Қорытынды
Қорыта келе, жоғарыда қарастырылған, адамның денсаулығының проблемасымен байланысты экогенетиканың үш аспектісі (фармакогенетика, экопатологиялық реакция және мутагенді әсер ету) экогендік принципке сәйкес емес, бұрыннан анық, тәжірибеде қолданылатын мысалдар айтылып келеді, олар: ауруды емдеу емес, науқасты емдеу болып табылады. Ол тек қана ауырып қалған науқас үшін дұрыс шешім емес, сонымен қатар дені сау адамдардың арасында алдын алу шараларын жүргізу және ұйымдастыру үшін де өте маңызды. Популяция деңгейінде алдын алу шараларын ұйымдастыру мүмкіншілігіне байланысты, кең мағынада оны салауатты өмір салты десе де болады, сөйтіп әр индивидтің генотипінің күштілігі алдын алу шараларында ұсынылады. Осыған байланысты алдын алу медицинасы толық популяция үшін бағытталмайды, оның бағыты айналадағы ортаның спецификалық факторларының бөлек гендеріне, аномальді реакцияларына бейімділік маркерлері, маркерлі профилдер, генетикалық ансамблдері болып табылады. Осыған байланысты экогенетиканың негізгі мақсаты туындайды – осындай ұсыныстарды өндіру үшін ғылыми негіз құрылуы тиіс, ауру теориясынан денсаулықты сақтау теориясына трансформациялану жолдарын табу.
Экогенетика концепциясы алғашқы рет 1971 жылы Брюэрмен ұсынылған, ол фармакогенетиканың нәтижесінде пайда болған. Дәрілік заттар айналадағы ортаның химиялық факторының кішкене ғана бөлігін құрайды, сөйтіп олар адамзаттық қоғамға өз әсерін тигізіп отыр. Одан басқа генетикалық бейімділігі бар адамдарға потенциалды әсер ететін көптеген басқа токсикалық заттар бар екені анық. Экогенетика дәрі-дәрмектерге әртүрлі генетикалық реакцияларды тудыратын фармакогенетиканың орталық концепциясын кеңейтеді. Егіздік әдісте негізделген зерттеулер болғандықтан, дәрілік заттардың метаболизмі генетикалық бақылаудан өтеді екен, кез-келген химиялық агент генетикалық тұрғыдан бақыланады екен деген тұжырым жасауға болады екен. Адамның экогенетикасы ортаның әртүрлі агенттерінің адамзаттың ағзасына әсер ету реакциясын зерттейді. Оны міндетіне сыртқы ортаның қауіпті агенттерінің әсеріне әр адамның түрлі сезімталдығын түсіндіру болып табылады, сонымен қатар айналадағы ортаға бейімделудің индивидуалды ерекшелігін зерттеу болып табылады. Фармакогенетиканың жұмысшы гипотезасы мынадай, ағзаның биохимиялық ерекшелігі сыртқы агенттің реакциясының көрінісін анықтайды, әсіресе егер ол адамдарда әртүрлі реакция тудыратыны анық болған жағдайда. Фармакогенетиканың қарастырған құбылыстары секілді, кейбір экогенетиканың реакциялары сирек мутантты гендердің әсер етуін анықтайды, сөйтіп кенет аномалды жауапты немесе идиосинкразияны анықтайды. Реакцияеың әртүрлі болуының себебі полиморфизм де болуы мүмкін. Жиі экогенетикалық реакциялар бірнеше гендермен анықталады. Кейбір жауапты реакциялар аз адамдарда кездеседі, олар өздерінің генетикалық статустары бойынша бөліну, таратылудан айқын ауытқиды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қуандықов Е.Ө., Абилляев С.Ә. Медициналық биология және генетика. Алматы. 2006ж.
2. Айала Ф., Кайгер Д.Ж. Современная генетика. М. 1987ж.
3. Бочков Н.П., Клиническая генетика. М., 2006.
4. Гинтер Е.К., Медицинская генетика, М. 2003.
5. Қазымбет П., Медициналық биология, Алматы.
6. www.google@.ru
7. www.rambler@.ru
