- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
- •5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- •Силлабус
- •Курстың қысқаша баяндалуы:
- •Пәннің тематикалық жоспары
- •7.1 Дәріс, семинар және соөж кестесі
- •7.2 Семинарлық тапсырмалар
- •7.3 Сөж тапсырмаларының тақырыптары
- •Баға қою саясаты
- •Студенттер білімін бағалау кестесі
- •9. Курс саясаты
- •10. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •10.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны
- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Лекциялық кешен
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) генерал өнері
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •7. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудің мәні, факторлары және әдістері
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) барлық жауаптар дұрыс
- •8. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері және методологиясы
- •А) генерал өнері
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •Жұмыссыздық нормасы.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) еңбек нарығы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) дотация
- •А) орталық
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Д)дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны;
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Шоғырланудың бағыттары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •15. Мемлекеттің экономикалық қызметі мен қоғамның әлеуметтік дамуының өзара әрекеттесуі
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Глоссарий
Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.
Корпоративті табыс салығы бойынша преференциялар салықтөлеушіге жылдық табыс сомасынан пайдалануға енгізілген бекітілген актвитерді бөліктер бойынша шығаруға мүмкіндік береді, преференцияның берілген уақытына қарай.
Инвестициялық салықтық преференциялар - салық төлеушінің жиынтық жылдық табысынан қосымша есепетулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оны бекітілген инвестицияларды құру, кеңейту және жаңарту мақсатымен салғандарға береді.
Инвестициялық климат және оның құраушылары.
Инвестиционды климат – инвестиционды саланың жалпылама көрінісі, оған саяси, экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, ұйымдастырушылы- басқарушылық, институционалды және елдің әлеуметті-экономикалық дамуының басқа да факторлары әсер етеді.
Елдегі инвестиционды климат бір жағынан оның инвестиционды потенциалын анықтайды, ал екінші жағынан – инвестициялық тәуекелді. Инвестиционды потенциал да, инвестициялық тәуекел де көптеген элементтерден тұрады. Осылайша, инвестиционды потенциал жеке потенциалдардың орташа ретінде анықталады, олардың ішінде келесілердің потенциалы:
• ресурсті-шикізаттық, ол табиғи ресурстардың минералды-шикізаттық қорымен қамтамсыз етушілікті сипаттайды;
• еңбектік, оған еңбек ресурстары және олардың білімді-маманды деңгейі;
• экономиканың негізгі салаларындағы қызметтің макроэкономикалық нәтижелерімен сипатталатын өндірістік;
• инновационды, ҒЗҰКЖ деңгейін көрсететін ҒТП жетістіктер;
• инфрақұрылымдық, көлікті- коммуникациялық саламен инвестиционды инситуттармен анықталады;
• қаржылық, бюджетті табыс көлемі туралы, кәсіпорындар пайдалылығы, тұрғындардың табысы туралы көрініс береді;
• тұтынушылық, тұрғындарлдың сатып алушылық қабілеті түрінде көрініс алады.
Инвестиционды тәуекел күтілетін пайданың, мүліктің, ақшалай қаражаттың жоғалуы қаупін сипаттайды, ол экономикалық қызметтің жағдайларының аяқ-асты өзгеруінен, жағымсыз жағдайлардан болуы мүмкін. Оның негізгі құраушылары ретінде келесі тәуекел түрлерін атап көрсетуге болады:
• экономикалық,
• қаржылық,
• саяси,
• әлеуметтік,
• қылмыстық,
• заңшығарушылық,
• экологиялық.
Осы тәуекелдерді азайту инвестиционды климатты жақсартудың магистралды бағыттарының бірі.
Негізгі әдебиеттер:
1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.
2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.
3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.
4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.
5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.
6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.
7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.
8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.
9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008
10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006
11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010
Тақырып бойынша сұрақтар
Инвестиция деген не.
Инвестиция түрлерін аттаңыз.
Мемлекеттің инновациялық саясаты деген не.
Қандай мамандырылған органдар инвестиция реттеуді жүзеге асырады.
Инвестициялық процеске мемлекеттік әсерінің әдістерін аттаңыз.
Инвестиция тиімділігін бағалау үшін қандай әдістерді қолданады.
Шетел инвестицияны тарту үшін мемлекетте қандай жағдай жасау керек.
Шетел инвестицияларды реттеу қалай жүзеге асады.
Тест Сұрақтары:
1.Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы ретінде төмендегілерді қайсысын атауға болады?
А) мемлекетті макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруы;
В) қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік мәселелерді рет-ретімен шешу;
С) технологиялық инвестицияларды тарту мақсатымен мемлекетті сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруы;
Д) жалпымемлекеттік мақсаттарға жету үшін әлеуметтік- экономикалық дамудың жоспарын жасау;
Е) дұрыс жауабы жоқ
2. Инвестиция қозғалысы мен табыстың арақатынасын сипаттайтын мультипликатор былай анықталады.
А)инвестицияларды өсуі кезінде табыстарды жоғарылауының сандық коэффициенті;
В) табыстар мен жинақ ақшалардың өсуі кезінде инвестициялардың жоғарылауының сандық коэффициенті;
С) инвестициялар төмендегенде табыстың өсуін көрсететін сандық коэффициент;
Д) табыстардың абсолютті өсуі көлемінің инвестицияларды сәйкес өсу көлеміне қатынасы;
Е) мұндай байланыс жоқ
3.Несие пайызыны ставкасына инвестицияның тәуелділігі қандай?
А) пайыздық ставка жоғарылағанда инвестициялар төмендейді;
В) пайыздық ставка тұрақты болғанда инвестициялар өседі;
С) пайыздық ставка деңгейі төмендеген сайын инвестициялар азая түседі;
Д) инвестицияның өсу қарқыны мен пайыздық ставканы деңгейі арасында байланыс жоқ;
Е) инвестициялар пайыздық ставка жоғарылағанда өседі.
4.Инновациялық-индустриялық стратегияны жүзеге асыру мақсатында құрылған институттар қатарына төмендегілердің қайсысы кірмейді?
А)Қазақстанның даму институты
В) ҚР Инвестициялық қоры;
С) Инновациялық қор;
Д) Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация;
Е) Қазақстан даму банкі.
5.Инвестицияны экономикалық категория ретінде сипаттай отырып, оны пайдалану мақсатына қарай … деп бөлеміз.
А) нақты және қаржылық;
В) нақты және экономикалық;
С) қаржылық және портфелдік;
Д) қаржылық және экономикалық;
Е) нақты және материалдық.
14-тақырып. Бәсекелестік орта мен тиімді кәсіпкерлікті қалыптастыру. Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Дәрістің мақсаты:
Бәсеке-нарықта реттеуші қызмет атқарады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтың субьектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды.
Жоспар:
1.Бәсекелестік ортаның қалыптасуы және бәсекелестіктің артықшылығы.
2. Монополияға қарсы саясаттың мәні және түрлері.
3. Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясат.
Негізгі түсініктер
Сала ішіндегі бәсеке
Ұлттық бәсеке
Ниетсіз бәсеке
Бағалық бәсеке
1.Бәсекелестік ортаның қалыптасуы және бәсекелестіктің артықшылығы.
Нарық механизмінің негізгі элементінің бірі-бәсеке.
Бәсеке-нарықта реттеуші қызмет атқарады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтың субьектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементердің өзара қатнасы арқылы нарық яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатнастар ретінде көрінетін экономикалық қаржысы.
Әрбір кәсіпкердің қалыптасады. Бәсеке-нарық субьектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, басты мақсаты пайданы жоғарылату, олардың әр біреуі өздерінің кәсіпкерлік іс-әрекеттерінің ауқымын кеңейтуге тырысады. Ал өндірістің кеңеюі, яғни тауардың қажеттілігі осы тауарға деген сұраныстан көрінеді. Егер сұраныс ұсыныстың болуын жоғарлатса, онда бәсекеге сатып алушы түседі. Егер сатып алушы тапшы тауарды сатып алғысы келсе, онда сатып алушы басқа тауарларға қарағанда жоғары баға қойып, тауарды өзі алуы мүмкін. Баға өскендіктен ұсыныс та өседі. Ұсыныш сұраныспен теңескенше өсе береді және бағаның теңесуіне ықпал етеді. Қандайда бір сұраныс, қандайда бір ұсыныстың өзгерісі бағаның өзгерісіне байланысты. Сонымен бәсеке нарықтық тепе-теңдікті ұстап тұрады, қоғамдық үйлесімділікті белгілейді.
Бәсекені бірнеше түрлері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. Даму ауқымы бойынша:
1.1.Жеке бәсеке-жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға тырысады.
1.2.Жергілікті бәсеке-жергілікті қайсыбір территориядағы тауар иелерінің жарысы.
1.3.Сала ішіндегі бәсеке-сала ішіндегі жарыс.
1.4.Сала арасындағы бәсеке-әр түрлі сала субьектілерінің жарысы.
1.5.Ұлттық бәсеке-ел ішіндегі жарыс.
1.6.Ғаламдық бәсеке-әр түрлі мемлекет субьектілерінің жарысы.
2. Жүргізу әсеріне қарай:
2.1.Бағалық бәсеке-бағаны төмендету арқылы.
2.2.Бағалық емес бәсеке-тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.
3. Ниет тәсілдері бойынша:
3.1.Адал ниеттілік бәсеке.
3.2.Ниетсіз бәсеке-нарықтың ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б арқылы.
4. Бәсеке даму сипатына қарай:
4.1.Жетілген бәсеке.
4.2.Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).
Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.
Жетілген бәсеке нарығы-кез-келген ұқсас тауарларды сататын сатушылармен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде-бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де, шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке-қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монполия, олигополия, монополиялық бәсеке.
Монополия-ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсония-тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
1. Табиғи монополия-сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады. (тұтынушыларға-су, отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
2. Жасанды монополи-фирмалардың бірігуі және келісу нәтижесінде пайда болады.
3. Кездейсоқ монополия-өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстың, ұсыныстың уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Шаруашылық жүйедегі кез-келген бәсеке болып жатқан экономикалық үрдіске әсер етеді. Қандай да бір кәсіпкердің өмір сүруі оның өндірісті ұстап тұруына ғана байланысты емес, ол оның перспективасын көрсете алуына және болашақта сұранысты қалыптастыруына байланысты.
Бәсекенің басты экономикалық артықшылығы мынада:
Бәсекелестік күрес арқылы қоғамдық талаптарға сәйкес шектеулі ресурстарды бөлу тиімді жүргізіледі, яғни сұранысқа байланысты өнім өндіріледі. Бұл құбылыс Парето бойынша тиімділік деп аталады. (италиандық экономист және социолог Вильфредо Парето аты берілген). Ол «Бәсеке ресурстарды тиімді бөледі» деген қағиданы дүниеге әкелген. Қазіргі кезде ресурстарды Парето бойынша белсенді болу деп атайды.
Бәсеке кәсіпкерлерге өз өндірісін қадағалап отыруға ықпал етеді.
Өнім бірлігіне кететін шығындарды төмендетеді, бұл төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл сатып алушыларға пайдалы, өйткені олар төмен бағаға жоғары сұраныспен қарайды. Сатып алушылардың ақшасы үшін күресте кәсіпкерге жаңадан шығындарды төмендететін қорлар іздеу қажет, шектеулі ресурстардан пайда табу үшін оны дұрыс қолдану қажет. Өмір сүру ұзақтығын сақтау үшін ол сапалы өнімді шығаруы қажет. Қоғамда қабылданған талаптарды жүзеге асырады. Бұл өндірістің тиімділігін өсіреді.
Кәсіпкер шығындарды төмендету әдісі арқылы жаңа, сапалы өндіруші техниканы және жаңа технологияны қолданады. Өзінің нарықтық сигментін берік ұстайды жаңа ұйымдастырушылық әдістерді қолданады. Бұған ғылыми-техникалық инновацияны есепке ала отырып ғана жетуге болады. Бұл бәсекелестік-кәсіпкерлерге ғана пайда әкелмейді, бұл барлық қоғамға, прогрессивті қозғалысқа әсер етеді.
Сатып алушылармен күресте кәсіпкер өз фирмасын қорғайды, өзін қайырымды және әділетті бизнесмен ретінде көрсетеді. Бұл қоғам үшін бәсекенің нәтижесі болып табылады. Тауар мен қызметтің сапасын біліп қана қоймау керек, оның мәртебесін көтеретін сыртқы фирмаларды қадағалау қажет. Фирма өз пайдасын ғана ойлап қоймайды. Олар бағаны төмендетеді, сыйақы және неше түрлі мерекелік кештер мен жәрмеңкелер ұйымдастырады. Бұның бәрі қоғамда қайтарымдылық жағдай туғызады: білімді бизнесмендерді қалыптастырады, әлеуметтік кедергіні төмендетеді.
Міне бұл экономикалық артықшылықтар нарықтық экономиканы басқа экономикалық ұйымдарға қарағанда тиімді жасайды.
Бәсеке кезінде экономиканың тепе-теңдігі сақталуына және сала мен өндіріс арасындағы белсенді қатнастың қалыптасуына нарықтық үрдістің дамуы әсер етеді. Сонымен нарықтық тепе-теңдік қоғамдық еңбек өндірісі жүзеге асырылса ғана тұрақты болады және ірі шаруашылық субьектілер пайда болуына көмектеседі. Бұл жүйенің пайда болуы монополияның қалыптасуына тосқауыл болады.
2. Монополияға қарсы саясаттың мәні және түрлері.
Мемлекет бәсекелестік ортаны қадағалайды және қажет болған жағдайда монополияға экономикалық шаралар қолданады, мұндай жағдайлар монополияның қарқынды дамуына кедергі жасау. Жоғарыда атап көрсеткендей: монополия-бұл өнім, қызмет, ресурс өндірілуін шектейтін өнеркәсіп фирма немесе мекеме. Ол нарықтық бағаға, ұсыныс көлеміне, тауар және қызмет сату бағытына зор әсер етеді. Монополиялар ірі компаниялар, мекемелер түрінде болады. Монополия және ірі компания синоним сөздер сияқты көрінбейді. Бірақ практикада олар бірдей болып көрінеді. Ірі компания ұғымы оның нарықтағы тауар өндіруші фирмасының бөлігі ретінде, немесе абсалютті көрсеткіші, яғни актив мөлшері, пайда, жұмыспен қамтылған адамдар саны және акционерлер санының көрсеткіші ретінде көрсетіледі. Көп жағдайда абсолютті көрсеткіші фирма нарықтың көп бөлігін бақылайды. Сондықтан өзін монополия ретінде көрсетеді.
Нобель сыйлығының лауреаты, американ экономисі Ф. Хайектің жазуында: «Монополия негізі жаман емес, бәсекенің тоқырауы жаман» Монополия бәсекеге тосқауыл жасау арқылы қоғамға көптеген жағымсыз жағдайлар туғызады. Оның негізгілері:
біріншіден, қоғамның талабы бойынша ресурстарды тиімді бөлмеу, баға мен ұсыныс көлеміне монополиялық үстемдік болса, онда бағаны ұстау үшін өндірістік ресурстарды шектеулі етіп көрсету т.б.
екіншіден, жоғары баға болғанда, сатып алушылар өнім алу үшін көп қаражатын жоғалтады.
үшіншіден, монополия өндірістің техникалық тоқырауына, еңбек жағдайының төмендеуіне әкеледі.
Қазіргі мемлекет экономикадағы монополиялық жағдайды болдырмау үшін монополияға қарсы саясат жүргізе бастады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – мемлекет билігіндегі монополияға қарсы құралдар жиынтығын қолдану арқылы монополиялық іс-әрекетті болдырмауға, шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Барлық шаруашылық субьектілерге тең бәсекелестік жағдай жасау және әділетті бәсекені қалыптастыру. Қызмет (іс-әрекетін) жүргізу бойынша қазіргі кездегі монополиялардың түрлері мыналар:
1) Нарықты монополиялау – егер қандайда бір компания нарықтың үлкен бөлігіне бақылау орнатса.
2) Бағаны тіркеу бойынша – салалар бағаның деңгейі және өндірістің көлемі туралы шешем қабылдайды.
3)Компаниялардың қосылуы бойынша – вертикалдық және горизанталдық қосылу кезінде пайда болған компания саладағы бәсекені шектейді.
4) Біріккен директораттар – екі немесе бірнеше компанияның билігін бір адам жүргізеді және бір бағалы саясатты ұстайды.
5) Бғалық дискриминация - өндірушілер өз тауарын әр түрлі бағамен сата алады. Заң бойынша оны бір бағамен сатуы қажет.
Монополиялық күрес елдер арасында қатаң және әр түрлі бағытта жүреді. Жалпы мемлекеттік монополияға қарсы реттеу 2 бағытта жүргізіледі:
1. Арнайы монополияны реттейтін заң құру және қабылдау.
2. Жүйелік органдардың қалыптасуы. Монополияға қарсы реттеу және монополияға қарсы заңның орындалуын бақылау.
Бұл ерекгелікті түсіну үшін нақты елдің жалпы экономикалық саясаттың контекстін қарау керек. Яғни сол елдің экономикасының даму деңгейін қадағалау керек. Мұның көбі дүниежүзілік нарықтағы бәсеке арқылы, халықаралық сауда режимінің өзгеруі және басқа факторлар арқылы көрінеді. Сондықтан монополияға қарсы заңдар қоғам дамуына сәйкес өзгереді және мемлекеттің сыртқы, ішкі жағдайларының өзгеруіне бейімделеді. Қазіргі кезде монополияға қарсы заңдардың екі үлгісі туралы айтуға болады: американдық және батыс еуропалық үлгі.
Американдық үлгі – монополияға қарсы саясатта ірі компаниялардың қандай да бір формасының қосылуына қатаң түрде тиым салды. Вертикалды және горизонтальді ірі компаниялардың қосылуын әр әдіспен бақылайды. Мұндай ірі компаниялардың қосылуына келісім мынадай жағдайларда беріледі, егер ірі компаниялардың қосылуы кезінде нарықтық бәсеке төмендеген жағдайда, баға деңгейі немесе сату көлемі туралы шешім қабылданған компаниялардың іс-әрекеттері қатаң қадағаланады. Монополияға қарсы санкциялар қолданылады. Мұнда қылмыстық істерді, келеңсіз жағдайларды жою ретінде түрмелік тұжырым да қабылданған.
Монополияға қарсы реттеудің батыс еуропалық үлгісі либералды болып саналады. Шаруашылық субьектілерге бәсекелестік тәртіп түралы бағыт беріп отырады. Әр монополиялық кәсіпорыдар заңды болып саналмайды, тек әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық маңызды ірі компаниялар ғана заңдастырылады. Нарықтағы бәсеке арнайы әкімшілік органдар арқылы қабылданады. Кейде бұл органдар түзетуші, реттеугі және бекітуші шараларды да тікелей қолданады. Соңғы кезде жапондық монополияға қарсы саясат көптеген бәсекелестерді қызықтырды. Жапония ұлттық монополияны ашық ұстап тұрады. Ол көбінесе жоғары технологиялық салаларға көмектеседі. Бұл жаңа ақпараттық технологияларға көшуден көрінеді. Экспорттаушы фирмалар қосылып, ал дефрессивті салалар нақты картельдер ретінде құрылады. Осы үлгілерді негізге ала отырып, барлықмемлекеттер арнайы монополияға қарсы заңды қолдану арқылы бәсекелі экономиканың негізін қалыптастыруда.
3. Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы мемлекеттік саясат.
Монополияның пайда болуының басты себебі - өндірістің және капиталдың бір ортаға шоғырлануы.
