- •Қызметі
- •Мемлекеттік аймақтық басқарудың мақсаты мен міндеттері
- •4.Аймақ түсінігінің мазмұны, қызметі мен даму бағыты
- •Аймақтық нарық құрылымы және оған мінездеме.
- •Өндірістік қорлар нарығын мемлекеттік реттеу әдістері.
- •Аймақтық дамудың экономикалық әлеуеті: түсінігі және болашағы
- •Мемлекеттік басқарудың мәні және әдістері тгу китапта 27 б, 49 б
- •Аймақтық экономиканың пәні мен міндеттері үстіде жазылған.
- •Аймақтың демографиялық көрсеткіштері: түрлері, қысқаша мінездеме.
- •Аймақтық басқару жүйесіндегі шешім қабылдау түсінігі және оның даму сатылары. Болмаса тгудагыны окындар
- •16. Экономикалық өсу және оның түрлері.
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •18. Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштерінің жүйесі
- •Мемлекеттік және жергілікті басқарудың қағидалары
18. Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштерінің жүйесі
Көрсеткіш – қызметтің жекелеген жақтарының, экон. нысанның қайсы бір ерекшеліктерінің, процестің немесе шешімнің сандық сипаттамасы. Макроэкономикалық көрсеткіш — жалпы экономика бойынша өндіру мен тұтыну көлемі, кірістер мен шығыстар, тұрмыс деңгейі, экономика құрамы, экспорт пен импорт, экономикалық өсу қарқыны, т.б. көрсеткіштер. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.
Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.
ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).
ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.
ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.
Жеке табыс (ЖТ немесе өзіндік түсім (ӨТ)) салық төлегенге дейінгі табыс.
Қолда қалған табыс (ҚҚТ) салық төлегенннен кейінгі табыс.
Таза экономикалық тұрмыс (ТЭТ (ЧЭБ)) өмір сүру сапасын ескеретін қоғамның экономикалық тұрмыс -жағдайын өлшейтін көрсеткіш.
ЖҰӨ өлшеудің үш әдісі бар: қосылған құн арқылы, өндірістік немесе шығындар бойынша, кірістер бойынша. Бірінші тәсіл бойынша, бір жыл ішіндегі қосылған құндар сомаланады. Екінші тәсіл жыл көлемінде жұмсалған барлық шығындар сомасы да ЖҰӨ береді дейді. Үшінші әдіс бойынша жыл көлеміндегі барлық кірістер сомаланады.
ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ. Баға индесі ағымдағы жылғы товарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.
Біртұтас мемлекеттерде аймақтық саясатты орталық үкімет жүргізеді, ол тең дәрежеде макро және микро құралды бірдей пайдаланады. Жүйелі дағдарыстан шығу кезеңінде мемлекет макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу мақсаттарында кен өндіру индустриясының рентабельді алыптарына зейінді жұмылдырды, бұл әрекет салалық және аймақтық теңсіздікті күшейтіп жіберді. Аймақтық инвестициялық саясат мұнай-газ саласына бағытталды. Инвестициялардың ең үлкен үлесі көмірсутек шикізатын өндіру перспективалы дамып отырған батыс аймаққа (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) салынды. Инвестициялық әлеуеттің барлығы 18%-н шоғырландыра отырып, осы облыстар 2000-2001 жылы республикадағы бүкіл инвестициялардың 50%-дан астамын жинақтады. Инвестициялардың салалық құрылымындағы үлкен бөлікті өнеркәсіп, көлік және байланыс инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы еншілейді. Осы көзқарас тұрғысынан аймақтардың өз ерекшеліктері бар. Экономикалық аймақтардың арасында өнеркәсіп инвестициялардың ең үлкен үлесін Батыс Қазақстан, көлік пен байланыста – Шығыс және Солтүстік Қазақстан, ауыл шаруашылығында – Оңтүстік облыстар иеленеді.
