- •«Кедендік қызмет» «кедендік ұйымдардағы қызмет» түсінігі:
- •Кеден қызметкерлерінің құқықтық мәртебелер
- •2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
- •Кеден органдарына қызметке алу тәртібі.
- •Кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі. Кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдану
- •1998 Жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307-бабының ескертуінде лауазымды адамның түсінігі берілген.
- •Кеден төлемдері ұғымы мен түрлері. Кедендік төлемдер мен салықтар
- •Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.
- •Кедендік бақылаудың құралдары. Кедендік бақылау жүргізу кезінде техникалық құралдарды, су және әуе кемелерін пайдалану
- •Кедендік құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда, кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
- •Тауарлар номенклатурасының халықаралық негізін құрайтын құқықтық құжаттар.
2014 Жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 16 310,5 млн ақш долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 19,3%-ға азайды.
Оның ішінде экспорт 4 422,7 млн АҚШ доллары (12,1%-ға аз), импорт 11 887,8 млн АҚШ долларына (21,7%-ға аз) жеткен.
Қазақстанның экспорты құрылымын негізінен минералды өнімдер (44,6% Кеден одағы елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (26,2%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (12,7%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (5,4%) құрады.
Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (Кеден одағы елдерінің импорты жалпы көлеміне 32,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,7%), минералды өнімдері (13,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,1%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (12,1%) әкелінеді.
Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің (бұдан әрі - кеден одағына қатысушы мемлекеттер) бірыңғай кеден аумағында тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім кеден одағында кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына әкелінетін (бұдан әрі - әкелінетін тауарлар) және осы аумақтан әкетілетн тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің негізгі ережелерін айқындайды, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттары соларға сәйкес әзірленеді.
2-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді: «кедендік құнды декларациялау» - тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін қажетті мәліметтерді мәлімдеу; «кедендік құн декларациясы» - тауарлардың кедендік құны және оны айқындау үшін қажетті мәліметтер көрсетілетін кедендік құжат.
3-бап
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау осы тауарларды декларациялау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4-бап
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау Тараптардың бірінің тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органына тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің мән-жағдайларымен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
6-бап
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау жазбаша электронды және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарымен айқындалған өзге нысандарда жүргізіледі.
7-бап
Кедендік құн декларациясында мәлімделетін мәліметтер кедендік мақсаттар үшін қажетті мәліметтер болып табылады. Әкелінетін тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты ұсынылатын мәліметтер дұрыс, сандық жағынан айқындалатын және құжаттамалық расталған ақпаратқа негізделуі тиіс. Кедендік құн декларациясында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарымен айқындалған тұлға жауапты болады. Кедендік құн декларациясын тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органы қабылдаған сәттен бастап бұл декларация заңды мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжат болып табылады.
8-бап
Кедендік құн декларациясы кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады. Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда кедендік құн декларациясы толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер кедендік декларацияда мәлімделеді. Кедендік құн декларациясын міндетті түрде толтыру белгіленбеген барлық жағдайларда, тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізетін кеден органы әкелінген тауарлардың мәлімделген кедендік құнын растау үшін кедендік құн декларациясын ұсынуды талап етуге құқылы.
9-бап
Кедендік құн декларациясының нысандары мен оларды толтыру ережесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. Олар күшіне енгенге дейін Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасының нормалары қолданылады. Кедендік құн декларациясының нысандары мен оларды толтыру ережесі Тараптар мемлекеттерінде ресми жариялануға тиіс.
10-бап
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аумағында тауарды кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік декларация қабылданған күнге қолданыстағы валюта бағамы қолданылады.
Кеден органдары қызметін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi (кедендiк реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендiк аумағының бөлiгiнде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзумен, оларды кеден одағының бiрыңғай кедендiк аумағында кедендiк бақылауда тасымалдаумен уақытша сақтаумен кедендiк декларациялаумен, кедендiк рәсiмдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендiк бақылау жүргiзумен, кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетiлген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығын iске асыратын тұлғалар арасындағы билiк қатынастарын реттеу танылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексінде Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендiгi мон экономикалық қауiпсiздiгiн қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзiлiк экономикалық қатынастар жүйесiндегi байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және мыналардан:
1 ) Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексінен;
2) қабылдануы Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексіне көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексіндегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексінде өзгеше белгiленбесе, кедендiк декларацияны немесе өзге де кедендiк құжаттарды тiркеу күнi қолданылатын кеден iсi саласындағы кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды бұза отырып, кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар өткiзiлген кезде, егер Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Кодексінде өзгеше белгiленбесе, тауарлар кеден одағының кедендiк шекарасын iсжүзiнде кесiп өткен күнi қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендiк-тарифтiк реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Кеден органдары қызметінің қағидалары. Кеден органдарының қызметi:
1) заңдылық;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және эаңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
3) баршаның заң алдындағы теңдiгi;
4) жариялылық принциптерiнде құрылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден iсiн iске асыру кезiндегi мемлекеттiк басқару саласы кеден iсiнiң аясы болып табылады.
Кеден iсi саласында тiкелей басшылық жасауды кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргiзедi;
2) Қазақстан Республикасындағы кеден iсi кодексінде көзделген нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзiнiң құрамына кiретiн ведомствоның өкiлеттiгiн айқындайды;
5) ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректер беру, кедендiк бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерiн әзiрлейдi және құрады;
6) кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм қабылдайды;
7) кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асырады;
8) тауарлар мен көлiк құралдарының кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы етуiне кедендiк бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның iшiнде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негiзде қамтамасыз етедi;
10) кедендiк статистиканы жүргiзедi;
11) Қазақстан Республикасының Кеден ісі Кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Кеден органдарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жетiмдiлiк алған өзге де тұлғалардың мемлекеттiк, коммерциялық, банктiк, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырын) болып табылатын ақпаратты және басқа да жабық ақпаратты, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшiншi тұлғаларға, оның iшiнде мемлекеттiк органдарға беруге құқығы жоқ.
