АҚ «Медициналық Университет Астана»
Биология және гистология кафедрасы
ТАҚЫРЫБЫ:Экогенетика.
ОРЫНДАҒАН: Ағаев С.З., 124 ЖМ
ҚАБЫЛДАҒАН: Алтаева Н.З
Астана 2013 ж.
ЖОСПАР
Кіріспе
Экогенетика
Экогенетика концепциясы
Формакогенетика
Қоршаған орта факторларына экогенетиканың патологиялық реакциясы
Мутогенездің экогенетикалық аспекті
Қорытынды
Қолданылаған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Экология мәселесіндегі қоғамдық назар кенеттен пайда болады, Ю. Одумның қозғалысты «қоршаған ортаның мәселесіне жалпылық қамқорлық» деп атағаны 60-жылдардың ортасында атала бастады.
Ғылыми техникалық революция көрінісінде адамзат бірінші рет өзінің ұзақ эволюциясында барлық планета масштабында үлкен қысыммен барлық тіршілікке, сонымен қатар адамдармен қақтығысты, химиялық, физикалық, биологиялық табиғатымен зиян тигізеді.
Барлық жерге тараған (атмосфера, су, топырақ) адамдардың денсаулығына әсер етеді.
Факторлар жиынтығымен және факторлар зияндығымен дәлелдейтін жүйені құрастыруын қажет етеді.
Экогенетика - ecogenetics
Экогенетика – адам организмінің сыртқы ортадағы әртүрлі агентеріне реакциясындағы генетикалық факторлар ролін зерттейтін адам генетикасының бөлігі (көбінесе химиялық заттарға).
Экогенетика объектісінің классикалық мысалы болып – глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігімен сипатталатын патологияның дамуына бұршақтардың (бобы) әсері болып табылады (азық-түлік ретінде).
Экогенетика бөлігі болып факмакогенетика саналады. Экогенетика концепциясын Г. Брюэр 1971 жылы ұзынған.
Экогенетика – детоксикацияға жауап беретін ген (ағзадан зиянды заттардың шығарылуы құрамында темекі түтіні, т.б.), екі формада болады – белсенді және белсенді емес. 48% жуық адамдарда ол белсенді емес – оларға темекі шегу өте зиян. Бірақ бұл адамдар антиоксиданттарды жақсы сіңіреді – витамин С, А, Е т.б., олар геннің белсенді еместігін орнын басады. Детоксикация геннің максималды белсенділігі, тәжірибеде антиоксидантты қажет етпейді: оларда сыртқы факторлардан қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігі минималды.
Экогенетика ғылымының мақсаты – экология болып табылады.
«Экология» термині (гректің «ойкос» - үй, «логос» - ілім, ғылым), 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккельмен ұсынылды. Гипократ, Аристотель және басқа ежелгі грек философтарының және «биологиялық жаңа туу ХVIII – XIX ғғ» ұлы ғалымдардың еңбектерінде экологиялық сипат жатыр. Сонымен қатар ұмытылған ғалым В.М.Флоренский жұмысы «Усовершенствование и вырождение человеческого рода» (1865), бұл жұмыста осы уақытқа дейін қоршаған орта факторларының адамның өзгеруіне, тұқым қуалаушылығына әсер етуі туралы айтылып, оқылады. Э. Геккель кезінен экология ғылым ретінде анықталғаны өзгермеген және ғылым барлық организмдердің және функционалды процестердің «табиғи үйде» тұратының қамтиды. Бұл ғылымда организм мен қоршаған орта арасындағы байланысына ерекше жауап аударылады.
Қазіргі уақыттағы (жетілген) экология өмір ұйымы деңгейінің концепциясынан анықталады, олар өзіндік биологиялық спектр құрайды. Әр деңгейде (біріккен қоғам, популяция, ағза, мүше, жасуша, ген) нәтижесінде қоршаған физикалық ортада (энергия және зат) функционалды жүйе пайда болады (генетикалық, жасушалық, мүшелік, ағзалық жүйесы, популяциялы және экожүйелі). Экология спектрдың оң бөлігіндегі жүйелердің зерттейді. Бірақ сол жақты спектр экологиялық ғылымда қай орында тұрады, гендер және генетикалық жүйе? деген сұрақ туындайды. Осы кезде Н.В.Тимофеева-Ресовскойды еске алған жөн, ол «экология» терминін жақтары қоймаған, ал Э.Геккель оны жеңіл оймен ғылымды «бәрі туралы және тағы бір зат туралы» еңгізді деп ойлады. Бірақ егер қазіргі уақыттағы экологияның барлық функционалдық процестерді қамтуының жалпы тенденциясымен жүретін болса, адам ағзасының генетикалық реакциясымен генетикалық жүйесі қоршаған орта факторларына экологияның назарында болу керек. Генетикалық салалардың зерттеуде осылар басты орын алады – экологиялық генетика (экогенетика).
