- •Жауабы:
- •1.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеудің түсінігі,пәні
- •2.Жерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді құқықтық тіркеукдің қайнар көздері;түсінігі түрлері:
- •3.Жерге құқықытардың мемлекеттік тіркеудің жүйесі;мазмұны түрлері:
- •5.Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар;түрлері,құқықтармен міндеттері.
- •7.Жермен жасалатын мәмілелер:түсінігі мазмұны
- •8)Жермен жасалатын мәмлелердің түрлері мақсаттары
- •9.Жер учаскесіне құқықтардың шектері мен беру нормалары
- •10.Жер учаскесіне құқықты табыстау:мазмұны,тәртібі
- •11.Жер учаскесіне құқықты беру:түсінігі мен тәртібі
- •12.Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жерлер құрамынан шаруа фермер қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алу және тіркеу кезіндегі ерекшеліктері.
- •14..Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою түсінігі мен мазмұны
- •15.Жер учаскелерін меншік иелерімен жер пайдаланушылардан алып қою тәртібі мен негіздері
- •16. Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •17.Қазақстан Республикасының жекелеген жер қорының жекелеген санаттарына меншік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу;түсінігімен тәртібі;
- •18.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге құқықтарды рәсімдеу тәртібі;
- •19.Заңды тұлға үшін жер учаскесіне құқықты қайта рәсімдеу тәртібі.
- •20.Жерге құқықтарды тіркеуді мемлекеттік реттеу;мазмұны қайнар көздері
- •21. Жер үшiн төленетiн төлемдер
- •23.Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері
- •24. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
- •25.Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн алып қою келесідей тәртіпте жүзеге асырылады:
- •26.Тіркелмеген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
- •27 Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу
- •28.Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеудің түсінігі мен тәртібі.
- •29.Мемлекеттік емес мекемелердің құқықтарын тіркеу ерекшеліктері
- •30) Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу:мазмұны мен тәртібі
- •Есептер.
18.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге құқықтарды рәсімдеу тәртібі;
Адамзат қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер адам баласының барлық мұқтаждықтары үшiн керек бiрден-бiр арсенал болған. Қазақстан Республикасы өз егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізген уақытта тарихи қалыптасу мен даму жолында кең байтақ территорияны иеленіп қана қоймай, оның экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін де алдына тартты. Бұл міндетті жүзеге асыру жер мәселесін құқықтық тұрғыда реттеудің негізділігін көрсетті. Құқықтық реттеу болса, жер құрамының, жер қорының заң жүзінде бекітілуін, олармен жасалатын қатынастардың жан жақты реттелуін ғана емес, оның сапалық көрсеткіштерінің тиісті талаптарға жауап беруін, оның құрамының адамзат тіршілігімен үндесіп тұруын да қамтамасыздандырады. Жер мәселесін құқықтық жағынан реттеу Қазақстан мемлекетінің жер қорының болашаққа, экологиялық қауіпсіз нысанда жеткізілуіне үлес қосатын тәсілдердің қатарда. Өзімізге мәлім, ұлан байтақ территориясы бар Қазақстан үшін жер мәселесін, жердің құрамын сақтау қазіргі таңда тек меншік иесі болып табылатын Қазақстанның қызығушылығын ғана емес, көршілес жатқан елдердің де қызғанышын тудырып отырған проблема.
Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетіміздің басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары. Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі, экономикалық қызметі мен пайдалылығы бойынша үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылатындығы. Егер де 1990 жылдары ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Қазақстан Республикасы жер қорының 81,2 % құраса, 2000 жылдардың бас кезеңінде олардың ара салмағы небәрі – 39,6 % құрады. Егер де осы жағдай өзінің жалғасын ары қарай да тауып отыратын болса, онда біз жақын жылдары-ақ ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерге зәру болып қалуымыз мүмкін.
«Жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, оның иелену мен пайдалану үшін кімге берілгеніне және жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді»,-деп Б.Ж. Әбдірайымов жазған болатын
Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қоалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсру үшін беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау ақылы негізде жүргізіледі.
Шаруа қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне (жер учаскелеріне) жеке меншік құқығының табысталуына мүдделі азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың:
жер учаскесіне жеке меншік құқығын жер учаскесінің осы Кодекстің 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;
жер учаскесіне жеке меншік құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен сатып алуына болады.
Бұл ретте әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жер учаскелеріне жеңілдікті бағаның нақты мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
