- •1Бұлшық ет талшықтарының құрылымдық ерекшеліктері.
- •3.Нерв талшықтарының жіктелуі. А,в,с типті нерв талшықтары.
- •4.Синаптикалық берілістің химиялық жолы.
- •5.Конвергенция және иррадация құбылыстары.
- •6.Нерв орталықтарындағы Ухтомскийдің доминанта принципі.
- •7.Реципрокты тежелу.
- •13.Андрогендер мен эстрогендердің организмдегі физиологиялық маңызы.
- •14.Адреналиннің организмдегі маңызы, оның негізгі функционалдық әсерлері.
- •15.Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
- •16.Глюкоза организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
- •18.Организмдегі су балансы. Минералдық алмасу, оның организм маңызы.
- •19.Температуралық гомеостаз.
- •21.Көздің сәуле сындырғыш орталарынан сәуле қалай өтеді? Рефракция, аккомодация құбылыстары, олардың кемістіктері.
- •22. Жарық пен түсті қабылдауды сипаттаңыз, олардың қарапайым бұзылыстары.
- •23.Фоторецепция механизмы (торлы қабаттадағы фотохимиялық процестер).
16.Глюкоза организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
Ішектен қанға сіңірілген глюкоза, бауырға келіп жиналады да, одан глюкоген синтезделеді. Бауырдағы гликоген көмірсу қоры болып табылады. Организмге глюкоген мөлшері қажет болса, бауырдағы гликоген ыдырап, глюкоза қанға өтеді. Нәтижесінде қандан глюкоза деңгейі салыстырмалы түрде бір деңгейде болады.
Гликогеннің организмдегі 1-2% бұлшықеттерде жинақталады. Бұлшық еттегі гликоген мөлшері тамақ қабылдаған кезде ұлғайып, ашыққанда азаяды. Бұлшық етке физикалық күш түс-кенде фосфорилаза ферментінің көмегімен гликогеннің жылдам ыдырап, бұлшық ет жиырылуына энергия көзі болып табылады.
Тканьдердің глюкозаны сіңіруі әртүрлі: ми қандағы глюко-заның 12% , ішек 9%, бұлшықет 7%, бүйректер 5% сіңіріп алады. Организмде көмірсулардың ыдырауы оттегісіз (анаэробты гликолиз) жүріп, сүт қышқылына дейін ыдырайды, көмірсу-лардың оттегі талап ететін ыдырауы нәтижесінде СО2 және Н2О пайда болады.
17.Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылығы.
Липидтер организмде пластикалық және энергиялық қызметтер атқарады. Пластикалық қызметі дегеніміз – клетка мембранасының құрамына еніп, оның қасиетін анықтайды. Энергиялық қызметі өте жоғары: көмірсу мен белоктардың ыдырауынан пайда болған энергия, майдың жылу өндірудегі энергиясынан екі есе аз бола-ды. Организмдегі майлардың көбі майлы тканьдерде кездеседі: тері астындағы майлы қабатта, ішкі мүшелердің сыртында (бүйректе), бауырда және бұлшықеттерде. Организмнің жалпы майының мөлшері, оның массасының 10-20% құрайды, патологиялық семіздікте 50% дейін баруы мүмкін. Қордағы майдың көлемі организмнің тамақтануына, қабылдаған астың сапасы мен мөл-шеріне, конституциясына, бұлшық еттің қаншалықты күш жұмса-ғанына, жынысына, жасына тәуелді.
18.Организмдегі су балансы. Минералдық алмасу, оның организм маңызы.
Адам тағаммен тәулігіне 750мл жуық су, ал ішімдіктермен таза суды 630мл жуық қабылдайды. 320 мл су белоктар, көмірсулар және майлардың тотығуында пайда болады. Тері мен альвеолалардан булану арқылы 80мл су шығарылады. 800мл су бүйрек арқылы, 100мл су нәжіспен сыртқа шығарылады. Осы сандарды қосу арқылы біздің суға деген тәуліктік мұқтажымыз 1000мл жуық болатынын анықталды. Гипоталамустың шөлдегенге жауап беретін орталығының тітіркенуіне байланысты организмнің суға деген талабы анықталады. Сумен бірге организмге минералды тұздардың келіп түсуі өте қажет. Әсіресе натрий, калий, кальций.
19.Температуралық гомеостаз.
Организмдегі жылудың ендірілуі органдар мен тканьдердегі зат алмасу карқынына байланысты, кейбір органдар мен тканьдерде зат алмасу процесі ете жоғары жылдамдықпен жүреді, ал адам денесінің кейбір аймақтарында жылу өндіру төмендеу жүреді. Қаркынды зат алмасу процесінде пайда болған жылуды периферияға тасымалдау канның атқаратын кызметі. Қан адам организмін түгел аралап, жылуды периферияға, шеткі аймақтарға тасымалдайды.Осы механизмнің нәтижесінде дене температурасы бір деңгейде сақталып тұрады. Дененің сыртқы тканьдерінің канмен қамта.масыз етілуінің бәсендеуі немесе жоғарылауына байланысты денснің сырткы бөлімінін жылынуы немесе суынуы, яғни адам денесінің температуралық гомеостазы сақталады.Зат алмасу процесінде түзілген жылудың организмде таралуы келесі механизммен түсіндіріледі. Егер коршаған орта температурасы төмендесе, дененің тері тамырлары тарылып, артерия – веналық анастомоздар іске қосылып, ішкі мүшелердің қантамырлары босаңсып, олардың қантамырларындағы қан көлемі артады. Яғни жылудың жинакталуы немесе кумуляциясы пайда болады да, денеден жылудың берілуі төмендейді. Ал егер қоршаған орта температурасы жоғарыласа, тері астында орналасқан тамырлар кенейіп,тері астындағы кантамырлардағы кан көлемі артады, артерия – веналық анастамоздар жабылып, ішкі мүшелердің кан тамырлары тарылып, жылудың денеден бөлінуі артады.
20.Термореттеу орталығы, термореттеу орталығының кұрылымдық ерекшеліктері.
Жылу алмасудын орталығы немесе термореттеу орталығы гипоталамустың преоптикалық аймағы мен артқы гипоталамуста орналасқан.
Осы термореттеу орталығында өздерінін аткаратын кызметтеріне байланысты нерв клеткаларынын бірнеше тобы орналасқан –термосезімтал клеткалар; организмнін дене температурасын бір деңгейде ұстап түруын қамтамасыз етуші клеткалар – термореттеудің белгілеу нүктесі – алдыңғы гипоталамуста орналасқан; эффекторлы нейрондар организмдегі жылу өндіру және жылу бөлу процестерін басқарушы нейрондар, артқы гипоталамуста орналасқан.Термосезімтал нерв клеткалары ми аркылы ағьш өтетін артерлялық қандағы температураны тікелей анықтай алады. Бұл клеткалар 0,011°С температуралық айырмашылыққа дейін ажырата алады. Бұл жерге ақпарат афферентті жолмен тері терморецепторларынан, ішкі мүшелердің термосезімтал нерв клеткаларынан, жұлыннан және дененін басқа белімдерінен де гипоталамустың преоптикалық аймағына келеді. Осы келіп түскен акпаратты анализ және талдау жасау аркылы кан және
перифериядағы тканьдердін температурасы анықталып, адам дене
температурасының орташа көрсеткіші айқындалады.Дене температурасының анықталғаны туралы ақпарат гипоталамустың нерв клеткаларына – белгілеу нүктесіне келіп түседі.Белгілеу нүктесінің реттегіш механизмдері келіп түскен ақпаратты сараптау және талдау аркылы, артқы гипоталамустың эффекторлы нейрондары арқылы жылу өндіру немесе жылу белу процестеріне әсер етеді. Термореттеу орталығы аркьглы жылу өндіру мен жылу болу процестерінің тепе-тендігі іске қосылып, дененің температурасы арнайы бір деңгейде тұрақталады. Сонымен қатар термореттеуде ацетилхолин мен норадреналиннің де манызы зор. Норадреналин меднаторы акпараттын афферентті жолмен баруын қамтамасыз етеді, ацетилхолин медиаторы мен норадреналин медиаторы жылу өндіру мен жылу бөлінудің эффекторлы механизмдерін қамтамасыз етеді. Белгілеу нүктесін анықтау механизмінде ацетилхолин медиаторы мен гипоталамустағы натрий, кальций иондарының концентрациясының ара-қатынасының маңызы зор.
