Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ КАЗ ЯЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.86 Кб
Скачать

1. Қазақстан қорықтары мен саябақтары туралы әңгімелеңіз.

Қазақстан территориясының әртүрлі географиялық ендіктерде болуы - оның табиғи аймақтарының да алуандығын қалыптастырады. Соған орай, біздің елімізде табиғатты қорғаудағы бағыттардың бірі - табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтар ұйымдастырумен байланысты. Табиғи қорықтар - бұл белгілі бір географиялық үлкен аймақты қамтитын территория болса, ал ұлттық саябақтар ұйымдастыруда оның географиялық ерекшеліктерімен бірге тарихи маңызы, мемлекет үшін ерекше рөлі ескеріледі.

Еліміздегі табиғи қорықтардың негізгілері ретінде Ақсу - Жабағылы, Наурызым, Қорғалжын, Үстірт, Қатонқарағай сияқты ірілерін атауға болады. Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде,Арқада, Маңғыстауда, Алтайда орналасқан бұл қорықтар жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесі жағынан ерекшеленеді. Айталық, бүкіл Еуразия құрлығында қызыл қоқиқаз Қорғалжындағы, үстірт арқары Маңғыстаудағы, бұғының ерекше түрі Алтайдағы қорықтарда ғана кездеседі екен. Жалпы, бұл қорықтарды мекендейтін және қамқорлыққа алынған жануарлардың көбі халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Ұлытау, Бурабай, Медеу, Қарқаралы сияқты ұлттық саябақтар өзіндік флора мен фаунасы жағынан ерекшеленуімен бірге қазақстандықтардың және шетелдіктердің демалыс орындары ретінде бағаланады. Ұлттық саябақтар, әдетте, табиғаты әсем, туристер үшін тартымды аймақтарда ұйымдастырылып, еліміздің табиғаты мен мәдениетін көрсетуге мүмкіндік туғызаы.

2. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Туған еліміз Қазақстанның табиғаты өзінің алуандығымен ерекшеленеді. Еуразияның дәл ортасында орналасқан қазақ жерінде таулы аймақ та, шөлейттер де, кең алқапты жазықтар да, құнарлы аймақтар да, ну ормандар да бар. Сондықтан еліміздің сан түкпірін аралаған адам алуан табиғи көрікті ендіктерге жолығып, таңқалар еді. Адамзат бесігі болған таулы Алтай, Жоңғар және Іле

Алатаулары тізбектеліп жатқан жер жаннаты Жетісу, Маңғыстаудың аспан астындағы мұражайы іспетті кескіндері, байырғы Сарыарқа, әлемдегі ең сапалы бидай тұқымы өсетін Қостанай өңірі, Бурабай орманы - баршасы туған жеріміздің көркін жарастырған өңірлер. Табиғаттың әртүрлі белдеулерінде орналасқан бұл көрікті жерлердің адамға да әсері әртүрлі болмақ. Алтайға барсаңыз мәңгі жасыл флора аясында бұғы мен маралдың әсем мүсіндерін тамашаласаңыз, Жетісуда таудан тасып аққан бұлақтар мен өзендерді жағалайсыз, ал Сарыарқаға барсаңыз көкжиегі шексіз дала қиялыңызды шарықтатады. Сөйтіп, бірнеше мемлекеттен табатын табиғаттың алуан көркін бір Қазақстанның ішінен табасыз. Бұл көрікті аймақтардың бастапқы табиғи қалпын сақтау үшін біздің елімізде ірі тоғыз қорық ұйымдастырылған. Бұл қорықтар сол көрікті өңірлердің флорасы мен фаунасын қорғайды.

3. «Ж.Аймауытов шығармалары» тақырыбы туралы әңгімелеңіз

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – қазақтың көрнекті жазушысы, драматургы және аудармашы, сыншы. Туып өскен жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Ол жастайынан араб¬ша хат танып, оқып үйренген. Алаш қозғалысына қатысып, Семейде «Абай» журналын М.Әуезовпен бірге шығарады.

Қаламгер шығармаларындағы кейіпкерлердің жан сұлулығы бірнеше қырынан көрінеді. Біріншіден, жазушы шығармаларындағы кейіпкерлердің адалдығы мен ақкөңілдігі, екіншіден, оларды бейнелеудегі автордың эстетикалық позициясы, үшіншіден, кейіпкерлердің қоғамның әділетсіздігіне төзбеуі, онымен күресуі, яғни кейіпкерлер бойындағы жігер мен білімнен аңғарылады. Мысалы, «Әнші» әңгімесінде жазушы Әмірқан бейнесі. Әмірқанның прототипі – ұлы әнші Әміре Қашаубаев.

Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығын оның «Психология» оқулығынан оқимыз. Мұнда қаламгер жан, тәрбие, ілтипат, қиял, адамгершілік, әлеуметшілдік сияқты адамның ішкі әсемдігін сипаттайды. Оның ойынша, жан сұлулығы адамның осындай көптеген әрекеттерінен, мінезінен өрістейді де, адамның әсемдік әлемін қалыптастырады.

Ол өзінің В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н. Толстойдан аудармаларында кейіпкерлердің ішкі әлемін қазақ тілінің бай лексикасын қолданып, жоғары эстетикалық деңгейде аударған. Сонымен бірге, қазақ әдебиеті туралы жазған сын еңбектерінде өзі талдаған туындылардағы кейіпкерлердің жан сұлулығына ерекше мән берген.

«Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» және тағы да басқа туындыларында Аймауытов кейіпкерлері өздерінің ішкі жан дүниесінің терең суреттелуімен көрінеді.