Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurdeli_emtikhan_s_1201_ra_1179_tar_zhauaptary....docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.7 Кб
Скачать

4.Синаптикалық берілістің химиялық жолы.

Нерв және Бұлшық ет талшықтары арасында қозу өтетін электр импульсы жүзеге асырды. Нерв талшықтарынан Бұлшық етке импульсты өткізу басқа механизммен жүреді. Ол нерв ұштарынан бөлінетін химиялық қосылыс – медиатор арқылы жүреді. Адамдарда қаңқа Бұлшық етінде медиатор ролін ацетилхолин атқарады. Қозғалтқыш нервті тітіркендіретін олардың ұшынан ацетилхолин бөлінеді. Ацетилхолин Бұлшық ет талшығының мембранасын деполяри-зациялап қозудың таралуын және Бұлшықеттің қысқаруын жүзеге асырады.

5.Конвергенция және иррадация құбылыстары.

Қозудың ОЖЖ-де өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да синапс құрады, яғни бір нейрон аксонның серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Бұл құбылыс дивергенция деп аталады. Егер де бұл құбылыс тежелумен тоқтатылып тұрмаған болса, дивергенцияның арқасында ОЖЖ-нің нақты координациялық жұмысы болмаған болар еді. Бірақ тежелу процестері дивергенцияны бөгеп, басқару процесстерінің нақты ьолуын қамтамасыз етеді. Егер де тежелу процесі алынып тасталса, онда ОЖЖ-нің іс-әрекетінде жаппай дискоординация байқалар еді.

Бұған қарама-қарсы құбылыс – конвергенция , яғни бірнеше нейроннан келіп түскен серпіністердің бір немесе ағзаның нейронда жиналуы. Мысалы, –созу арқылы тері рецепторларын тітіркендіру арқылы бұлшық еттің жиырылуын алуға болады.

6.Нерв орталықтарындағы Ухтомскийдің доминанта принципі.

7.Реципрокты тежелу.

Индукция есебінен пайда болған тежелуді Ч. Шеррингтон реципроктық тежелу деп атаған. Реципроктық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалатын қимыл рефлекстері тумайды.Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.Осыған орай дем алған сәтте дем сығарылмайды,ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды,бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды т.б.

Көпке дейін реципроктық тежелудің пацда болу механизмі белгісіз еді. Д.Ж.Эклс жұлын орталықтарында кездесетін бір мезгілді индукцияның реншоу клеткалары тәрізді аралық тежелу клеткаларының қатысы мен туатыны анықтайды.Мысалы: бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты қоздырумен қатар қызметі қарама қарсы орталықты аралық тежеуші нейрондарды да сол сәтте қоздыру арқылы тежейтінін көрсетеді

8.Гуморальдық реттеу механизмнің әсер етуінің жалпы схемасы.

Жүрек бұлшықеттері өзінің тамырлары арқылы және өзі ардылы өтетін қан тамырларына деген жоғары сезімталдыққа Жүректің функционалды күйіне әсерететін гуморальді факторларға

• гормондар (адреналин, тироксин және т.б.);

• иондар (калий, кальций, натрий және т.б.);

• метаболизм азығы (сүтті және көмір қышқылды және т.б.);

• қан температурасы.

Адреналин жүрекбұлшықетіне жағымды хроно және ионотропты эффект көрсетеді. Оның кардиомиоциттердің бета-адренорецепторлармен әрекеттесуі белсенделмеген фосфарилазаны белсендететін циклдік АМФ түзілуін тездететін, жасушаішілік аденилациклаза ферментінің белсенділігіне алып келеді. Жасуша ішілік гликогенді глюкоза түзе ыдырататын фосфарилаза миокардты қуатпен қамтамасыз етеді. Глюкагон жүрекке дәл осылай әсер етеді.

Қалқанша без гормоны-тироксин – айқын байқалатын, жағымды хронотропты эффектіге ие және симпатикалық әсерге жүректің сезімталдығын күшейтеді.

Жүрекке жағымды инотропты эффектіні кортикостероидтар, ангиотензин, серотонин көрсетеді.

Калия ионының жетіспеушілігі жүрек қызметіне кері әсерін, ино-, хроно-, батмо- и дромотропты эффектіні көрсетеді. Сыртқы ортадағы калий концентрациясының артуы ПД тыныштық (калий концентрациясының градиенті төмендеу нәтижесінде), қозғыштық, өткізгіштік және ұзақтылық потенциалының өмендеуіне әкеледі. Калий концентрациясының көп артуы сино артериалды түйін ритм жүргізушісінің қызметін атқаруын тоқтатады да, диастола кезіндегі жүректің тоқтауына алып келеді. Калий иондары концентрациясының төмендеуі автоматия орталықтары қозғыштығының артуына алып келеді, бұл жүрек жиырылу ритмінің бұзылысына себеп болады.

9.Аденогипофиздің троптық гормондарына жалпы сипаттама.

10Нейрогипофиздің гормондары, физиологиялық маңызына сипаттама.

11.Қалқанша бездің йодты гормондары, маңызы. Тиреокальцитонин гормоны. Паратгормонның организмдегі маңызы.

12.Минералокортикоидтар, олардың организмдегі маңызы. Глюкокортикоиттардың физиологиялық әсерлері.

МКС бүйрекүсті безінің түйірлі зонасынан пайда болады. Бүл топқа альдостерон мен дезоксикортикостерон жатады.

МКС-дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен түздардың алмасуына ықпалы жатады. Бүл бүйрек тканінде тер және сілекей бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелер аппаратыньщ дистальды бөлімінде натрийдің кері сіңуін альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Мүндай әсерге байланысты Na, Сl иондары организмде жинадып, оларға сай организмде судың осмос эквиваленттік саны жиналады. Бүған қоса альдостеронның әсерінен К, сутек, аммоний организмнен шығарылады. Альдостерон Са мен магнийдің сыртқа шығарылуын күшейтеді. Демек, альдостеронның натрийдің тасымалданынуына әсерінің механизмі әлі күнге дейін толық анықталмай жатыр. Кейбір болжамдарға қарағанда альдостерон «натрий тартқышының» энергиясын қамтамасыз етеді. Мүндай қабілет клетканың ішінде АТФ-тың пайда болуын күшейтуге байланысты болуы мүмкін деген болжамдар бар. Альдостеронның Ca мен магний иондары алмасуының әсеріне байланысты оның тағы да бір физиологиялық ықпалы анықталып отыр. Бүл Na мен Сl иондарының ықпалына байланысты пайда болатын түрлі сүйықтардағы осмостық қысымының әсерінен туатын тамырлардағы қан көлемі мен клетка ішіндегі және клеткааралық сүйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері.

Глюкокортикоидтардың физиологиялық әсерлері.ГКК-тар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бүл топқа кортизон , гидрокортизон және кортикостерон жатады. ГКС-дың физиологиялық әсері:

ГКК зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболикалық процестерді күшейтеді. Мүндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тканьдерінің клеткалары нысана-клетка ролінде болады. Тканьдерде ГКК-дың әсерінен бір қатар ферменттердің белсенділігі күшейеді.

ГКК-дың белоктық алмасуына әсері: а) барлық тканьдерде, әсіресе ет тканінде белоктың ьщырауы күшейеді. ГКК-дың зат алмасуына ықпалынан диафрагма мен жүрек еттері резистентті болады тіпті кортизонның әсерінен жүрек етінің салмағы да артады; ә) қандағы аминқышқылдар мен несептегі азоттың мөлшері көбейеді (теріс азот балансы байқалады); б) бауырдың мочевина түзеуқызметі артады; в) аталған әсерлерге байланысты, әсіресе белок алмасу өзгеруінен организмнің салмағы азайып, өсуі кідіреді.

ГКК-дың майдың алмасуына әсерінен тканьдегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.

ГКК көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, глюкоген азаймайды.

ГКК-дың әсерінен бауырдан басқа барлық ағзалардың клетка мембраналарының глюкозаны өткізу қабілеті төмендейді. Ал бауырда глюкоза мен амин қышқылдарына клеткалардың өткізгіштігі аздап артады.

ГКК-дың қабынуға, аллергияға қарсы түру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. Олардың мүндай қабілеттері клетка мембранасының өткізгіштігін төмендетуіне, клеткалардан және басқа қүрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антиденелердің түзілуін төмендетуге, антиген мен антидене реакциясын тежеуіне, дәнекер тканьдерде коллаген мен мукополисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]