Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurdeli_emtikhan_s_1201_ra_1179_tar_zhauaptary....docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.7 Кб
Скачать

Курделі емтихан сұрақтар

1Бұлшық ет талшықтарының құрылымдық ерекшеліктері.

Миофибриллярлы аппараттың кұрылымы алғаш рет. А. Хансон мен Г.Хаксли мен талданған еді.Әpбip миофибриллада күңгірт және ақшыл түсті көлденең дискілері бар. Ол дискілердің бірдей емес сәуле сындырғыш қасиеті бар Әp6ip миофибрилланы агранулярлы эндоплазматикалық торша –саркоплазматикалық торшалардың ілмектері бiр –бipiмeн анастомоз құрып, қоршап жатады. Көршілес саркомерлер бәріне бірдей ортақ шекаралық құрылым-Z – сызықтары бар. Бұл –Z- сызығы а-актинин деген үлкен маңызы бар белокты фибриллярлы молекулалар торшаларынан құрылған.

Анизатропты А- дискі миозин жіпшелерінен, ал J- дискі (изотропты) протомиозин діңгегімен қоршалған актин жіпшесінен құралған. Мембрана J –дискісі арқылы өтіп, әр бip жіпшелерді бip-бipiмeн байланыстырады. А-дискісінің ортасында ақшыл келген Н- сызығы бар. Ал J –дискісінің ортасында күңгірт келген Z- сызығы бар. Осы сызық өте нәзік мембрана болып табылады, онын саңылауларынан миофибриллалар тесіп өтеді.

2Бұлшық ет жиырылуының механизмі.

Бұлшық етгің жиырылу механизмі өте күрделі, сондықтан оны түсіндіру мақсатында бірнеше теория ұсынылған. Олардың алғашқысы — актомиозиндік теория. 1939 жылы В.А.Энгельгардт пен М.Н.Любимова миозин белогына АТФ-ті ыдырататын АТФ-аза ферметінің қасиетгері тән екенін анықтаған, сондықтан АТФ әсерімен миозин жіптері қысқарып, ет жиырылады. Кейінірек Венгрия ғалымы А.Сцент-Дьорди ет талшығының қүрамында екінші — актин белогының болатынын аныктаған. Бұл белок миозинмен қосылып актомиозин кешенін түзеді. Актомиозиннің ферменггік белсенділігі миозиннен 10 есе артық болады. Бұл теорияға сәйкес актомиозин АТФ-ті ыдыратып, бөлінген қуат есебінен өзі жиырылады

Т®ӘП® мембрана беткейімен тарайды®саркоплазмалық ретикулум маңызды қызмет атқарады. Саркопла құрылысы мысалы:- көлденен орналасқан.Тамыр түтіктері цистерналар. Бір көлдеңінен тамырлар түтіктер оның екі жағындағы екі ретткулум цистернасының түйскен жері үш элементтен тұратын триада құрастырады . триада әрбір миофибрилланы қоршайды. Цистериада Са+ иондары жинақталады.

®ӘП тамыр түтік арқылы бұлшықет талшығының терңдігіне жетеді® цистериадан Са² + ионына өтімділігі жоғарлайды® тропомиозин комплекс ыдырап®М+А®АМ комплекс құрастырылады® А М көпіршігіне оралып, М бойымен сырғып жылжиды( тісті көнгелек эффекті)® АМ жікшелерінің арасына еңгендіктен саркомер (І дисклері жойылады) қысқарады немесе миофибрилл жиырылуы пайда болады® жиырылу Са- насосының, АТФ қатысумен өтеді® саркоплазмада бос Са²+ иондар мөлшері төмендейді® АМ ыдырайды® М+ троконин = трокомиозин комплекс® А орнына келеді® миофибрилл ұзарады® бұлшықет (ідискі пайджа болады).

3.Нерв талшықтарының жіктелуі. А,в,с типті нерв талшықтары.

Қозудың жүйкеден өту жылдамдығы миелин қабығының бар жоқтығына байланысты. Миелинді жүйкелерде қозу бір Ранвье үзілісінен екінші үзілісіне секіріп өтетін болғандықтан ол тез өтеді. Екі Ранвье үзілісінің аралық ұзындығы жүйкенің диаметріне байланысты. Жуан жүйкелерде олар бір-бірінен алшақ орналасады. Сондықтан жуан жүйкелерде қозу тез өтеді. Қозу процесінің өту жылдамдығы «шың» және із потенциалдарының ұзақтығына кері байланысты. Неғұрлым «шың» және із потенциалдары ұзақ болса, солғұрлым қозу жай өткізіледі. Қозуды өткізу жылдамдығы талшықтың қозғыш қасиетіне де байланысты; осы айтылған себептерге орай жүйке талшықтары үш топқа бөлінеді. А –жүйке талшықтары тобының өзі Аа, Ав, Ау және А болып төртке бөлінеді. А тобына миелинді, жуандығы 12-22 мкм, қозғалтқыш жүйкелер жатады. Бұлардың қозуды өткізу жылдамдығы секундіне 70-120м. Ал Ав, Ау, А талшықтары миелинді сезгіш талшықтар. Бұлар Аа –ға қарағанда жіңішкелеу диаметрі 12 мкм-ден төмен. Жүйке неғұрлым жіңішке болса, солғұрлым ол қозуды жай өткізеді. Ав талшықтың диаметрі 8-12 мкм, ал өткізу жылдамдығы секундіне 40-70м. Ау талшығы А –дан жіңішке, диам 4-8 мкм, осыған орай серпіністі жай өткізеді. 15-40 м/с. А –талшығының жуандығы 1-4 мкм, қозуды жай өткізеді, секундіне 5-15 метрден аспайды.

«В» және «С» типті талшықтар вегетативтік жүйкелер. В – ганглийге дейінгі, ал С – ганглийден кейінгі талшықтар. С – типті ағзадағы ең жіңішке нерв талшықтары. Бұлар қозуды өте жай секундіне 0,5-3м жылдамдықпен өткізеді. Мұнымен бірге сомалық жүйкелердің вегетативтік жүйкелерге, миелинді жүйкенің миелинсіз жүйкеге, ал қозғалтқыш жүйкенің сезгіш жүйкеге қарағанда қозғыштық қасиеті жоғары болады. Қозғыш жүйкелер қозғыштық қасиеті төмен жүйкелерден кері қозу процесін тезірек өткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]