- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
- •5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- •Силлабус
- •Курстың қысқаша баяндалуы:
- •Пәннің тематикалық жоспары
- •7.1 Дәріс, семинар және соөж кестесі
- •7.2 Семинарлық тапсырмалар
- •7.3 Сөж тапсырмаларының тақырыптары
- •Баға қою саясаты
- •Студенттер білімін бағалау кестесі
- •9. Курс саясаты
- •10. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •10.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары
- •Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны
- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Лекциялық кешен
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) генерал өнері
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •7. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудің мәні, факторлары және әдістері
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) барлық жауаптар дұрыс
- •8. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері және методологиясы
- •А) генерал өнері
- •Е) дұрыс жауабы жоқ
- •Жұмыссыздық нормасы.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) еңбек нарығы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •А) дотация
- •А) орталық
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Д)дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны;
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Шоғырланудың бағыттары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •15. Мемлекеттің экономикалық қызметі мен қоғамның әлеуметтік дамуының өзара әрекеттесуі
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Глоссарий
Негізгі әдебиеттер:
1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.
2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.
3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.
4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юрист 2001г.
5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.
6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.
7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.
8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.
9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008
10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006
11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010
Тақырып бойынша сұрақтар
1.ЭМР-дi ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негiздерi мен транзиттi экономика жағдайындағы өзектi мәселелерi.
2. Қазақстан экономикасын орталық және жергiлiктi мемлекетiк басқару органдарының жүйесi және олардың реттеу сферасындағы функциалды мiндеттерi.
3. Кәсiпкерлiк пен бизнеске мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдас тырушылықты құқықтық жағынан қамтамасыз ету.
4. Экономиканы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру ерекшелiктерi нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Шығыс Европа елдерде; Оңтүстiк —Шығыс Азия елдерiнде; Европа-Азия аймақтарындағы (әсiресе бұрынғы КСРО республикаларындағы елдерде).
Тест Сұрақтар:
1.Орталық органға жатады:
А)табиғи ресурстар,ұлттық банк,қаржы,еңбек министрліктері;
B) облыс,аудан,қалалар;
С) холдинг,компаниялар,көлік коммуникациялар;
Д) құрылымдық заңдылықтар,макроэкономикалық көрсеткіштер;
Е) барлық жауап дұрыс;
2.Мемлекеттік бюджет бірнеше принціптерге бөлінеді:
А) бірлік,ақиқаттық,ашықтық;
В) тікелей,жанама;
С) неоклассикалық,Фридменнің ережесі,Кейнс теориясы;
Д) дағдарыстық,агроөнеркәсіптік;
Е) барлығы дұрыс;
3.Жұмыс күшін тауар ретінде сату және сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі
А) еңбек нарығы
В) Кейнс теориясы
С) индикативтік
Д) жұмысбастылық
Е) Фридменнің ережесі
4.Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясаты 2 типте болады:
А) рэкстрикциялық және экспанциялық
В) неоклассикалық және Фридменнің ақша ережесі
С) республикалық және жергілікті
Д) ерікті және еркін
Е) тікелей және жанама
5.Болжау әдістері жалпы түрде бөлінеді
А) интутивті және формальді
В) жүйелік және ақпараттық
С) болжау және жоспарлау
Д) жеке және ұжымдық
Е) барлығы дұрыс емес
4-тақырып ЭМР-дің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстан жағдайында қолдану мәселелері
Дәрістің мақсаты:
Нарықтық экономикасы дамыған елдер эволюциялық сипатта. Дамыған капиталистік елдерде экономиканы басқару салааралық принципке негізделген: Франция, Швеция, Жапония, Германия елдерінде жасалған салааралық бағдарламалар экономиканың негізгі салаларын толықтай қамтиды.
Жоспар
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің эмр тәжірибелері
Шаруашылықтарын нарықтық қатынастар арқылы жүргізуге көшкен кейбір елдердің эмр жолдары, әдістері
Негізгі түсініктер
Нарықтық механизм
Мемлекет иелігінен алу
Монетарлы саясат
І. Батыс елдері өз шаруашылықтарын нарықтық құрылымдар арқылы
150-200ж. бойы жүргізуде. Оларда нарықтық тетік әбден қалыптасқан, ал экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері жетілдірілген. Қазақстанның жағдайына келетін болсақ, Қазақстан басқа елдерден геосаяси, табиғи, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, этно-мәдени және т.б. сипаттарымен ерекшеленеді. Қазақстан ұлттық экономиканы құру және әкімшілік-әміршіл жүйеден нарықтық жүйеге көшу барысында. Қазіргі кезде дәл осындай үлгіні табу өте қиын. Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару жүйесіндегі өзгерістер көбіне дәлелденбей жүргізілуде.
Нарықтық экономикасы дамыған елдер эволюциялық сипатта.
Дамыған капиталистік елдерде экономиканы басқару салааралық принципке негізделген: Франция, Швеция, Жапония, Германия елдерінде жасалған салааралық бағдарламалар экономиканың негізгі салаларын толықтай қамтиды.
Франция мен Жапонияда ағымдағы және орта мерзімді жоспарлаудың ғылыми- әдістемелік және ұйымдастыру мәселелерін арнаулы мемлекеттік органдар шешеді.
Францияда бұл қызметті орындайтын жоспарлаудың бас комитеті, ал Жапонияда экономиканы жоспарлау басқармасы және территориялық кешенді дамыту департаменті.
Германияда бәсекелестікті және нарықты қорғауға мемлекеттің монополияға қарсы іс-әрекеті және оның нарықтағы өз билігін жүргізуші кәсіпорын өзара келісіп бірігуіне тыйым салу туралы бақылау қызметін күшейтуге құрастырылатын жасалынатын жоспарларда және бағдарламаларда әлеуметтік іс-қимылдарды, қызметтерді кеңейтуге көп көңіл бөлді. Әртүрлі елдердегі тәжірибелерді қарастыра келе олардың мынадай тиімді жақтарын атап кетуге болады:
әрқашан болашақты алдын ала ойлайтын басқарушыларды мадақтау және сыйақы беру;
мемлекеттің және шаруашылық субъектілердің қолданатын шараларын үйлестіру;
іс-әрекеттердің көрсеткіштерін олардың орындалуын бақылау;
кенеттен болатын өзгеріске дайын болу;
барлық жауапты қызметкерлердің міндеттерін өзара байланыстыру.
ІІ. Шаруашылықтарын нарықтық қатынас арқылы жүргізуге көшкен елдердің іс-әрекеттерінің жалпы бағыттары төмендегідей:
меншікті мемлект иелігінен алу;
әртүрлі меншіктерге негізделген шаруашылық әрекеттерінің дамуына жағдай жасау;
мемлекеттік ірі кәсіпорындарды шағын кәсіпорынға айналдыру;
монополияға қарсы іс-әрекетті күшейту;
нарықтық механизмнің іс-қимылын ерекшелігін ескере отырып экономиканы басқару органдарының құрылымын жетілдіру.
Қандайда болмасын деңгейде қабылданған шаруашылық шешімдерді қаржымен қамтамасыз ету процесінде бәсекелестіктің элементтері пайда болу үшін қаржы банк жүйелерінде реформа жүргізу. Елдің экспорттық әлеуетін кеңейту. Бәсекеге қабілеті бар кәсіпорындарға қолдау жасау. Шетелдік инвестицияларды тарту және біріккен кәсіпорындардың іс-әрекеттерін ынталандыру үшін саяси, құқықтық жағдайларын жасау.
Ұлттық валютаның басқа валютаға алмастыру қабілетін қамтамасыз ету.
Австрияда шағын және орташа кәсіпорындарды құру шаралары және ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылық деңгейге көтеру жаңадан ұйымдастырылған шағын және орташа кәсіпорындарды қаржылық демеп, жеңілдікпен қолайлы несие беру, сонымен қатар, оларға салық салудың қолайлы тәртібін қолдану арқылы ынталандыру шараларын жүргізеді. Экспорт пен импорттың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.
Польшада өте қатаң мониторлы саясатты жүргізу қаржылық демеу, бағаны босату, материалдық, шикізат, ресурстарын және дайын өнімді ортадан тартудан бас тарту, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үрдістерін қолдану сияқты шаралар жасалады.
Венгрияда кәсіпорындарды банкротқа жатқызу тетігі икемді тәртіппен жұмыс жасайды, яғни кәсіпорындарды банкротқа жатқызу әр уақытта және міндетті түрде оларды жабуға апарады.
