Фармакогенетика
Фармакогенетика – бұл клиникалық фармакологияның бөлігі, генетикалық факторлардан дәрілік заттардың, токсикалық эффектісі және емдік тәуелділігін зерттейді. Дәрі қабылдағанда бірдей дозада берсе науқастарда сезімталдық байқалатыны әр дәрігерге белгілі.
Дәрілік заттардың көп бөлігі бауырда метоболизацияланады және оларға 3-10 ретті индивидуалды өзгергіштік көрсетіледі. Осы өзгергіштікті анықтайтын себептердің бірі – фермент белсенділігіндегі генетикалық детерминация, дәрілік заттарды метализациялайды.
Дәрілік заттардың метаболизмге белсенділігі 10 шақты рет өзгерген жағдайда, 2 немесе 3 максимумы болады (би немесе тримодалды бөліну), яғни дәрі метаболизмінің полиморфизмі. Бөлінудің бимодальділігі фенотип популяциясындағы дәрілік заттарды тез және баяу метаболизмдерін дәлелдейді.
Қазіргі уақытта препараттардың стандартты дозасын еңгізгенде көптеген аномалиялы реакция байқалған. Көбінесе ацетилдеудің полиморфизмі және қышқылдататын полиморфизмі маңыздарын алады.
Ацетилдеу полиморфизмі туберкулезге қарсы изониазид препаратын зерттегенде анықталады, тез ацетиляторларда жәй ацетиляторларға қарағанда 2 есе тез. Кейін фенотиптерінде новокаинамидтің, апрессиннің, кофеиннің, сульфаниламидті препараттардың ацетилденуі бұзылғанын байқаған.
Науқас фенотипі ацетиляторы мен осы препараттары кері әсерлерінің арасындағы тікелей байланыс орнатылған.
Иониазидтің баяу метаболизмі бар науқастар арасында перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы БМ-ға қарағанда 7 есе жоғары. БМ – ММ фенотипінің популяция аралық түрлері бар. Еуропалық популяцияда баяу ацетилятор бөлігі 59%, ал афроамерикандықтарда – 55% жуық, монголоидты – 10-22%.
Спортеин – дебризохинде типтің қышқылдық полиморфизмі гипотензивті препараттардың – дебрихозин және антиаритмиялық – спортииннің биотрансформациясының полиморфизмін зерттеген кезде табылды. Осы екі препараттың метаболизмі цитохром Р-450 (цитохром Р-45011Д6) отбасы изоферментінің қатысуымен жүреді. Осы изофермент 30 дәрілік заттардың метаболизмдеріне қатысады, олардың ішінде трициклды антидепрессанттар (амитриптилин, имипромин, бета-адреноблокаторлары (пропранол), антиаритмиялық дәрі-дәрмектер (пропафенон), нейролептиктер (тиоридазин), фенамин т.б.). ММ спартеин-дебризофенамин фенотипінің адам популяциясында таралуы нашар зерттелген. Алайда монголоидты және афроамерикандық популяцияда сирек кездеседі.
Науқастың метаболитті фенотипінің ақпараты емдеудің эффектілігіне, препараттарға кері әсерін болжамдауға маңызы бар.
Қоршаған орта факторларына экогенетиканың патологиялық реакциясы
Индивидтердің дәріге дифференциалды сезімталдығы экогенетикалық патологиялық реакцияның аз бөлігі ғана болады. Олардың көп бөлігі басқа қоршаған орта факторларымен анықталады: табиғи климатты шарттар, кәсіби тұрмыстық зиян, азық-түліктер.
Ерте көрсеткіштерде көрсетілгендей, геномды зерттеумен молекулярлы генетикалық технологиясы адам хромасомасында осы гендерді идентификациялайды және олардың тасымалдаушыларды анықтайтын арнайы тесттер ұсынған. Тестілеу келесі түрде болады: егер ген анық болса, онда белгілерді белгімен белгілейді; (флуоресцентті немесе радиоактивті) және лабораториялық жағдайларда зерттелінетін науқастың анологиялық ДНҚ фрагментін анықтауға қолданған. Бұл жағдайда фрагментті (ген) ДНҚ зонд деп атайды (немесе генетикалық маркер). Сонымен қатар зерттелетін индивидта кез келген мүше белгімен ДНҚ бөлінеді, осы ДНҚ-ны арнайы ферменттермен ерітеді. Содан соң әртүрлі әдістерді қолданып, белгілі генді гибридизациялайды.
