Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ КАЗ ЯЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать

4. «Қазақстандағы білім жүйесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист-философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құрылып, ары қарай даму үстінде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында.

Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Олай болса, еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту- заман талабы.

5. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Басшы – белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші. Жан-жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс. Ол не? Мұның негізінде еңбекқорлық жатады. Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай-ақ ол – бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады.

Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым-қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.

Кез-келген басқару ісінде жұмысты ғана біліп қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті де маңызды рөл атқарады, яғни лидерлік қажет. Лидерлер өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс. Жауапкершілік және өзгелермен кеңесу де басшы үшін ауадай қажет. Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты. Басшы үшін оқу аса қажет, кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу...

Басшылықта табысқа қол жеткізу үшін тек басшының жемісті еңбегі жеткіліксіз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлермен бірге жетістікке жете алады. Топтың табысты еңбек етуі де басшыға байланысты. Басшы болу үшін алдымен қабілет керек. Басшының ең бірінші өзіне деген сенімі мықты болуы тиіс. Жемісті еңбек үшін бұл өте маңызды. Өзіне деген сенім басшының жұмысына сергектік пен жылдамдық қосады. Басшы өзін өзі жақсы тануы тиіс. Кемшіліктері мен жақсы әдеттерін біліп, орынды қолданғаны жөн. Мұнан соң басшы өзгелерді тануы керек. Қызметкерлерін жіті қадағалап, жиі пікір алмасып отыруы тиіс. Жүйелі түрде қызметкерлерді бақылау жұмыс барысына үлкен әсерін тигізеді. Табысты жұмыскерлерді марапаттауды да естен шығармаған дұрыс.

Табыс пен жетістіктің бірден бір шарты – еңбек тәртібін сақтау. Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Өткен уақытты кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан еңбек уақытын реттеуге мән берілуі тиіс.

Басшы өзіне арнайы уақыт бөліп, қызметтегі күйзелістерден құтылу үшін спортпен айналысқаны, көңіл көтеру шараларын жүзеге асырғаны дұрыс. Рух пен тән саулығы – жемісті еңбектің бірден-бір шарты. Басшы дамулар мен жаңалықтардан міндетті түрде хабардар болып отыруы тиіс. Сөйлеу мәдениеті жоғары, тілді жақсы меңгеруі тиіс.