Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.36 Кб
Скачать

4. Көрсеткіштерді корреляциялық талдау.

4.1. Өзара байланысты статистикалық зерттеу.

Түрлі экономикалық құбылыстарды оқығанда кейбір себеп болып табылатын құбылыстар нәтижесінде басқа салдар болатын құбылыстарды тудыратын себеп-салдар байланыстармен кездесеміз. Себептерді факторлық нышандар немесе жай факторлар деп, ал салдарды – нәтижелік нышан деп атаймыз. Себеп пен салдар арасындағы байланысты оқу және өлшеу статистикалық тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады.

Корреляциялық талдаудың басты мақсаты сәйкес коэффициенттерді нақты және интервалдық бағалау жолымен айнымалылардың арасындағы байланыстың тығыздағын өлшеу.

Корреляциялық талдау көмегімен нәтижелік нышанға едәуір әсер етуші факторлар таңдап алынады, белгісіз болған себептік байланыстар анықталады.

Корреляция айнымалылар арасындағы тікелей себептік байланыстарды анықтамайды, алайда осы байланыстардың тығыздығының сандық мағынасын бекітеді.

Y экономикалық көрсеткішіне Х1,..., Хm факторларының әсерін талдау қажет болсын.

Нәтижелік көрсеткіш Y пен факторлық нышандар Х1,..., Хm арасындағы байланысты қарастыра отырып, байланыстың келесі екі тобын анықтауға болады:

  1. құрылымдық тәуелділік;

  2. корреляциялық тәуелділік.

Құрылымдық байланыстар факторлық нышандар өзгерісі мен нәтижелік мәндер өзгерісінің арасындағы толық сәйкестігкпен айқындалады, яғни әрбір нақты факторлар мәніне нақты нәтижелік нышан сәйкес болады.

Әдетте, экономикада қатаң байланысы жоқ құбылыстар мен үдерістерді қарастырамыз. Экономикалық құбылыстардың себептік шарттылығы өзара тәуелді факторлар жиынтығымен байланысты. Зерттелетін экономикалық көрсеткішке әсер етуші факторлар саны бірнеше жүздеген санға жетеді.

Себеп пен салдар арасындағы байланыс көп мағыналы және ықтимал болып келеді. Осы жағдайда корреляциялық тәуелділік орын алады.

Корреляциялық байланыста фактор мен нәтижелік нышанның өзгерісі арасында толық сәйкестік жоқ. Жеке факторлардың әсері тек ауқымды шынайы мәліметтерді зерттегенде ғана анықталады. Оған себеп, алынған фактор нәтижелік көрсеткішті өзгертетін жалғыз себеп болып табылмайды. Олармен қоса Y мәніне көптеген басқа да факторлар әсер етеді. Сондықтан бір факторлар мәні жиынына Y нәтиженің мәні әртүрлі болуы мүмкін. Осылайша, зерттеліп отырған Y нышанға бір уақытта түрлі факторлардың әсер етуі, бір факторлар мәні жиынына Y нәтижелік нышанның толық мәндер жиынының сәйкес келуіне әкеледі.

Құрылымдық және корреляциялық тәуелділіктерді салыстырғанда құрылымдық тәуелділік бола отырып, факторлардың мәні белгілі болса, онда Y мәнін нақты анықтауға болатынын есте ұстау қажет. Корреляциялық тәуелділік болған жағдайда тек қана факторлар өзгерісі әсерінен Y нәтиженің өзгеру ықтималдығын ғана анықтауға болады.

Корреляциялық тәуелділікті зерттеген кезде қажет:

  1. байланысты бекіту, оның бағыты мен формасын анықтау;

  2. нышандар арасындағы байланыстың тығыздық деңгейін өлшеу;

  3. байланыстың аналитикалық мәнін табу, яғни регрессиялық модель тұрғызу;

  4. модельдің шынайылығын бағалау және оған интерпретация беру.

Корреляциялық талдау қалаған нәтиже беру үшін, зерттелу объектісі мен нышан-факторларды таңдау қатаң болуы қажет. Корреляциялық талдау тәсілдерін дұрыс пайдаланудың бірден-бір шарты зерттелетін объектілердің біртекті болуы болып табылады. Корреляциялық талдау шешімінің сенімділігін қамтамасыз етуші келесі маңызды шарт зерттеулер санының жеткілікті болуы. Сонымен қатар, нәтижелік көрсеткішке әсер етуші факторларды таңдау да маңызды болып табылады. Алынатын фактор-нышандар мүмкіндігінше бір-бірінен тәуелсіз болуы қажет, себебі араларында тығыз байланыстың болуы зерттеліп отырған құбылыстың бір жағын сипаттайтындығын көрсетеді, яғни бір-бірін қайталайды.

Айта кететіні корреляциялық талдаудың барлық негізгі жақтары қарастырылып отырған нышандардың қалыптылығына негізделген. Шын мәнісінде болжамнан ауытқушылықтар кездесіп отырады. Бірақ бұл корреляциялық талдау тәсілін пайдаланудан бас тарту қажет деген сөз емес.

Корреляциялық байланыста тәуелділіктің келесі түрлерін бөледі:

  1. Жұптық корреляция – екі нышан арасындағы байланыс (нәтижелік және факторлық немесе екі факторлық);

  2. Жеке корреляция – қалыптасқан басқа факторлық нышандар мәні кезіндегі нәтижелік және бір факторлық нышан арасындағы тәуелділік;

  3. Көптік корреляция – нәтижелік және екі немесе одан да көп факторлық нышандар арасындағы байланыс.