- •1. Қазақстан қорықтары мен саябақтары туралы әңгімелеңіз.
- •2. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •3. «Ж.Аймауытов шығармалары» тақырыбы туралы әңгімелеңіз
- •4. «Қазақстандағы білім жүйесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •5. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •6. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •7. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •8. «М.Әуезов -cуреткер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •9. «Адам және табиғат егіз» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •10. «Қазақстанның экологиясы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •12. «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •14. «Қазақстандықтардың ғылыми жаңалығы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •15. «Университет - білім ордасы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •16. «Қазақстанның басты байлығы – дарынды жастар» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •17. «Кемел көшбасшы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. (5 вопрос)
- •18. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(6 вопрос)
- •19. «Тәуелсіз Қазақстанның дамуы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •21. «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •22. «Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •23 «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(12 вопрос)
- •24 «Ғылым – инновациялық экономиканың негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •25 «Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
17. «Кемел көшбасшы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. (5 вопрос)
Басшы – белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлық жатады. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай-ақ ол – бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады.
Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.
Кез-келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті де маңызды рөл атқарады, яғни лидерлік қажет. Лидерлер өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс. Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет. Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты. Басшы үшін оқу аса қажет, кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу...
Басшылықта табысқа қол жеткізу үшін тек басшының жемісті еңбегі жеткіліксіз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлермен бірге жетістікке жете алады. Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты. Басшы болу үшін алдымен қабілет керек. Басшының ең бірінші өзіне деген сенімі мықты болуы тиіс. Жемісті еңбек үшін бұл өте маңызды. Өзіне деген сенім басшының жұмысына сергектік пен жылдамдық қосады. Басшы өзін өзі жақсы тануы тиіс. Кемшіліктері мен жақсы әдеттерін біліп, орынды қолданғаны жөн. Мұнан соң басшы өзгелерді тануы керек. Қызметкерлерін жіті қадағалап, жиі пікір алмасып отыруы тиіс. Жүйелі түрде қызметкерлерді бақылау жұмыс барысына үлкен әсерін тигізеді. Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаған дұрыс.
Табыс пен жетістіктің бірден бір шарты – еңбек тәртібін сақтау. Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Өткен уақытты кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан еңбек уақытын реттеуге мән берілуі тиіс.
Басшы өзіне арнайы уақыт бөліп, қызметтегі күйзелістерден құтылу үшін спортпен айналысқаны, көңіл көтеру шараларын жүзеге асырғаны дұрыс. Рух пен тән саулығы – жемісті еңбектің бірден-бір шарты. Басшы дамулар мен жаңалықтардан міндетті түрде хабардар болып отыруы тиіс. Сөйлеу мәдениеті жоғары, тілді жақсы меңгеруі тиіс.
18. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(6 вопрос)
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы елге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия мен Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз – Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенеміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп – қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс. Сөйтіп, кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады.
Ендеше, Қазақстандық Барыстың бойында дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс. Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы)
