Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭМР для студентов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Экономика және бизнес факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

«Экономиканы мемлекеттік реттеу»

ПӘНІНЕН

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

мамандығының

студенттеріне арналған

Силлабус

Барлығы - 6кредит

Курс - 3

Семестр – 5,6

Дәріс - 60 сағат

Семинар - 30 сағат

СОӨЖ - 60 сағат

СӨЖ - 120

Барлығы - 270 сағат

Бақылау түрі - емтихан

АСТАНА 2011

Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (силлабус) 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына арналған «Экономиканы мемлекеттік реттеу» типтік бағдарламасы негізінде құрылған.

Жұмыс бағдарламасы «Менеджмент» кафедрасының отырысында бекітілген

«____» _______________ 2011ж. хаттама №______

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.д., профессор Д.М.Турекулова

Жұмыс бағдарламасы университеттің әдістемелік кеңесімен бекітілген

«____» __________2011ж. хаттама №____

Төраға

Оқу ісі жөніндегі проректор,

ф.ғ.д., профессор Т.К. Бөрібаев

    1. Оқытушы: «Менеджмент» кафедрасының профессоры,э.ғ.д.О.Т. Төлемісов тел. 37-39-05 (внутр. 111)

    1. Пәні: «Экономиканы мемлекеттік реттеу» 3 курс, 6 кредит

    1. Пәнді оқу орны және уақыты: 5,6 семестр, ҚазЭҚХСУ, Астана қ., Жұбанов көшесі 7

    1. Курс пререквизиттрі: Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі, реттеу құралдары саясаттары, ақша-несие жүйесі, өтпелі кезеңдегі экономиканың жалпы сипаттамасы, экономикалық өсу. Негізгі факторлар және оны қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік әдістер, болжау мен жоспарлау туралы білу.

    1. Курс постреквизиттері: Берілген курстың мақсаты теоиялық және практикалық материалдар, заңды және құқықтық құжаттар негізінде студенттерді басқарудың теориялық және практикалық аспектілері аумағында оқыту, басқару ғылымының мақсаты мен әдістері пәнімен таныстыру.

    1. Курстың қысқаша баяндалуы:

Мақсаты: Экономиканы мемлекеттік реттеуді білу студенттерді жоғары біліктілікке алып келеді. Пәнді оқудың негізгі мақсаты- студенттерде экономиканы мемлекеттік ұйымдастыру мен оның әдістемесін, теориялық негіздерін, тетіктерін, тәсілдері мен мәнін терең біліп, олардың нақты тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қолдану туралы білім жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылысының мен оның әкiмшiлiк-территориялық бөлiнуi. Қазақстан Республикасы Конституциясы аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттiк саясаттың қалыптасуы және оны жүзеге асыру әдiстерi.

Шағын және орташа депрессивтi қалалардың; әлеуметтiк артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз етудегi мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi мён ұйымдастыру құрылымы.

Аймақтық дамудың концепциясы мен мемлекеттiк бағдарламасын жасақтаудың рөлi және олардың қажеттілiгін аңықтау. Өндiргiш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпымемлекеттiк мүдделердi үйлестiру негіздерi. Жергiліктi шаруашылық пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару. Жергiлiктi мемлекеттiк баскару жүйесi. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізгі, мағынасы мен тиiмділiгі.

Курстың міндеті болып:

  • мемлекеттік реттеудің теориялық негізін;

  • дәрістерді дұрыс меңгеруді;

  • оқулықтарды, ғылыми әдебиетті, периодикалық басылымдарды пайдалануды;

  • мемлекет экономикасына сипаттама беруді.