- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
- •5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- •Силлабус
- •Курстың қысқаша баяндалуы:
- •Пәннің тематикалық жоспары
- •7.1 Дәріс, семинар және соөж кестесі
- •7.2 Семинарлық тапсырмалар
- •7.3 Сөж тапсырмаларының тақырыптары
- •Баға қою саясаты
- •Студенттер білімін бағалау кестесі
- •9. Курс саясаты
- •10. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •10.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны
- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Лекциялық кешен
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) генерал өнері
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •7. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудің мәні, факторлары және әдістері
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) барлық жауаптар дұрыс
- •8. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері және методологиясы
- •А) генерал өнері
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •Жұмыссыздық нормасы.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) еңбек нарығы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) дотация
- •А) орталық
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Д)дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны;
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Шоғырланудың бағыттары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •15. Мемлекеттің экономикалық қызметі мен қоғамның әлеуметтік дамуының өзара әрекеттесуі
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Глоссарий
А) генерал өнері
В) өнер
С) ынталандыру
Д) мәселе
Е) дұрыс жауабы жоқ
3.Болжау формальді әдісі жалпы принцептеріне байланысты неше топқа бөлінеді.
А) 4
В) 3
С) 5
Д) 6
Е) 2
4.Болжау қызмет ұзақтығына қарай нешеге бөлінеді?
А) қысқа,орта,ұзақ мерзімдер;
В) оперативтік,тактикалық,стратегиялық;
С) фирмалар,салалар,секторлар,өндірістер;
Д) атқарушы,анықтаушылар,тасымалдаушылар;
Е) орталық,салалық,әкімшілік;
5.Стратегиялық жоспарлауды төменде берілген анықтамаларыны
қайсысы дұрыс?
А) стратегиялық жоспарлау макродеңгейде мемлекетті экономикалық саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырудағы оның жолдарын және істерін анықтаудағы және елді маңызды әлеуметтік шаруашылық мақсаттарына жетудегі үкімет іс-әрекетінің процесі;
В) стратегиялық жоспарлау ұзақмерзімдік уақытта басқару объектісін тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін шешімді жасақтауды білдіреді;
С) стратегиялық жоспарлау- бұл мемлекетті әлеуметтік- экономикалық және әлеуметтік-саяси,заңды және жее тұлғалардың мүдделерін қамтамасыз ету процесі;
Д) стратегиялық жоспарлау- бұл күнделікті қайталанатын және әр жобаға жауапты менеджерлермен бақыланатын икемді процесс;
Е) мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамуын орта мерзімді даму жоспары болып табылады.
9-тақырып. Халықты әлеуметтік қорғау мен адам ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі мемлекеттік шаралар. Табыстар және еңбекақы саясаты
Дәрістің мақсаты:
Тұрғындардың төмен тығыздығы (шекаралардың ұзақтылығымен салыстырғанда) мемлекет үшін тұрақсыз дамуының факторы болып табылады. Елдің территориясының басым бөлігі шаруашылыққа игеруге қиынға түсетіндігініе қарамастан, Қазақстанның барлық аймақтарының жасыландыру мәселесін қою қиын, дегенмен де тұрғындар санын белгілі бір деңгейде демеп тұру қажет, осылайша оның экономикалық мүмкіндіктерін арттыру (бірінші кезекте ол еңбек нарығының мәселелері), көршілес әлемдік ұлттардың алдында қазақстандықтардың генетикалық және мәдени қуатын жоғарлату, инфрақұрылмының әлсіздігімен демографиялық диспропорциялардан болған аймақтар арасындағы жағымсыз дифференцияцияны жою.
Жоспар:
1.Халықты еңбекпен ұтымды қамтамасыз ету жолында мемлекеттiк шараларды жүзеге асырудағы оның интеллектуалды күш-қуаты мен гендерлiк ерекшеліктерiн аңықтаудың рөлi.
2.Жұмыссыздыктың негiзгi себептерi мен оның деңгейiн төмендетудiң әлеумттiк- экономикалық маңызы. Оукен заңы.
3.Инфляция, жұмыссыздық пен еңбек акының өзара байланысы және оның елдiң еңбек әлуетiн пайдалануға мемлекет тарапынан келгендегi ескерiлуi. Филипс қисығы.
4.Халықтьң әртүрлі топтарын әлеуметтiк қорғау жолындағы жалпымемлекеттік саясатты жүзеге асырудың эаңдылық негiздерi, ерекшелiктерi мен әдiстерi.
5.Әлеуметтiк сфера салалары дамуының негiзгi көрсеткштсрi мен оны негіздеу әдiетемесi.
Негізгі түсініктер
Әлеуметтiк сфера
Еңбек әлуетi
Енбек өндiмдiлiгi
Еңбек нарығы
Еңбек ресурстары
Қоғамнын еңбск әлуетi мен демографиялык жағдайы. Еңбек ресурстарының гендерлiк және интеллектуалдық деңгейiнің маңызы. Еңбеккс кабiлсттi тұрғындарды жумыспен қамтамасыз етудегi мемлекеттiк шаралар жүйесi.
Жұмыссыздықтьң түрлерi мен негiзгi себептерi және сны төмендетудегі мемлекеттiн iс-әрекетi. Еңбек нарығынын қалыптасу процесi мен оны дамутуға мемлекет тарапынан келу мәселесi. Енбек өндiмдiлiгi мен еңбек ақы төлеудің өсім қарқынының ара қатынасына мемлекепiк әсср етудiң механизмдерi.
Оукен заңы мен Филлипс қисыгы. Инфляция, жұмыссыздық, еңбек ақысы және сңбек ресурстарын ұтымды пайдалану проблемалары.
Халықтың әртурлi топтарын әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудегі жалпымемлскеттiк саясаты жүзеге асыру тәсiллерi мен ұйымдастыру-құқықтық нсгiздерi. Күнкөрiс минимумы және кедейшiлiкпен күресу проблемасы. Табысты бөлудiн әдiлеттiлiгi. Халықтың өмiр сүру деңгейiн мемлекеттiк реттеу қағидалары мен әдiстерi.
Әлеуметтiк инфрақұрылымның экономикалық рөлi және оның салаларында нарықтық қатынастардың дамуы. Осы салалардың адамзаттық даму индексінің деңгейiмен өзара байланысы.
Әлеуметтiк инфрақұрылымны дамуын мемлскеттiк реттеу және оның механизмдерi. Денсаулық сақтаудың, біліiм берудiң, мәдениеттiң даму көрсеткiштерi және оларды негiздеу әдiстерi.
Қазақстандағы демографиялық жағдай мен елдiң еңбек потенциалын қалыптастырудың болашағы.
Халыктың әртүрлi топтарың әлеуметтiк қорғаумен қамтамасыз етудегi мемлекеттiк шаралардың жүзеге асырудың әдiстерi және ұйымдастырушылық- құқықтық негiздерi.
Жұмыссыздық және инфляция: түрлері мен себептері.
Еңбек нарығы және оны реттеу.
Қазақстан Республиканың зейнетақы жүйесі.
Әлеуметтік инфрақұрылым және оның дамуы.
Тұрғындардың төмен тығыздығы (шекаралардың ұзақтылығымен салыстырғанда) мемлекет үшін тұрақсыз дамуының факторы болып табылады. Елдің территориясының басым бөлігі шаруашылыққа игеруге қиынға түсетіндігініе қарамастан, Қазақстанның барлық аймақтарының жасыландыру мәселесін қою қиын, дегенмен де тұрғындар санын белгілі бір деңгейде демеп тұру қажет, осылайша оның экономикалық мүмкіндіктерін арттыру (бірінші кезекте ол еңбек нарығының мәселелері), көршілес әлемдік ұлттардың алдында қазақстандықтардың генетикалық және мәдени қуатын жоғарлату, инфрақұрылмының әлсіздігімен демографиялық диспропорциялардан болған аймақтар арасындағы жағымсыз дифференцияцияны жою.Тұрғындар санының ең оңтайлы деңгейіне жету 2024ж. 18 миллионға жету болып табылады. Ол үшін шынайы өсім көрсеткішін 2024 жылға қарай 1000 адамға 12,68дейін (бүгінгі 8,0 салыстырғанда), орташа өмір сүру ұзақтығын 73 жылға дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға 22 кем емес деңгейінде демеу. Ерлер мен әйелдер арасындағы орташа өмір сүру деңгейі арасындағы үзіліс осы 11 бугінгімен салыстырғанда 7,5 жылға дейін азаюы керек.
Жұмысбастылық пен еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері.
Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудің бағыттары мен әдістері әртүрлі және елдегі нақты экономикалық жағдаймен, мәселенің өзектілігімен анықталады. Солардың ішіндегі кеңінен таралғандары:
1. Жұмыс орындарын құру. Бұл әр түрлі жоладармен жүзеге асады: - келешекті қызмет салаларында, еңбексыйымды салалар мен өндірісте, жоғары мультипликативті әсері бар салаларда, дамыған аралас, өзара байланысты салалық кешендердегі жаңа тиімді жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді ынталандыру; үйдегі жұмыс және т.б. саласындағы жұмыспен қамту орталықтарымен жаңадан құрылған жұмыс орындарын қаржыландыруы.
Осы мақсатта салықтық, несиелік жеңілдіктер, мемлекеттік тапсырыстар, жылдамдатылған амортизация және т.б. құралдар пайдаланылады.
2. Шағын бизнесті дамыту және қолдау. Жұмыс орындарының басым бөлігін, соның ішінде әлеуметті қорғалмаған тұрғындар бөлігінде шағын кәсіпкерліктің дамуы қамтамасыз ететіндігі белгілі, олардың келесідей нысаны болады жеке еңбектік қызмет, кооперативтер, фермерлер шаруашылықтар санын көбейту.
3. Кадарлерді маманды дайындау және қайта дайындау масштабтарын кеңейту. Ол бірден екі міндетті шешуге мүмкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын азайту, және оларды экономикадғы болып жатқан өзгерістер жағдайынджа жұмыс істеуге дайындау.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бағыт жұмыссыздықтың аса күрделі түрлерімен қамтылған жұмыссыздарға арналған. Қоғамдық жұмыстар жоғары біліктілікті қажет етпейді, толық жұмыс күніне созылмайды, қалған уақытта жұмыс істеумен айналысуға болады.
Осы бағыттарды жүзеге асыру еңбек нарығын тура және тікелей әдістері арқылы мүмкін болады.
Тура әдістерге келесілер жатады:
Заң-шығарушылық- құқықтық актілер мен нұсқаулар, олар әлеуметті-еңбектің қатынастарға қатысушылардың қызметін реттейтін, қаржыландырудың нақты көздері көрсетілген мемлекеттік бағдарламалар, жұмысбастылықты қамтамсыз ететін сәйкес құрылымдарды ұйымдастыру, олардың нақты қызметтерін көрсету.
Жанама құралдарға мемлекеттің салықтық, ақша-несиелік, амортизациялық саясаты жатады. Олардың барлығы бір уақытта жалпыэкономикалық реттеу құралдары да болып табылады. Олар жұмысбастылыққа жалпыэкономикалық конъюнктура арқылы әсер етеді.
Жұмыссыздықтың нысандары мен негізгі себептері. Мемлекеттің оны төмендетудегі ролі.
Жұмыссыздық- әлеуметті-экономикалық құбылыс, ол экономикалық белсенді тұрғындар бөлігінің еңбек нарығында қажетсіздігімен негізделеді.
Жұмыссыздық нысандары
Фрикционды жұмыссыздық бұрыңғы жұмыс орындарын тастаған адамдар қозғалыс үстінде болуымен, жаңа жұмыс орнына көшуімен негізделеді, ол еңбек нарығының техникалық қызмет етуіндегі дәрменсіздіктен пайда болады, жұмыс орындары туралы ақпараттың жеткіліксіздігімен және басқа техникалық себептермен негізделеді.
Құрылымдық қандай да бір материалды ресурстың жеткіліксіздігімен байланысты, жасына, ұлтына, біліктілігіне және қандай да бір жекелік сипаттарға байланысты жұмысты таба алмау. Еңбек бөлінісінің жылдам өзгермелі жағдайында ұсыныс құрылымы еңбекке сұраныстың құрылымына сәйкес келмеуі мүмкін.
Технологиялық адамдарды машинамен айырбастаудың нәтижесінде пайда болады. Әсіресе, ол ҒТП жоғары табыс деңгейімен үйлесетін елдерде қатты байқалады. Осындай үйлесім жұмыс күшін азайтуды экономикалық тиімді етеді де, оны тұрақты құбылысқа айналдырады.
Институционалды құқықтық нормалардан туындайды, еңбек нарығының қалпымен, оның ұсынысымен сұранысына әсер ететін факторлармен (мысал, жоғары әлеуметтік төлемдер, кепілденген минималды еңбек ақының артуы).
Ерікті еңбекке жарамды тұрғындар арасында жұмыс істегісі келмейтін тұрғындардың болуымен негізделеді.
Жасырын жұмыссыздық өндірісте артық жұмысшылардың болуымен негізделеді (ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, мемлекеттік аппаратта).
Циклдік ЖІӨ көлемінің ауықуымен байланысты. Өндірісте мерзімді құлдыраулар орын алады, сәйкесінше жұмысбастылық деңгейі де төмендейді. Жандану және өрлеу кездері жұмысбастылықты арттырады.
Жұмыссыздар – еңбек жасындағы жұмысы, табыс көзі жоқ азаматтар, олар жұмыс іздеп, оан кірісуге дайын.
Шынайы жұмыссыздыққа жойылмайтын, және де жұмыс күшінің ұзақ мерзімді тепе-теңдігіне сәйкес келетін жұмыссыздық түрлері жатады.
Жұмыссыздық эәне экономикалық өсу бір-бірімен өзаракері байланыспен байланысты. Егер шынайы ЖҰӨ өсу қарқыны артатын болса, жұмыссыздық азаяды. Оукен заңы жұмыссыздық номасымен шынайы ЖҰӨ өсу қарқыны арасындағы өзгерістерде байланысты келесі форомула бойынша:
Δ u = -0,4 (y – 2,5),
мұндағы y- шынайы ЖҰӨ өсу қарқыны (%);
