6.Қайталанатын үш нуклеотидтер экспансиясы аурулары .
Қайталанатын үш нуклеотидтер экспансиясы аурулары гендердің реттеуші трансляцияланатын мағыналы бөлімдерінде қайталанатын жұптасқан (тандемді ) үш нуклеотидтер көшірмелерінің көбеюімен сипатталатын динамикалық мутациялар салдарынан дамитын тұқымқуалаушылық ауруларының үлкен бір тобы болып саналады.
Қалыпты жағдайда кейбір гендерде белгілі бір мөлшерде қайталанатын үш нуклеотидтердің болатындығы белгілі. Әрбір қалыпты гендерде осындай қайталанулар саны бірнеше жүзге дейін жетеді. Аурудың клиникалық симптомдары, қайталану саны нақтылы тендер үшін сындарлы межеден артқанда ғана байқалады.
Мұндай мутациялардың пайда болуы-екі сатыдан тұрады. Алғашқы сатыда қайталанулар саны популяциялық деңгейден біршама көбейді, бірақ ол аурудың дамуы үшін әлі жеткіліксіз болады. Геннің мұндай күйін «премутация» деп атайды. Осындай «премутациясы» бар аллель тұрақсыз болып, кейбір жағдайларда ол толық мутацияның түзілуіне алып келеді, яғни қайталанулар саны аурудың дамуы үшін жеткілікті, сындарлы деңгейге дейін көбейеді.
Бұл аурулардың жалпы клиникалық - генетикалық сипаттамалары төмендегідей:
1) антиципация, яғни бір шежіре деңгейінде әрбір ұрпақ сайын аурудың клиникалық көріністерінің зілділігінің (қаталдығының) ауырлауы (күшеюі). Антиципация феноменін әрбір жасуша циклында үш нуклеотидтер қайталануының өсуімен түсіндіруге болады.
2) әртүрлі жанұяларда және бір жанұяның түрліше ауыруларында клиникалық көріністердің зілділігі (қаталдығы) мен үш нуклеотидтер қайталанулары саны арасындағы корреляция;
3) Шерман парадоксы -мутацияның ұрпақтарға берілуіне байланысты, әрбір ұрпак сайын зақымданған адамдар санының көбею мүмкіндігі. Бұл феноменнің қалыптасуы аурудың клиникалық симптомдарының дамуына жеткіліксіз «премутацияны» тасымалдаушы (дендері сау) ағзалардың болуы нәтижесінде жүзеге асады.
7.Куршман - Штейнер Боттеннің миотрониялық дистрофиясы.
Бұл ауруды 1961 ж. ағылшын дәрігері Гентингтон сипаттап жазған. Оның жиілігі - әртүрлі популяцияларда 4-10:100000 дай болады. Тұқым қуалау типі - акутосомды-доминантты. Бұл аурудың гені 4 хромосоманың 4р16.3 аймағында орналасқан, 67 экзоннан тұрады және 348 кДа болатын акуыз -«гентингтинді» кодтайды. Сау адамдар генінің бірінші экзонында 6 дан 32-ге дейін жұптаскан (тандемді) ЦАГ - қайталанулары болатыны белгілі. Егер осындай қайталанулар саны 36-80-ге дейін жетсе ауру симптомдары байқалады. Геннің кодтаушы бөліміндегі осындай мутация нәтижесінде полиглутамин АҚ қалдықтары тізбектері көптеп кездесетін,біршама ұзарған ақуыз синтезделінеді. Бұл ақуыз нерв жүйесінің басқа да ақуыздарымен байланысып нейрондардың өлуіне алып келеді.
Аурудың негізгі симптомдары хорея бұлшықеттің жиырылуы гиперкинезия, деменция (жарыместік ) және психикалық бұзылыстар олардың басқа бұлшықеттің сіресуі (региттік ) қолдың қалтырауы ,атаксия т.б. белгілері байқалады.Ауру әртүрлі жас шамасында 10-20 жастан 40-50 жас аралығында байқалады.
Бұл ауруды 1901 ж. Г.И.Россолима алғаш сипаттап жазған. Ол адамдардың кең таралған тұқым қуалайтын ауруларына жатады. Әртүрлі популяцияларда оның жиілігі 1-8:40000 тең.Тұқым қуалау типі - аутосомды-доминантты .
Аурудың себебі болып геннің 3¹ - трансляцяланбайтын аймағында ЦТГ -қайталанулар экспансиясы саналады.Бұл ген 19 хромосоманың 19 q 13.2- q13.3 локусында орналасқан және 15 экзоннан тұрады. Қалыпты жағдайларда ЦТГ қайталанулар санының көбеюі ауру симптомдарының қатал зілді түрде байқалуына алып келеді.Мысалы,егер қайталанулар 50-80 аралығында бұл ауру жеңіл түрде байқалады,100-500 дей болса ауру кештеу басталады,ал 500-2000 -ға дейінгі қайталануларда ауру туыла сала байқалады.
Аурудың негізгі симптомдары - миопатия,миотония жүрек - қантамыр, эндокринді бұзылыстар және катаракта.
Сыңғыш Х-хромасома синдромы немесе Мартин-Белл синдромы. Бұл ауру 1943 жылы сипатталған және ер адамдардың ақыл-есінің кем болуымен сипатталатын кең таралған ауру болып саналады.
Ер адамдар арасында оның жиілігі әртүрлі популяцияларда 16-25:100000 –ға тең.
Аурудың негізгі себебі – ҒМR1 генінің бірінші экзонының трансляцияланбайтын аймағында ЦГГ кодонының қайталануының көбеюі болып табылады. Сау адамдарда қайталаулар саны 6 дан 200 аралығында болады .
Аурудың клиникалық симптомдары:
1. олигофрения (жарыместік IQ-35-50%-а тең)
2. дисморфия (прогнатизм, құлақ қалқанының үлкен болуы)
3. макроорхидизм .
