Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом 3.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.27 Кб
Скачать

Сурет 3.3 Ұсыныс қисығы

Ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты ұсыныс қисығы өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде ұсыныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің бағасы өскенде ұсыныс көлемі де өседі немесе баға төмендегенде ұсыныс көлемі қысқарады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, ресурстардың бағасы төмендесе, онда ұсыныс кеңейіп қисық оңға жылжиды немесе ресурстардың бағасы өссе, онда ұсыныс төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ, біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден көруге болады.

P a) P ә)

Q Q

Сурет 3.4 Ұсыныс қисығының өзгеруі

Сонымен, ұсынысқа бағалық фактор әсер еткенде ұсыныс көлемі өзгереді, бағалық емес факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгереді. Сондықтанда, ұсыныс көлемінің өзгеруі мен ұсыныстың өзгеруін шатастырмау қажет.

3.3 Нарықтық тепе-теңдік. Артықшылық және тапшылық

Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылардың ортақ мүдделерінің келістірілуі нарықтық тепе-теңдіктің орнауына алып келеді.

Нарықтық тепе-теңдік – берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлем қажет. Тепе-теңдік баға – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Тепе-теңдік көлем – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі.

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерлесуін сипаттайтын нарықтық тепе-теңдікті төмендегі сурет сипаттайды.

Р D S

Е

PE

QE Q

Сурет 3.5 Нарықтық тепе-теңдік

Суреттен көріп отырғанымыздай, Е нүктесінде нарықтық тепе-теңдік орнайды. Мұндағы, PE – тепе-теңдік баға, ал QE – тепе-теңдік көлем болып табылады. Нарықтық тепе-теңдік кезінде экономикалық субъектілер өз мақсаттарына жетеді, сатып алушылар да, сатушылар да ұтады, яғни тұтынушы өз қажеттіліктерін толық қанағаттандырады, ал фирмалар пайдасын мейлінше арттырады.

Алайда, нарық әрдайым өзінің тепе-теңдік жағдайынан ауытқып отырады, бұл қазіргі тәжірибеде нарықтық тепе-теңдіктің әрқашанда орындала бермейтіндігін білдіреді. Нарықтық тепе-теңдіктің ауыт-қуының екі түрі орын алады:

1. Артықшылық – нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.

2. Тапшылық – нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен артып кетуі.

Осыларды төмендегі сурет арқылы сипаттауға болады.

Р D артықшылық S

Р1

Е

PE

P2

тапшылық

QE Q