiнің сатып алу бағасын төлеу туралы құжат сатып алу-сату шартындағы және жер учаскесiне арналған сәйкестендіру құжатындағы осы шектеудi алып тастауға негiз болады.

3 тармаққа сәйкес төленген сома жалпы құнның жартысынан асқан,сондықтан жерді сатушы болып табылатын мемлекеттік органның ТОО «Алаңнан» жерді алып қоюы заңсыз.

56-есеп. Құрылыс материалдары зауыты Алматы облыстық әкімшілігіне құрылыс тастарын шығаратын карьер құрылысы үшін «Достық» а\ш кооперативінің жерін бөліп беру туралы жолданады. Кооператив, мұндай бөліп беруге қарсылық білдіріп, бұл а\ш үшін қажетті жер алқаптарының үлкен шығынына алып келетінін мәлімдейді, және а\ш үшін аз зиян келтірумен байланысты, жерді бөліп берудің өз вариантын ұсынды. Зауыт әкімшілігі кооператив ұсынысымен келіспейді, өйткені оның орындалуы, сапасы нашар құрылыс тастарының кен орнын пайдалануға алып келетін еді. Облыстық әкісшілік зауыт пікірімен келіседі. -жерлерді пайдалану тәртібі. А\ш жерлерінің басымдығы.- істі шешіңіз. ЖАУАБЫ: А\Ш алқаптары айрықша қорғалуы тиіс. Бұл жерді а\ш өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі. Суармалы а\ш алқаптарын, а\ш, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шар\ғы бағдарындағы ғылыми-зерртеу және оқу орындарының тәжірибелік алаңдарының, орман және су қорларының жерлерін алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, х\а міндеттемелерді орындауға, учаскенің астынан бағалы пайдалы қазбалардың кен орнының табылуына, жол электр тарату желілерін, байланыс желілерін магистральды құбырлар сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар обьектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде жол беріледі. Ал бұл жағдайда кооператив жерді бөліп берудің өз нұсқасын ұсынып отыр, яғни Облыстық әкімшілік те зауыттың да шешімі дұрыс емес.

57-есеп. 1998 жылы «Атасу» шаруа қожалығы жайылымға 5 жыл мерзімге уақытша ақысыз жер пайдалануға 8 гектар көлемінде жер учаскесін алады. .............. жер қатынастарын реттеу саласында-ғы ауд-қ атқару орг-ң уәкілеттілігі

- істі шешіңіз.ЖАУАБЫ: жер учаскесі азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге табысталады. Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзімдері жер учаскесіне берілетін құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлуді ескере отырып белгілінеді.

ЖК-де көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртібі оның өзінде көрсетілген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын біржақты бұзуына жол берілмейді.

58-есеп. 2001 жылы «Жалғас» шаруа қожалығының басшысы А. Казиевтің қайтыс болуына байланысты Қарағанды облысы Жамбыл ауданының ........................ Толық құқық мирасқолық тәртібінде жер учаскесіне құқықтың өту тәртібі қандай? Қарағанды облысы Жамбыл аудандық сотының әрекеті заңды ма? Істі шешіңіз ЖАУАБЫ: Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқолық тәртібімен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезінде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын білдіреді. Жер учаскесіне ұзақ меерзімді уақытша жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен мұраға қалдырылады. ҚР АК-не с\с азамат қайтыс болған жағдайда оның мүлігіне 1-ші кезекте балалары, жұбайы (зайыбы), ата-аналары тең үлеспен ие болады. Мұраны алу тәртібі бұзылды өйткені, әкімнің шешімі заңсыз оның құзыретіне жатпайтын іс-әрекет жасады, шаруа қожалығы мирасқорлық тәртібімен ауысуы туралы шешімді сот қабылдайды.

59-есеп. Аудан әкімшілігінің шешімі негізінде аудан орталығын ұлғайту үшін кооперативтің 21 га жыртылған жері алынды. .....................Ол сотқа жолданады.Кооператив шығынның орнын толтыруды талап ете алама, ж\е кімнен? Мем\тік ж\е қоғ\қ қаж\р ү\н жер пайдаланушылардан ж\е жерге меншік иелерінен жерлерді алу тәртібі. Істі шешіз. ЖАУАБЫ: ЖК-не с\с құрылыс обьектілерінің бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мем\тік ж\е өңірлік бағдарламаларда көзделген обьектілерді, мем\тік мүдделерді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу ж\е қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу болып табылады.

Уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскесін мем\т мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, егер жер пайдаланушы берілген құқықты мем\тен сатып алмаған болса, жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға шығындар толық көлемінде өтеледі, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.

60-есеп.«Новая заря» кооперативі «Мыс» зауытына, зауытпен өз еркімен басып алынған, ж\е ж\у-нің аумағынан 3 жыл бойы зауыттың қосымша ......................талапты мойындамайды.Жерлерді өз еркімен басып алудың құқ\қ салдары.Істі шешіңіз. ЖАУАБЫ: ЖЕР учаскесінің меншік иесі не\се жер пайд\шы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен талап етуге құқылы. Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде босатуға жене өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған құрылысты, ҚР азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебенен бұзуды жүзеге асыруға міндетті. Топырақ құнарлығының бүлінуіне әкеп соғуы, су режимі нашарлауы, А/Ш дақылдары мен екпелеріне зиянды заттар бөліп шығатын обьектілерді салу мен пайдалану нәтижесінде жер сапасы нашарлау фактісі орын алған жағдайда шығын толық көлемде өтелуі тиіс. Ал бұл жағдайда ондай фактілер орын алған жоқ, сондықтан шығын төлеуде алынбай қалған пайда енгізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]